русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Лекция 8


Дата додавання: 2014-11-28; переглядів: 1481.


Векторлық редактор Adobe illustrator. Құрал-

саймандар панелі, басқару элементтері.

Adobe Illustrator редакторы жаңадан үйренушілерге қолайлы себебі, заңды орысша нұсқасы бар, әрі түсінікті, қарапайым интерфейсі және дамыған функционалды мүмкіндіктері көп. Adobe Illustrator программасының негізгі басқару элементтері меню жолында, құрал – саймандар панелінде, құралдар палитрасында жинақталған.

           
 
 
 
 
 
 

           
   
 
 
   
 
 
 
 

 

 


 

 

Сурет 2. Adobe Illustrator векторлық редакторының жұмыс терезесі

Құрал-саймандар панелі біз алдында қарастырған Adobe Photoshop программасындағыдай орындалған және оған белгішелердің бес тобы кіреді. Бірінші топ нысандарды ерекшелеуге арналған құралдарды біріктіреді. Ерекшелеу құралы нысанды оның контурына шерту арқылы тұтас немесе нысанның айналасында жақтау орнату арқылы ерекшелеуге рұқсат етеді. Бөлшектеп ерекшелеу құралы контурдың бөлігін, мысалы бір сегментін ерекшелейді. SHIFT пернесін басып тұру арқылы бұл құралмен бірнеше нысанды ерекшелеуге болады.

Сурет салуға Эллипс, Тіктөртбұрыш (Прямоугольник), Қарындаш, Қауырсын (Перо), Мәтін (Текст), Қайшы құралдары арналған. Қарындаш құралымен еркінше алынған формалы (түйіндерді автоматты түрде қою арқылы) контурды салады. Қауырсын құралы түзу сызықты және қисық сызықты сегменттердің түйіндерін пайдаланушының өзінің көрсетуі арқылы салуға арналған негізгі құрал. Мәтін құралы мәтіндік нысандарды құруға рұқсат етеді. Ал Қайшы құралы нысанды бір-біріне тәуелсіз сегменттерге кеседі.

Үшінші топтың құралдары әртүрлі өзгерту операцияларын орындайды. Бұл операциялардың қызметі өз аттарынан-ақ түсінікті – Айналым (Поворот), Еңкейту (Наклон), Айна (Зеркало), Өлшем (Размер).

Келесі топқа Өзгерту (Превращение) және Диаграмма құралдары кіреді. Өзгерту нысандарды трансформациялауға арналған альтернативті құралдарды ашады. Транформация деп объектілердің бір формадан екінші формаға, транформация барысында пайда болған аралық нысандарды сақтай отырып өзгеруін айтамыз. Диаграмма құралы әртүрлі түрдегі диаграммаларды тұрғызуға арналған альтернативті құралдар тобын ашады.

Соңғы топ көрсетуді басқаратын құралдарды (Машстаб, Қол, Сызғыш) біріктіреді, түсті үлгі бойынша таңдау (Пипетка), контурларды бояу (Бояу, Градиент). Тұйықталған және ашық контурларды да бояуға болады (бұл осы программаның ерекшелігі). Құрал – саймандар панелінің соңғы бөлігіндегі басқару элементтері Adobe Photoshop программасындағы панельмен сай келеді.

Adobe Illustrator векторлық редакторы он үш құралдар палитрасын қолданады. Олардың ортақ қасиеттері және бейнені басқару әдістері Adobe Photoshop программасындағы құралдармен сәйкес келеді. Сондықтан олардың тек ерекшеліктеріне ғана тоқталайық.

Сегіз палитра графикамен жұмыс істеуге арналған – Сызық, Синтез, Каталог, Градиент, Транформациялау, Түзету, Атрибуттар, Қабаттар.

Төрт палитра мәтіндік нысандармен жұмыс істеуге арналған – Символ, Абзац, ММ-дизайн, Табуляция сызғышы.

Инфо палитрасы нысандардың барлық типтерімен жұмыс істеуге арналған.

Сызық палитрасы контурлардың қасиеттерін белгілеуге арналған. Қалыңдық (Толщина) өрісі сызықтың бөлігіндегі қалыңдығын белгілейді (бір бөлік 0,353мм-ге тең). Соңы (Концы) параметрі контурдың соңғы түйіндерінкөркемдейді, ал Түйісу (Стыки) параметрі аралық түйіндердің қасиеттеріне әсер етеді. Түйіндердің түрлеріне байланысты (тегіс немесе бұрыштық) контурдың сегменттерінің жанасуы әртүрлі өтеді. Тегіс тіреу нүктелері жанама сызықтарының сәйкес келуінен қисық сызықтардың аралығында жай өтуді қамтамасыз етеді, ал бұрыштық тіреу нүктелері бұл талапты орындамайды. Қалың сызықтардың сүйір бұрыш жасап түйісу аймағы сызықтың қалыңдығынан асып кетуі мүмкін. Кесу параметрі мәндерді береді, ал ол мәндерді асырып жіберсе түйісуді кесіп кетеді. Сызықтың түрін Штрих және Зазор өрістерінде Пунктирлі жалаушасын қою арқылы анықтайды.

Атрибуттар палитрасы нысандарға қосымша атрибуттарды қосуға арналған – мәтіндік ескретпелер, интернет нысанына гиперсілтеме.

Тегістеу палитрасын ерекшеленген нысандардың бір-біріне немесе құжат бетіне қатысты тегістеуге немесе бөлуге қолданады.

ММ-дизайзн палитрасында белгілі бір аралықта символдарды өзгертуге арналған Multipe Master қаріптерді басқару құралдары бар.

Бақылау сұрақтары.

1. Adobe Illustrator программасының негізгі басқару элементтері қай жерде жинақталған?

2. Adobe Illustrator және Adobe Photoshop программаларының ұқсастығы?

3. Тегістеу палитрасының қызметі?

4. Adobe Illustrator векторлық редакторында неше құралдар палитрасы қолданылады?


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Лекция 7 | Лекция 9


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн