русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Duplicate командасы


Дата додавання: 2014-11-28; переглядів: 1037.


Image> Duplicate (Изображение>Дублировать) командасы кескінді оның барлық қабаттарымен, қабат маскілерімен көшірмелеп, олар жайлы ақпаратты жадыға жүктейді. Файл көшірмесі File>Save (Файл>Сохранить) командасы орындалмайынша дискіге сақталынбайды. Duplicate Дублировать командасының артықшылығы бастапқы (түпнұсқа) файлды бүлдірмей-ақ оның көшірмесіне әртүрлі әдіс-тәсілдері қолданып көруге болатындығында. Дегенмен файл көшірмесін қолдануда сақ болу керек, себебі программа тоқтап қалса немесе жүйеде қандай да бір ақау пайда болса, онда сіз жадыдағы барлық мәліметті кескін көшірмесімен бірге жоғалтасыз!

Navigator (Навигатция) палитрасындағы көру аймағы шекарасының түсін өзгерту үшін палитра менюінен Palette Options (Опции палитры) элементін таңдаңыз сонан соң Color (Цвет) қалқыма менюінен немесе тышқанды басу арқылы түсті таңдап, сонан соң Color Picker терезесінен қажетті өңді таңдаңыз.

Көру масштабын Zoom құралының көмегімен өзгерту

1. Zoom (Масштаб) құралын таңдаңыз немесе Z клавишін басыңыз.

2. Көру масштабын өзгерткенде терезе көлемі өзгермес үшін опция панелінен Resize Windows to Fit (Изменять размер окон для погонки) жалаушасын алып тастаңыз. Ignore Palettes (Игнорировать палитры) жалаушасын қою кескінді бүкіл экранға ашуға мүмкіндік береді. Кескінді ұлғайту үшін кескін терезесін басыңыз немесе ұлғайтқыңыз келген аймақ айналасын жақтаумен (рамкамен) қоршаңыз.

Көру масштабын өзгертуге арналған «жедел» клавиштер

Әрекет «Жедел» клавиштер
(Терезе көлемін өзгертпестен) ұлғайту Ctrl+ «плюс»
(Терезе көлемін өзгертпестен) кішірейту Ctrl+ «минус»
(Тереземен бірге) ұлғайту Ctrl+Alt+ «плюс»
(Тереземен бірге) кішірейту Ctrl+Alt+ «минус»
Actual Pixels режимі Ctrl+Alt+0
Экран көлеміне сәйкес ашу Ctrl+0

 

Көру масштабын кішірейту үшін кескін терезесін Alt клавишін басып тұрып шертіңіз.

Кескіннің шынайы (нақты) көлемін көру үшін опция панеліндегі Actual Pixels (Реальный размер) кнопкасын басыңыз.

Ескерту. Экрандағы кескін көлемі шынайы көлемге, (нақты) баспаға шыққан көлемге тек масштаб 100 тең болғанда және кескін мен мониторкөрсетілімдері (разрешения) сәйкес болғанда ғана бірдей болады.

Егер сіз кескінің тұтас яғни кескін/программа терезесінде толық ашылғанын көргіңіз келсе, онда опция панеліндегі Fit On Screen (Подогнать по размеру экрана) кнопкасын басыңыз немесе Ctrl+0 клавиштер комбинациясын пайдаланыңыз.

Кескінді баспаға шыққандағыдай көлемімен көру үшін опция панеліндегі Print Size (Размер при печати) кнопкасын басыңыз.

Ескерту. Кескінді басқа құрал екпінді болғанда немесе сұқбат терезесі ашық тұрғанда алдын ала көру мүмкіндігімен ұлғайту үшін Ctrl пробел клавиштерінің комбинациясын басып тұрып тышқанды қатар басып жылжытыңыз. Alt пробел клавиштері басылғанда тышқанды қатар басу арқылы масштабты кішірейтуге болады. Көру масштабын өзгерткенде «жедел» клавиштер көмегімен терезе көлемін де автоматты түрде өзгерту үшін Edit>Preferences General (Правка>Установки>Общие) терезесінде Keyboard Zoom Resizes Windows-қа (Изменение размеров окна с клавиатуры) жалауша қойыңыз.

Ескерту. Егер сізге бұл ұнамаса өзге баяу вариантты пайдалануға болады. Ол үшіп View>Zoom in Zoom оп (Вид>Увеличить или Уменьшить) командасын таңдау арқылы көру масштабын өзгеріпесіз.

Терезеде ұлғайтылған кескінді жылжыту

Егер жылжыту жолақтары солғын болса, онда кескін толық көрсетіліп тұрғаны және де бұл жерде оны жылжытудың ешбір қажеті жоқ.

Кескінді терезеде жылжыту үшін, тышқанды оның жақтауынан тыс жерге басыңыз немесе Navigator (Навигатция) палитрасында орналастырыңыз. Сондай-ақ кескні терезесінде орналасқан жылжыту жолақтарының жоғары/төмен бағытталған бағыттауыштарын (спектрларын) басыңыз. Кескінді жылдам жылжыту үшін жылжыту жолағының сырғымалы көрсеткішін сырғытыңыз.

Кескінді жылжытудың тағы бір тәсілі Hand (Рука) құралын белсендендіріп, курсорды кескін терезесіне алып барыңыз.

Ескерту. Қосымшыдан терезедегі кескінді жылжытуға арналған «жедел» клавиштер жайлы ақпаратты табыңыздар.

Экранда кескінді көрсету режимдердін өзгерту

Экранда кескін, менюлер панелі, палитралар мен жылжыту жолағы болу үшін құралдар панелінің сол жақ төменгі бұрышында орналасқан Standard screen mode (Стандартный экран) кнопкасын немесе F клавишін басыңыз. Бұл Photoshop программасының әдеттегі режимді болып табылады.

Егер Full screen mode with menu bar (Полноэкранный режим с панелью меню) кнопкасын немесе F клавишін басыңыз, кескін жылжыту жолағынсыз тұтас экранда көрінеді, бірақ бұл жағдайда менюлер панелі мен палитралар өзгеріссіз қалады. Кескін айналасындағы аймақ сұр түске боялады. Бұл кескінді анық көрудің тамаша тәсілі десе де болады.

Құралдар панелінің төменгі оң жақ бұрышындағы Full screen mode (Полноэкранный режим) кнопкасын немесе F клавишін басыңыз кескін тұтас экранға шығады, бұл жағдайда палитралар көрінгенімен менюлер қатары мен жылжыту жолағы көрінбейді. Кескін айналасы айқын-қара түске түрленеді.

Ескерту. Құралдар панелі мен кез-келген ашық палитраларды көрсетіп/жасыру үшін Tab клавишін басыңыз. Не болмаса құралдар панелін ашық қалдырып, тек палитраларды ғана көрсетіп/жасыру үшін Shift Tab клавиштерінің комбинациясын басыңыз.

Ескерту. Егер жылжыту жолағы жасырылған болса. Н клавишін басқанда белсендірілетін Hand құралының немесе Navigator (Навигатция)палитрасының көмегімен ұлғайтылған кескінді жылжытуға болады. өзге құрал белсенді болып тұрған уақытта (жағдайда) Hand (рука) құралын пайдалану үшін пробел клавишін басып-ұстаңыз.

Бір кескінді екі терезеде өзгерту

Бір уақытта ашық тұратын кескіндер снаы оперативті жады көлемі мен диск кеңістігіне байланысты. Бір ғана кескінді біруақытта жалғыз, сондай-ақ екі терезеде ашуға болады: бірі кескіннің ұсақ-түйектерін редакторлеуге арналған үлкен масштабы болса, мысалы 400%, екіншісі – кескінді тұтас көруге арналған кіші 100% масштабта болады. Немесе кескінді бір терезеде RGB режимде қалдыратын болсақ, ал енді дәл осы кескін үшін басқа терезеде өзге түстік кеңістік View>Proof Setup>Working CMYK (Вид>Установки пробного отпечатка>Рабочий CMYK) таңдайсыз. Бұл жағдайда History палитрасы екі терезе үшін де бірегей қызмет атқарады.

1. Кескін ашық тұрған кезде View менюінің New View (Вид>Новый вид) командасын таңдаңыз. Осы әрекеттен кейін тура сол кескін өзге терезеден шығады.

2. Қалауыңызға қарай. Екі терезенің тақырып жолы арқылы тасымалдай аласыз және/немесе кез келгенің көлемін өзгерте аласыз.

Жұмыс аймағының түсін өзгерту

Жұмыс аймағының түсі барлық ашық тұрған кескіндер үшін бірегей. Оны өзгерту үшін төменде келтірілген нұсқауларды қараңыз.

Егер қажет болса жұмыс аймағының бір бөлігі көрінетіндей етіп кескін терезесін ұлғайтып алыңыз.

Негізгі (қажетті) түсті таңдаңыз. G клавишін немесе Shift+G клавиштерінің комбинациясын басып белсендендіру арқылы Paint Bucketқұралын пайдаланыңыз. Shift клавишін басып тұрып жақтауды шертіңіз. Бұл амалды қайыруға болмайды. Үнсіз келісім бойынша тұрған сұр түсті қайтадан қалпына келтіру үшін, негізгі түс ретінде Сolor (Цвет) палитрасынан 20%-дық сұр түсті таңдаңыз да, Shift клавишін басып тұрып жақтауды қайта шертіңіз.


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
С К А Н Е Р Л Е У | Кескінді жабу


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн