русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Лекция 9


Дата додавання: 2014-11-28; переглядів: 1119.


Сorel Draw векторлық редакторының ерекшеліктері.

Corel Corparation канадалық фирмасының векторлық графикалық редакторы Corel Draw кең мүмкіндіктерінің, дайын көріністердің үлкен қоры, қуатты оқыту жүйесінің, құрастырушының дұрыс маркетингтік саясаттың арқасында кең таралды. Corel Draw редакторының кейбір құралдары басқа векторлық редакторда жоқ, сонысымен де ол ерекше. Corel Draw интерфейсінің күрделілігі туралы пікірде ешқандай негіз жоқ - бағдарлама қолданушыға графиканы редакторлеудің және құрудың қолайлы және түсінікті құралдарын ұсынады.

Corel DRAW –суретші дизайнердің текстерді, логотиптерді, кітап және журнал мұқабаларын, этикеткаларды және ол сияқты көптеген нәрселерді әшекейлеуге керекті құралы. Қарапайым контурды суреттерден бастап бояулары әр түрлі таңқаларлық иллюстрацияларға дейін және көлемді эффектілерді де салуға мүмкіндік береді. Мұнда векторлық графика қолданған.WORDредакторындағыдай емес, суреттерді үлкейтскенде өзінің бастапқы қасиетін жоғалтпайды.

Corel Draw редакторының Corel PhotoPaint растрлық графикасы өңдеу пакетімен және Corel Vertun Publisher бағдарламасымен жақын интеграциялануы электронды және полиграфиялық публикациялардың аяқталған жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Негізінен Corel Draw интерфейсі Windows операциялық жүйесінің қолданбалары үшін «де факто» стандартына айналған дәстүрде орындалған. Яғни бағдарлама терезесі стандартты элементерден тұрады: тақырып жолы, сәйкесінше батырмалары, меню жолы, қалып-күй жолы, құрал саймандар панелі, басқа да панелдер және т.с. алайда Corel Draw интерфейсінің басқа бағдарламалардан өз ерекшеліктері бар.

Біріншіден интерфейс кофигурациясы, Adobe Illustrator және Macromedia Free Hand сияқты атақты графикалық пакеттер тәрізді бапталады. Яғни, бұл редактормен жұмыс үйренген қолданушы Corel Draw бағдарламасына өткенде өзіне таныс интерфейстің ортасында қала алады.

Екіншіден сегізінші нұсқадан бастап басқару элементінің ерекше типі пайда болды- Dockers немесе қиылысу палитралары. Бұл палитралар жұмыс аймағының бір шетінен немесе бір-біріне тышқанмен сүйреу арқылы «жабысу» қасиетіне ие. Палитра терезесінде жабу және орау батырмалары бар. Қиылысу батырмаларының қолайлылығы, оларды орау кезінде жұмыс аймағының өлшемі автоматты түрде өзгереді, сондықтан қолданушыға басқа бағдарламалардағыдай сурет көрінісі қолмен масштабтау қажет емес.

Сондай-ақ Property Bar (қасиеттер панелі) ерекше интерактивті қасиеттері бар. Оның басқару элементтерінің құрамы таңдалынған нысанның типіне тәуелді өзгеріп отырады. Мәтінді таңдау кезінде қасиеттер панелінде мәтін қасиеттерін басқару элементтері, сызықты таңдасаңыз- сызық қасиеттерін басқару элементеріпайда болады.

Бояудың, контурдың параметрлерін және нысанның басқа да қасиеттерін интерактивті басқару құралдарымен қасиеттер панелі тығыз байланысты.


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Лекция 8 | Corel Draw параметрлерін баптау.


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн