русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Паскаль программалау тілі


Дата додавання: 2014-11-27; переглядів: 3119.


Ответственный за выпуск А. А. Юшкова

 

 

Подписано в печать 5.12. 2011 г. Тираж 150 экз.

 

 

Отпечатано ВКИ НГУ, Заказ №

630058, Новосибирск, ул. Русская, 35

Паскаль программалау тілі

Программалау дегенді біз бүгінгі күннің, ғылым мен техникадағы прогресстің туындысы деп санаймыз. Бірақ ол дұрыс емес. XIX ғасырда алғашқы есептеу қүрылғылары пайда болғаны бслгілі, сол ксзден бастап есептеу программаларды құрудың қажеттілігі туындады. Бірінші болып осы мөселені шешкен Ада Лавлейс болып саналады, ол Чарльз Бэббидждің есептеуіш машинасында жүмыс істейтін программаны құрған. Ал бірақ нағыз программалау тілдері өрине элсктрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) ғасырында пайда болды.


Ең бірінші программалау тілі болып Short Code (1949) саналады. ХХғ 50-ші жылдарында пайда болған жоғары деңгейдегі программалау тілдері болып ФОРТРАН, КОБОЛ және АЛГОЛ саналады. Фортран мен Кобол әлі күнге дейін пайдаланылады, ал Алгол болса бірталай тілдердің (олардың ішінде Паскаль тілі де бар) негізі болып табылады. Қазіргі уақытта программалау тілдерінің саны бірнеше жүзді құрайды. Осы тілдердің ішінде Паскаль тілінің орнын келесі суреттен көруге болады1.



 
 

1.-сурет. Паскаль тілінің құрылуыныд қысқаша тарихы

1970ж. программалау әлсмінде кемінде екі маңызды оқиға болды, олар: UNIX- операциялық жүйесінің және Паскаль атты жаңа программалау тілінің пайда болуы. Бүл тілді алғашқыда жалпы программалауды оқыту мақсатымен қүрастырған Швейцариядағы жоғарғы политехникалық мектебінің Информатика институтының директоры, профессор Никлаус Вирт (1968-197 Іжж). Жаңа программалау тіліне француз математигі, физигі және философы, көрнекті ғалым Блез Паскаль ( 1623-1662 ) есімі

берілді.

Кейіннен осы тілдің бірталай түрлері және толықтамалары пайда болды. Олардың ішінен кеңінен таралған BORLAND компаниясының ТигЬо Раscal-пакеті. Программа құрастырудың сапасымен жылдамдығын арттыру үшін 80-ші жылдардын ортасында Турбо Паскаль атты программалау жүйесі дүниеге келді. Турбо деген сөз Borland Іnternational.Іпс. (АҚІІІ) фирмасының сату таңбасының бейнеленуі.

Сонымен қатар ТигЬо Раscal тілі компыютерлік графиканы пайдалануға, дыбыспен жүмыс істеуге, жүйелік программалауға үлкен мүмкіндіктер береді.

Бұл тілдің программистер арасында кеңінен таралуына келесі себептер болды:

• Паскаль тілі өзінің икемді сипатталуына байланысты оқушылардың игеруіне өте оңай және жылдам.

• Алгоритмдердегі концепцияны программа түрінде бейнелеуге түрлі программалық құралдар мен мүмкіншіліктерін ұсынады.

• Программада пайдаланатын айнымалылардың алдын ала сипатталынуы, программа орындалмай тұрып компиляция кезеңіндс оның үйлесімділігін тексеру т.с.с. Паскаль-программаларының қасиеттері программаға деген "сенімділікті" арттырады.

• Паскальде қарапайым және икемді басқару құрылымдарының пайдаланылуы: сызықтық,
тармақталу, қайталану.

Паскаль тілін құрушысы Н.Вирттің айтуы бойынша: "..Паскаль тілінің тәжірибелік пайдалануы оның құндылығын әйгі етіп көрсетті: — бұл тілде программа түзудің өте оңай екендігін; программаның жұмысын жөнге салудағы икемділігін; көптегсн тәжірибелік мәселелердің шешімін тиімді жолдармсн табу үшін ұсынылатын Паскаль тілінің технологияларын, т.с.с...". Бүл тілді Н.Вирт біріншіден - программалауға жүйелік бапты енгізіп, автоматты түрде программа мен мәліметтердің бірлігін тексеру мақсатымен құрды, екіншіден - жаңа компьютерлік мәдениетті игерудегі оқу құралы ретінде.

Паскаль тілінің маңызды ерекшелігі болып бүл тілдегі оператор мен операндтың бір-бірімен байланысы, яғни кез келген оператор тек белгілі бір операндтар тобына төн болады. Бүл жерде операндтар деп операторлар арқылы түрлі өңдеуге түсетін бастапқы мөліметтерді айтамыз. Осының жалғасы - Паскаль тіліндегі мәліметтермен айнымалылардың типтеліну концепциясы болады. Типтеліну концепциясының мағынасы неде? Көптсген программалау тілдерінде операторлардың әрекеттеріне байланысты барлық бастапқы мәліметтер бірнеше класқа немесе типтсргс бөлінеді. Сондықтан тілдің барлық операторлары да өздеріне тән типті мәліметтермен жұмыс атқара алатын болады. Сонымен операторлар тобы мен операндтар тобы бір-бірімен нық байланысты болатын тіл элементтерін құрайды.

Трансляторлар.Паскаль тілінде жазылған программа компьютерге түсініксіз болғандықтан, оны машина тіліне аудару керек болады. Программалау тілінен машина кодтарына аудару процесі трансляция (translation- аудару) деп аталады, ал аудару арнайы трансляторлар деп аталатын программалар арқылы орындалады.

Трансляторлар үш түрлі болады, олар: интерпретаторлар, компиляторлар және ассемблерлер.

Интерпретатор деп берілген программаның әр операторын өңдеп, орындайтын трансляторды атайды.

Компилятор - берілген программаны толығымен машина тіліндегі модульге айландырып, оны компьютердің жадына жазып барып орындайды.

Ассемблерлер автокодтар (ассемблер) тілінде жазылған программаны машина тіліне түрлендіреді.

Кез-келгсн транслятор келесі мәселелерді қарастырады:

• Трансляция жасалып жатқан программаның синтаксистік қателерін тексереді, талдайды;

• Объекттік немесе қарапайым деп аталатын, компьютерге түсінікті болатын программаны жасайды;

Компыотерлік жадының тиімді пайдалануын қадағалап байқайды (программаның әр үзіндісіне, айнымалыларға, тұрақтыларға, массивтерге және де басқа объектілерге өздеріне тән болатын жадының бөліктерін белгілейді).

1.2. ТигЬо Раscal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану

Паскаль тілінде программа құрастыру келесі кезеңдерден тұрады: программаның текстін еңгізу және оны редакциялау, программаны трансляциялау, программаны орындаудағы кемшілігін түзету.

Әр кезеңде орындалатын әрекеттерге сай арнайы құралдар қолданылады, мысалға программаның текстін енгізу және оны редакциялауға - текстер редакторы, программаны трансляциялауға — компилятор, компьютер орындайтын программалық модульды құрастыратын үйлестіруші (Ііпкег), программаның орындалуын жөнгс салуда — түзетуші (debugger).

Турбо Паскаль программалау жүйесі интегралды (integration-бөлек-бөлек элементтерді біріктіру) программалау орта деп аталады, өйткені ол бұрын әр қайсысы өз бетінше бөлек жұмыс атқаратын құралдардың (текстік редактор, компилятор, үйлестіруші т.с.с.) мүмкіншіліктерін біріктіріп, программистерге тамаша сервистік мүмкіншіліктерді ұсынады.

Турбо Паскаль 6.0 және 7.0 интегралдық программалау ортасы келесі қолайлы ерекше мүмкіншіліктері бар:

• экранға бірінің үстіне бірі қабатталып ашылатын көптеген терезелерді пайдалану;

• менюді, диалогтық терезелерді, компьютерлік тышқанды қолдануы;

• көпфайлды редактор (көлемі 1Мбайтқа дейін болатын файлдарды редакциялауға мүмкіншілігі бар);

• программаның орындалуын жөнге салуда (түзеуде) кеңейтілген мүмкіншіліктер береді.

Турбо Паскаль пакетінің негізгі файлдары.Егер де Турбо Паскаль программалау жүйесі С: дискісінде С:\ВОRLAND\BP қондырылса, онда ...\ВР каталогында Турбо Паскаль программалау ортасының келесі негізгі файлдары орналасқан болады:

ТURВО.ЕХЕ — интегралдық программалау орта;

ТURВО.НLР- жедел жәрдем мәліметтерін сақтайтын файл;

ТURВО.ТР - жүйенің конфигурациясын сақтайтын файл;

ТURВО.ТРL - Турбо Паскальдің стандарттық модульдерінің кітапханасы.

Ал С:\ ВОRLAND\BP\BGI каталогында графикалық режимінде жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін GRAРН.ТРU графикалық процедуралар мсн функциялардан тұүратын модуль орналасуы тиіс.

Турбо Паскаль интегралдық программалау ортасын іске қосу.

Турбо Паскаль программалау ортасын іске қосу үшін ағымдық каталог Турбо Паскаль болуы керек немесе ТигЬо.ехекомандасы берілуі тиіс.

Осы әрекетті орындағаннан соң экранға бірнеше бөлімнен тұратын ТигЬо Раscal терезесі шығады (2-сурет).

 

2.-сурет. Турбо Паскаль 7.0 терезесі

Экранда программалау ортасының негізгі үш компоненті бейнеленіледі, олар: меню жолы - экранның жоғарғы жағы; терезе аумағы - экранның ортасы; статус жолы (программаның атқарып жатқан жұмысын көрсететін жол - статус деп аталады) - экранның төменгі жағы.

Меню жолы - менюдің барлық командаларын орындауға мүмкіндік береді. Негізгі жүйелік меню жолын F10функционалдық клавишы арқылы іске қосуға болады. Осы негізгі жүйелік менюдің нұсқаулары:

File Edit Search Run Compile Debug Tools Options Window Help

File -Файл нұсқаулары

Edit -Редакциялау нұсқаулары

Search -Іздеу нұсқаулары

Run -Программаны іске қосу

Compile -Компиляция

Debug -Программаның орындалуын түзеу

Tools -Құралдар

Options -Опциялар

Window -Терезелер

Help -Анықтамалар жүйесі

Экранның төменгі жағында функционалдық клавишалар арқылы орындалатын іс-әрекеттерді көрсететін ескерту жолы орналасқан.

[F1] Help [F2] Save [F3] Open Alt+F9 Compile [F9] Make Alt+[F10] Local Menu

Негізгі менюдің керекті нұсқауын таңдау үшін курсорды басқару клавишалары (←‚ ↑,→,↓) немесе тышқан арқылы жылжыту, ал нұсқаудың орындалуы үшін Enter клавишын басу керек.

Егер де меню нұсқауларының жазылуы (...) символдарымен аяқталса, онда бұл нұсқаудың таңдалуы диалогтық терезенің шақырылуына әкеледі. Егер де нұсқаудың жазылуы (►) символымен аяқталса, онда төмен деңгейдегі келесі меню ашылады. Ал нұсқаудың жазылуында (…) немесе (►) символдары пайдаланбаса, онда осы нұсқауға сәйкес бір әрекет орындалады.

Ал орындалып жатқан әрекетті тоқтату үшін Ctrl+Break клавишаларын бір мезгілде басу керек.

Турбо Паскаль программалау ортасында көріп, орындап отырғандарыңыздың бәрі де терезе аумағында орындалады десек те болады. Терезе деп - жылжытуға, мөлшерін өзгертуге, жабуға, ашуға болатын экранның жұмыс атқару аумағын айтады. Бұл орта көптеген терезелерді ашып жұмыс атқаруға мүмкіншілік береді, бірақ әр мезгілде тек қана бір тереземен ғана жұмыс істеуге болады - оны ағымдық деп айтамыз. Терезелердің бірнеше түрлері болады да олардың көпшілігі келесі элементтерден тұрады:

· жабу батырмасы;

· скролинг жолы;

· масштаб батырмасы;

· терезе нөмірі;

· терезенің мөлшерін өзгертетін бұрыш.

Бұл элементтерден терезеде орналасуын 2-суреттен көруге болады. Ағымдық терезенің нышандары: қос сызықпен қоршалған, әрқашанда жабу батырмасы, масштаб батырмасы және терезенің мөлшерін өзгертетін бұрышы болады.

 

1-кесте Жалпы «ыстық» клавишалар

Клавиша Меню элементі Функция
F1 Help Жәрдем терезесін экранға шақыру
F2 File/Save Ағымдық терезедегі файлды жадыға сақтау
F3 File/Open Файл ашу диалогтық терезесі шақырылады
F4 Run/Go to Cursor Курсор көрсетіп тұрған жолға дейін программаны орындау
F5 Window/Zoom Ағымдағы терезені масштабтау
F6 Window/Next Келесі ашық терезеге көшу
F7 Run/Trace Into Программаның орындалуын түзеу режіміне қосып процедуралардың орындалуын тексеру
F8 Run/Step Over Процедуралардың орындалуын тексермей-ақ программаны түзеу режіміне қосу
F9 Compile/Make Ағымдық терезедегі программаны компиляциялау
F10 (none) Меню жолына қайту

Статус жолында клавишалардың негізгі қисындасуы көрсетіледі және де статус жолы келесі функцияларды орындайды:

· әрекеттің ең тиімді орындалу жолын көрсетеді;

· қандай функция орындалып жатқаны туралы мәліметтерді көрсетеді, мысалы, егер де файлды компьютер жадынды сақталу орындалып жатса статус жолында келесі информация оқуға болады: «Saving file name...»;

· таңдалған команда немесе диалогтық терезе элементтері бойынша қысқаша нұсқаулар береді;

· ағымдық терезеде, осы мезгілде рұқсат етілген «ыстық» клавишалар туралы мәліметтер беріледі.

1.3. Паскаль тіліндегі программаны теру және оны редакциялау

Программаны теріп оны редакциядауды Турбо Паскаль программадау ортасындағы текстік редактор атты құрал арқылы орындауға болады.

Жаңа программаны жазу үшін File → Newкомандаларын орындау керек, содан соң осы программаны жазу үшін жаңа терезе ашылады. Терезенің жоғарғы жағында файлдың аты жазылуы тиіс, бірақ та сіз файлыңызға ерекше атау бермегенше, оның аты -NONAMEOO.PAS- деп аталады (қазақша аударғанда - атаусыз).

 

2-кесте. Меню командаларына қатынасы жоқ клавишалардың арнайы қисындасуы

Клавишалар Функциялар
Ctrl+K және R Дискідегі файлды курсормен көрсетілген позицияға енгізу
Ctrl+K және W Белгіленген блокты файлға жазу
Ctrl+K және кез келген цифр Көрсетілген цифрге сәкес номерлі маркер орнату
Ctrl+K және T Сөзді белгілеу
Ctrl+K және B Белгіленген блоктың басына өту
Ctrl+K және K Белгіленген блоктың соңына өту
Ctrl+Q және кез келген сан Нөмірлі маркермен белгіленген жерге өту
Ctrl+Q және A Іздеу және алмастыру
Ctrl+Q және P Алдыңғы позицияға көшу
Ctrl+Q және L Тізбекті қайта құру
Ctrl+Q және Y Белгіленген текстің соңын жою
Ctrl+Q және W Компиляцияның соңғы қатесі туралы жарнаманы қайталау
Ctrl+Q және [ Алға бағытталған қос жақшаны табу
Ctrl+Q және ] Артқа бағытталған қос жақшаны табу
Ctrl+Y Тізбекті жою
Ctrl+N Тізбекті еңгізу
Ctrl+Home (немесе Ctrl+End) Экранның басына (соңына)өту
Ctrl+PgUp Файлдың басына өту
Ctrl+PgDn Файлдың соңына өту
Shift+курсорды басқару клавишалары Блокты белгілеу

 

Программаның текстін терген кезде әр 10-20 минуттан кейін терілген программаны жадыда сақтап отыруды ұмытпаған жөн, өйткені әр түрлі ыңғайсыз жағдайлар тууы мүмкін.

Енді осы тексттік редактордың жүйелі Менюінің негізгі нұсқауларының орындалуын қарастырайық.

ЕгерEditкомандасының менюін ашып қарасақ, онда 3-суретте көрсетілген функциялардың тізімін көрсетуге болады.

Edit
Undo Alt+BkSp Redo
Cut Shift+Del Copy Ctrl+Ins Paste Shift+Ins Clear Ctrl+Del
Show clipboard

 

2-сурет Editкомандасының менюі

 

Editменюінің нұсқауларын орындау алдында редакциялауға арналған текст таңдалып, ол текст көзге түсерлік болып белгіленуі тиіс (жоғарыда аталған адамдардың бірімен).

Бұл тізімде көрсетілген нұсқаулар аса көп те емес және кедесі функциялардын тұрады:

  • алдыңғы орындалған әрекетті жою (Undo),
  • алдыңғы орындалған әрекетті қайта тұрғызу (Redo),
  • жойылған информацияны буферге орналастыру (Cut),
  • белгіленген информацияның көшірмесін буферге сақтау (Copy),
  • буфердегі информацияны экранда курсормен белгіленген орынға қою (Paste),
  • белгіленген информацияны жою (Clear).

Функциялардың оң жағында осы функциялармен байланысты клавишалар немесе олардың қисындасуы көрсетіледі.

Егер программаны редакциялау кезеңінде алдыңғы орындалған әрекеттерді қайтару керек болса, онда F10 клавишын, содан соң E (Edit) клавишын, содан соң U (Undo) клавишын басу (немесе Alt+Backspace) керек.

Соңғы Show clipboard функциясы буферде қандай информация бар екенін қарап шығуға мүмкіншілік береді.

Турбо Паскальдегі текстік редакторнының негізгі мүмкіншіліктері клавиатураны және арнаулы клавишалардың қисындасуын пайдалануымен байланысты, сондықтан осы қисындасулардың тізімін қарастырайық.

 

3-кесте. Редакциялауда пайдаланылатын «ыстық» клавишалар

 

Клавишалар Меню нұсқаулары Функциялары
Ctrl+Del Edit►Clear Белгіленген тексті жою
Ctrl+Ins Edit►Coрy Текстің көшірмесін буферге сақтау
Shift+Del Edit►Cut Текстің көшірмесін буферге жіберу
Shift+Ins Edit►Paste Буфердегі тексті терезеге көшіру
Ctrl+L Search►Search Again Соңғы Find немесе Replace нұсқауларын қайталайды
F2 File►Save Терезедегі файлды еске сақтау
F3 File►Open Файлда ашу

Редакциялаумен байланысты болатын негізгі жүйлі Менюдің келесі пункті - ол Search (іздеу нұсқасы).

Search
Find… Replace… Search again
Go To line number… Show last compiler error Find error… Find procedure…

4-сурет. Search нұсқауының менюі

 

Search нұсқауы бойынша орындалатын іс-әрекеттер:

Find - Іздеу

Replace - Алмастыру

Search again - Қайта іздестіру

Go To line number - Белгіленген нөмірге көшу

Show last compiler error - Соңғы компиляцияның қателерін көрсету

Find error - Қатені іздеу

Find procedure - Процедураны іздеу

 

Іздеу процедурасын орындау үшін алдымен ізделінетін текстің үзіндісін белгілеп алу керек (оны іздеу «үлгісі» дейді). Содан кейін бұл үлгіні Find немесе Fund/Replace нұсқауларында пайдалануға болады.

Өте маңызды жай: Tab және Tab+Shift клавишалары диалогтық терезе бойынша циклдық жылжуды (ілгері қарай - кейін қарай) ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, егер де Replace диалогтық терезесі ашық болса, алдымен іздеу үлгісін еңгізіңіз, сонан соң Enter клавишын баспай-ақ, тек Tab клавишын басып отырып іздеуді орындауға болады.

Run(іске қосу) менюі.Бұл меню нұсқаулары программаны іске қосу әрекетін және программаны «орындалуын түзеу» режиміне қосуға немесе бұл режимнен шығуға пайдаланылады.

Run
Step over F8 Trace into F7 Go To cursor F4 Program reset Ctrl+F2 Parametrs…

 

Runнұсқауы (немесе Ctrl+F9) программаны іске қосу үшін пайдаланылады.

Program reset(немесе Ctrl+F2) нұсқауы ағымдық программаның жөнге салуын тоқтатып, компьютер жадын сіздің программаңыздан босатып, барлық ашылған файлдарды жабады.

Go To cursor(немесе F4) нұсқауы ағымдық терезедегі программаның курсормен белгіленген позициясына дейін орындалуында пайдаланады.

Trace into(немесе F7) нұсқауы программаңыздың әр қадамы бойынша орындалуын көріп, тексеріп отыруға пайдаланады. Егер де программаның орындалуы процедура шақырылуына келіп тірелсе, онда процедураның да әр қадамының бөлек-бөлек орындалуын көруге болады.

Step over(немесе Ctrl+F9) нұсқауы программаңыздың әр қадамының орындалуын көрсетеді, бірақ процедураларға кірмейді, яғни процедураны бір қадаи деп санайды.

Программаны компиляциялау және компиляция қателерін іздеу, оларды жою.

Программаны теріп болғаннан соң оны дискіге жазу керек, содан соң компиляцияға кірісуге болады. Компиляцияны орындау үшін: File→Compile немесе Alt+F9 клавишаларын басу керек.

Compile
Compile Alt+F9 Make F9 Build
Destination Memory Primary file… Clear primary file
Information…

 

Сонымен қатар компиляция кезінде программадағы қателер туралы хабарламалар беріледі. Хабарлама терезенің жоғарғы жағында қызыл түспен белгіленіп, қатенің коды беріледі, ал курсор болса программада бірінші қате табылған жерді көрсетіп отырады. Ал егер программа дұрыс терілген болса, экранға компиляция ойдағыдай аяқталды деген хабарлама беріледі (5-сурет).

Хабарламада аталған қателерді жою үшін олардың синтаксисін (дұрыс жазылуын) анықтама жүйесінен көруге болады.

 

 

5.-сурет Компиляция нәтижесі туралы хабарлама

Турбо Паскаль программалау ортасының анықтама жүйесін пайдалану үшін F1 функционалдық клавишын, не болмаса бұл жүйенің толық түрін File→Help нұсқаулар арқылы шақыруға болады.

«Compile successful» деген хабарламаға жауап - «кез-келген клавишаны» - басуды білдіреді.

Егер де программаны атқарушы файл (кеңейтілуі .exe болса) ретінде магниттік дискіге жазу керек болса, онда Негізгі менюде Compile нұсқауының Destination(тағайындалған жер) опциясын таңдаңыз. Және де, егер Destinationопциясын оң жағында 6-суретте көрсетілгендей Memory(жады) сөзі көрініп тұрса (ол орындалатын программаның жадыда сақталатындығының белгісі), онда Enterклавишын басыңыз (сонымен тағайындалған жер өзгеріп, Disk - болады).

6-сурет. Compile менюінің пункттері (Destination опциясы Memory қалпында)

Сонан соң Compile нұсқауыныңменюінде Make (жинақтау) опциясын таңдап, немесе F9 клавишын басу керек. Бұл әрекеттер дискіде .exe файлы жасалуына әкеледі.

Егер де Destination опциясы Disk көрсетіп тұрса (ол орындалатын программаның жадыға .exe-файл түрінде жазылатының белгісі), онда менюдің осы пунктінің Make (жинақтау) опциясына өтіңіз.

Терілген программаны іске қосу және нәтижелерді тексеру.

Программадағы қателерді жойып болғаннан кейін компиляция кезеңі бітеді. Компиляцияның дұрыс аяқталғанын қосымша терезеден көруге болады (5-сурет). Енді программаны іске қосуға да болады, ол үшін Ctrl+F9 клавишаларын бір мезгілде басу қажет (немесе File→Run нұсқауларын орындаңыз).

Нәтижелер терезесін Alt+F5клавишалар арқылы көруге болады. Содан соң редактор терезесіне қайта оралу үшін кез-келген клавишаны басыңыз.

Осы кезге дейін программаның тексті әлі атаусыз (NONAMEO.PAS) болып келе жатыр. Программаны дискіге сақтау үшін негізгі Менюде: File →Save as...(файлдың жаңа атпен жазылуы) орындаңыз.

Содаң соң 7-суретте көрсетілген диалогтық терезе экранға шығады.

 
 

 

 


7-сурет. Save as… Диалог терезесі

Файлдың атын еңгізетін өріске жаңа атау жазу керек, Tab клавишы арқылы жылжи отырып терезенің келесі Filesэлементіне өтіп, ағымдық директорияны (программаның текстін құрайтын файл жазылатын каталог) көрсету қажет. Файлдың атын, және директориясын көрсеткеннен соң Tab клавишы арқылы жылжи отырып, ОК батырмасын басу керек. Егер де басқа бір жағдайларға байланысты файлды дискіге жазудан айнып қалсаңыз, онда Cancel (кейінге қалдыру, болдырмау) батырмасын басу керек.

Тақырыптың соңында айтып кететін жағдай - ол Турбо Паскальпрограммалау ортасынан дұрыс шығу, жұмысты әдептә аяқтау; ол үшін Alt+X немесе негізгі менюде File→Exit орындап шығуға болады.

Осы тарауда келтірілген материалды игеру барысында оқушылардың алдына келесі мақсаттар қойылған болатын:

  • Турбо Паскаль программасын іске қосу және терезе элементтерімен танысу.
  • Турбо Паскаль тіліндегі программаны теру және оны редакциялау.
  • Турбо Паскаль тіліндегі программаны компиляциялау, компиляцияның қателерін іздеу және оларды жою.
  • Терілген программаны іске қосу және нәтижелерді қарап шығу.
  • Программаның дұрыс орыныдалуын ұйымдастыруға арналған қарапайым әдістерді игеру.

Бұл тақырыптың тапсырмаларын толығымен игеру үшін келесі жаттығуларды орындаңыздар:

    1. С: дискісінде Мысалдар атты Папка ашыңыздар. Ол үшін Windows операциялық жүйесінде Проводник терезесін ашып:

1.1 С: дискісін белгілеңіз;

1.2 Файл→Создать→Папку; Бұл әрекет орындалу барысында Проводник терезесінің сол жақ бөлімінде Жаңа папка пайда болады;

1.3 Жаңа Папка Мысалдар деген атау беріңіз, ол үшін курсорды Папканың астындағы тікбұрыштың ішіне орналастырып, Папканың атына - Мысалдар деген текстін еңгізіңдер.

    1. Турбо Паскаль программалау ортасын іске қосыңыздар.
    2. Төменде келтірілген мысалды талдап, оны шешуге арналған Brigada атты программаның текстін теріп, оны компиляциялаңыз.

Мысал:Құрылысшылар бригадасына бөлінген жалақы сомасы 56000 теңгені құрайды, осыдан бригада жетекшісіне 10000 теңге бөлінеді. Және де бригада жетекшісі барлық 10 күн бойы, екінші жұмысшы 6 күн, ал үшінші жұмысшы тек 4 күн жұмыс істегені белгілі. Бөлінген жалақы сомасын құрылысшылар арасында бөлетін программаны түзіңіз.

 

Program Brigada;

Uses CRT;

Var

A, B, C, D: integer; {A,B,C - жұмысшылардың жалақысы;

D - бір жұмысшының бір күндік жалақысы}

S, P: integer; {P - бригада жетекшісіне қосымша төлеу}

V: real;

Begin

S:=56000; {Бригада жалақысының жалпы сомасы}

P:=10000; {Бригада жетекшісіне қосымша төлеу}

S:=S-P;

D:=10+6+4; {Жұмыс атқарған күндердің жалпы саны}

V:= S/D; {Бір күндік жалақы}

A:=V*10+10000; {Бригадир жалақысы}

B:=V*6;{Екінші жұмысшының жалақысы}

C:=V*4; {Үшінші жұмысшының жалақысы}

Writeln(‘---------------------------------------------------------‘);

Writeln(‘Бригададағы қызметі Жалақысы, теңге‘);

Writeln(‘---------------------------------------------------------‘);

Writeln(‘Бригада жетекшісі‘, А:6:2);

Writeln(‘2-ші жұмысшы‘, В:6:2);

Writeln(‘3-ші жұмысшы‘, С:6:2);

end.

    1. Программаны теріп, қателерін тауып, программаны редакциялаңыз.
    2. Терілген программаны Brigada - деген атпен С: дискісіндегі Мысалдар Папкасына жазыңыз.
    3. Brigada прграммасын орындап нәтижесін жазып алыңыз.
    4. Бригадаға бөлінген жалақы сомасы 100000 теңге, болған жағдайда Brigada программасына қандай өзгерістер еңгізу керек?
    5. Осы өзгерістерді программаға еңгізіп, программаның орындалуын тексеріңіздер.
    6. Бригада жетекшісіне 13000 теңге бөлінген жағдайдағы өзгерістерді прграммаға еңгізіп, оны орындаңыз.
    7. Бригада жетекшісі он күн, екінші жұмысшы - 8 күн, ал 3-ші жұмысшы 5 күн жұмыс атқарса, онда беріген сома жұмысшылар арасында қалай бөлінеді?

 

Бақылау сұрақтары

 

  1. Программалау тілдері және олардың дамуы.
  2. Паскаль программалау тілінің ерекшеліктері.
  3. Трансляторлар не үшін керек? Компилятор деген не?
  4. Компилятордың интерпретатордан айырмашылығы неде?
  5. Тубо Паскаль пакетінің негізгі файлдарын атаңыз.
  6. Редакциялау терезесінің негізгі коспоненттерін атаңыз.
  7. Турбо Паскаль программалау ортасының негізгі менюінің пунктерін атаңыз.
  8. Негізгі менюдегі File, Edit, Run, Compile нұсқаулары қай жағдайларда, қандай әрекет орындауға пайдаланылады?
  9. Турбо Паскаль терезесінің Статус жолында қандай мәліметтер жаззылады?
  10. Файлды не үшін компиляциялайды?
  11. Компиляция қалай жүргізіледі?
  12. EXE - файлдар қалай және не үшін жасалынады.
  13. Жәрдем терезесін экранға қалай шақыруға болады?
  14. Ағымдық терезедегі файлды жадыға сақтау үшін қандай нұсқаулар ьерілуі тиіс?
  15. Келесі ашық терезеге қалай өтуге болады?
  16. Программаның «орындалуын түзеу» режіміне қалай өту керек?
  17. Дискіде жазылған файлды қалай ашуға болады?
  18. Программаны іске қосу үшін қандай нұсқау берілуі тиіс?
  19. Программаны компиляциялау үшін қандай нұсқау арналған?
  20. Белгіленген блокты файлға жазу үшін қандай клавишалар қолданылады?


2. TURBO PASCAL ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ


2.1. Программалаудың негізгі элементтері

Кез келген математикалық есептің шартын тұжырымдау қатаң анықталған математикалық ұғымдар тілінде баяндалатын алғашқы берілгендер мен бастапқы шарттарды сипаттаудан басталады. Содан соң есепті ЭЕМ пайдаланып, шешу үшін прогрмма құрастырылады. Есепті компьютерде шығару барысында керекті мәліметтер еңгізіліп, оларды өңдеу жолдары анықталып, есеп нәтижелерін қай түрде алу керектігін белгіленуі тиіс. Сондықтан программист келесі жағдайларды біліп ескеруі тиіс:

· Бастапқы мәліметтер қай түрінде жадыға еңгізіледі (еңгізу);

· Мәліметтерді жаядыда қалай сақтау керек (мәліметтер);

· Мәліметтерді өңдеуге арналған қолайлы командаларды қалай анықтау керек (операциялар);

· Мәліметтер программадан пайдаланушыға қай түрінде берілуі тиіс (шығару);

Мәліметтерді өңдеуді көптеген командалар пайдаланылады. Олардың ішіндегі кейбіреулерінің орындалуы тек белгілі бір шартқа байланысты болады (шартты орындалу), біразы қайталанып бірнеше рет орындалады (циклдар), ал кейбірі программаның жеке бөлігін құрап керекті жағдайларды негізгі программаның шақыруы бойынша орындалады (қосалқы прграмма).

Сонымен, әр программист алдымен жоғарыда аталған программалау технологияларын негізгі жеті элементін білуі тиіс, олар: еңгізу, мәліметтер, операциялар, мәліметтерді шығару жолдары, командалардың шартты орындалуы, циклдер, қосалқы программа. Және де осы элементтердің негізінде программа құрастыруды игеруі керек.

Әрине, программалау технологияларының элементтерініңі тізімін әрі қарай жалғастыруға да болады, бірақ аталған жеті элемент барлық программаларға (және де программалаудың процедуралық тілдеріне) тән болғандықтан әзірше осымен шектелдік.

Кез-келген тілді игерудегідей программалау тілдің негізгі концепциясын құрайтын оның грамматикасы болып табылады. Грамматика болса - ол морфология мен синтаксистің жиынтығы. Ал морфологияның негізін құрайтын тіл сөздігінен тұратын тіл лексикасы. Программалау тілдерінде лексикалық бірлігі болып саналатындар:

Идентификатор - әріптерден, цифрлардан және басқа да символдардан құрастырылатын тізбек;

Сандар - бүтін және нақты сандар;

Текстер - символдық тізбегі (белгілі бір стандарттық жиынның символдары);

Операциялардың белгілері және бөлгіштер - арнаулы символдар және тілдің қызметші сөздерінің бір тобы;

Егер де тіл алфавиті, қызметші сөздерден құрылатын сөздігі және де сөйлемдер құрастыру ережелері мен сөз тіркестер синтаксисі анықталса, сонда ғана тіл концепциясының сипаттамасы толық деп айтуға болады.

 

2.2. Паскаль тілінің алфавиті және сөздігі

 

Тіл деп пайдаланушы мен ЭЕМ-ң қатынас құралы ретінде пайдаланатын символдар, келісімдер және ережелер жиынтығын атаймыз. Белгілі бір алгоритмдік тілде программа жазғанда, осы тілдің еределерін жақсы біліп тіл элементтерін пайдаланып қойылған талаптарға сәйкес етіп жазу керек. Кез келген тілдің негізін құрайтын - алфавит.

Алфавит - программаны жазудағы пайдаланатын негізгі символдар (әріптер, цифралар және басқа шартты белгілер).

Сөздік - осы тілде пайдаланатын арнайы ережелер бойынша құрылған қызметші сөздер (Паскаль тілінде оларды резервтелінген немесе қызметші сөздер дейді).

Тіл грамматикасы - машинаның іс әрекетін анықтайтын нұсқаулар құру ережелері. Бұлар машинаға түсінікті болатын шартты белгілер арқылы, қысқаша жазылған нұсқаулардың үлгілерінен тұрады. Программалау тілдерінің негізі - алгоритмдік тілдің ережелері.

Әдетте программа белгілі бір объектілермен (тұрақтылар, айнымалылар, функциялар, өрнектер т.б.) әрекет етеді. Осы объектілердің аты идентификатор деп аталады. Бұл сөз Identifity (теңестіру) деген латын сөзінен алынған.

Паскаль тілінің алфавитіне кіретін символдарды 3 топқа бөлуге болады: әріптер, цифрлар және арнайы символдар.

· әріптер ретінде латын алфавитінің бас, кіші әріптері және астын сызу символы (төменгі сызықша ( _ ) белгісі ):

A,B,C,D,E,F,G,H,I,J,K,L,M,N,O,P,Q,R,S,T,U,V,W,X,Y,Za,a,b,c,d,e,f,g,h,i,j,k,l,m,n,o,p,q,r,s,t,u,v,w,x,y,z, және ‘_’

Төменгі сызықша белгісі ‘_’ әріп болып саналатынына назар аударыңыз. Әріптер идентификаторларды, қызметші сөздерді жазуға қолданылады.

· Цифрлар - белгілі 10 араб цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

Цифрлар сандарды, идентификаторларды жазу үшін пайдаланылады.

16 - разрядты цифрлар: олардың мәндері 0-ден 15-ке дейін өзгереді. Олардың алдыңғы оны араб

цифрлармен, ал келесі алтауы - A,B,C,D,E,F латын әріптерімен белгіленеді.

· Арнайы символдар:

+ Қосу > Үлкен
- Азайту < Кіші
* Көбейту [ ] Квадрат жақша
/ Бөлу ( ) Жәй жақша
= Теңдік { } Фигуралы жақша
, Үтір $ Валюта (доллар) белгісі
Дәйекше (апостров) @ Амперсент (коммерциялық және )
. Нүкте ^ Тильда
; Нүктелі үтір # Нөмір белгісі
: Қос нүкте Белгісі жоқ «бос орын» символы (пробел)

 

Қосарланған символдар: <>‚=‚>=‚:=‚(* *)‚(. .)

Арнайы және қосарланған символдар операцияларды белгілеуге, өрнектерді, түсініктемелерді жазуға және синтаксистік шекаралық бөлгіштер ретінде пайдаланылады. Егер программада олар түсініктемелердің шектеуі немесе қатынас белгісі ретінде қолданылса, оларды тек қосарланған түрінеде, арасына «бос орын» символы (пробел) немесе басқа символдарды қоспай жазу керектігін ескертеміз.

Алфавит символдары Паскаль - программасының негізгі элементтері болып саналатын лексемаларды құрастыруға пайдаланады.

Өзінше мағынасы бар болатын, тілдің минималдық бірлігі лексема деп аталады. Паскаль тілінде лексемалардың келесі кластары бар: резервтелінген қызметші сөздер, стандарттық идентификаторлар және пайдаланушының идентификаторлары.

1. Қызметші (резервтелінген) сөздер. Әріптерден тұратын, алдын ала мағынасы анықталған сөздердің шектелген жиыны. Бұл сөздердің айнымалылардың, тұрақтылардың т.с.с. программист еңгізетін шамалардың атауы ретінде пайдалануға болмайды. Олардың жазылуын немесе мағынасын программист өз еркінше ауыстыра алмайды.

Паскаль тілінде бір қатар қызметші сөздерді идентификатор ретінде пайдалануға рұқсат етілген, олар стандартты нұсқаулар деп аталады. Бұл сөздер тізімін құрайтын келесі нұсқаулар: assembler, external, forward, interrupt, private, virtual. Бірақ олардың да программада қолданылуы ұнамсыз болып саналады.

 

4-кесте. Паскаль тіліндегі резервтелінген сөздер

Abslute Абсолюттік Label Белгі
And Логикалық және Library Кітапхана
Array Массив Mod Бөлуден қалдық
Asm Ассемблер Nil Жоқтық
Begin Блок басы Nod Логикалық жоқ
Case Вариант Or әлде, яки
Const Тұрақты Of -дан, -ден, -тан, -тен
Constructor Құрастырғыш Object Объект
Div Бүтін бөлу Packed Тығыздап толтыру
Go to өту, көшу Procedure Процедура
Do Орындау Program Программа
Downto ....дейін кішірейту Record Жазба
Destructor Қирату, бұзу Repeat Қайталау
Else әйтпесе Set Жиын
End Блок соңы Shl Солға бит жылжыту
Exports Экспорт Shr Оңға бит жылжыту
External Сыртқы String Жол
File Файл Then Онда
For Үшін To Үлкейте бере
Forward Озу, алдына шығу Type Түр
Function Функция Unit Модуль
If Егер Until Дейін
Implementation Іске асыру Uses Пайдалану
In Тиісті Var Айнымалы
Inline Негізгі While әзір
Interrupt Тоқтату With -мен
Interface Интерфейс Xor ОR болғызбауы
Interited Мұрагерлік    

Программалауда белгілі бір мәні бар болатын сөздер тобы сөз тіркесі деп аталады. Программалау барысында сөздер мен символдармен құрылған және де беогілі бір шаманың мәнін есептеу ережелерін анықтайтын сөз тіркесін өрнектеп білеміз. Программалау тілінің ең кіші үйлесімі - ол сөйлем. Егер де сөлем программалау барысында орындалатын әрекеттің толық сипаттамасын болса, онда оны оператор деп білеміз. Ал түрлі амалдарды орындауға арналған мәліметтерді ұйымдастыру жолдары мен олардың құрылымын анықтайтын сөйлемдер сипаттама деп аталады.

Компьютерге арналған программаларды дұрыс, тианақты жазу үшін тілдің синтаксисі мен (тілдің түрлі өрнекті құрылымдарын дұрыс жазу ережелері) оның семантикасын (сол құрылымдарды пайдалану ережелері мен олардың мағынасы) жақсы білуі керек.

2. Идентификаторлар (атаулар). Алгоритмге қойылатын талаптардың бірі - ол көпке бірдейлігі екендігі бәрімізге белгілі. Сондықтан құрастырған программа қолданылатын шамалардың тек қана нақты бір мәндерінде ғана орындалуы дұрыс емес. Программадағы шамаларды алдын ала белгілеп барып, кейіннен оларға түрлі мән бергенде де программа дұрыс нәтиже беріп тұрса, тек сонда ғана программаның жұмысы тиімді де, икемді болып саналады. Программаның өзін белгілеу шін, ал программада айнымалылар мен тұрақты шамаларды, түрлі процедураларды, функцияларды белгілеу үшін оларға ат қойылады да, идентификаторлар (Identification - объекттің белгілі бір сөздер жиынтығына сәйкестігін анықтау) деп атайды.

Идентификатор әріптер мен цифрлардан құралған атау. Программаның бір блогында бір идентификатор тек қана бір айнымалы немесе тұрақты шаманы белгілеуге қолданылуы тиіс. Турбо Паскальдің компиляторы бұл шарттың орындалуын қатал тексеріп отырады, егер де бұл шарт бұзылса, онда экранға келесі хабар беріледі: «Error 4: Duplicate identifier» және идентификатордың дупликаты көрсетіледі.

Программа жазу барысында идентификаторларды құрастырудың жалпы ережелері сақталлуы тиіс:

  • Идентификатор әрқашанда әріптен немесе ‘_’ символынан басталуы тиіс;
  • Оынң құрамында әріптер, цифрлар және ‘_’ символы болуы мүмкін (A,b,X1,Y1,Massiv_1,…).
  • Идентификатор ұзындығы 255 символдан тұруы мүмкін, бірақ маңыздысы болып алғашқысы 63 символы саналады.
  • Идентификатордың жазылуында бас әріптер мен кіші әріптердің еш айырмашылығы жоқ;
  • Идентификаторларда «бос орынның» символын немесе арнайы символдарды пайдалануға болмайды.

Идентификатор құрылымы схема түрінде 8-суретте көрсетілген.

 
 

 


8-сурет. Идентификатор құрылымы

3. Бейнелер. Тілдің бұл құрылымы сандарды, символдық тізбектерді және тағы біраз басқа шамаларды белгілейді. Бейнелерді құрастыру ережелері одан әрі келесі тарауларда қарастырылады.

4. Операциялық белгілері. Бір немесе бірнеше символдан құрастырылады да, және өңдеу, есептеу іс әрекеттерін білдіреді.

5. Бөлгіштер арнайы символдардан құралады да, программаның түсініктілігін арттырады. Келесі құрылымдар бөлгіштер мысалы болып саналады, олар : ; = ( .

Дұрыс белгіленген идентификаторлар программаның түсінікті болуын және тез оқылуын көп жеңілтетеді.

Паскаль - программаларында түсініктемелер кеңінен қолданылады, оларды комментарийлер деп атайды. Комментарийлер программаның мағынасына, орындалуына ешқандай әсер етпейді.

Паскаль тілінде комментарий кез-келген символдармен құрастырылған тізбек болуы мүмкін (программалауда латын тілі әріптері қолданылса да, түсініктемені орыс тілі әріптерімен жазуға болады). Түсініктеме тексті екі жағынан фигуралық жақшаларға алынады, не болмаса келесі түрлі (* және ) бөлгіштермен шектеледі.

Мысалы: {Бұл комментарий}

(*ал бұл ұзын комментарий, бірнеше жолға орналасқан түсініктеме *)

Түсініктемелер программаның кез-келген жерінде екі лексема арасында орналасуы мүмкін.

Паскальдың тағы бір топ құрылымы бар - ол компиляторнұсқаулары (директивалар) деп аталады. Олар да түсініктемелер сияқты фигуралық жақшаларға алынады, бірақ олардың мақсаты программаға түсініктеме беру емес - компиляторға өңдеу режимдері туралы нұсқау беру. Компилятор нұсқауларының жазылуы: фигуралық жақшаның ішінде $ символы, одан кейін бір әріптен тұратын режим белгісі, одан кейін ‘+’ не болмаса ‘-‘ таңбасы жазылуы мүмкін, мысалы {$B-}, {$N+}.

Паскаль - программаларында “бос орын” символы (пробел) аса маңызды болып есептеледі. Бұл символ Паскаль тілінде қолданатын құрылымдарын бір бірінен ажырату үшін қолданады.

2.3. Тұрақтылар мен айнымалылар

Кез-келген программа мәліметтерді өңдеп, нәтиже береді. Программа өңделетін мәліметтер белгілі нақты объектілердің мәндері ретінде қарастырылады, олар тұрақты немесе айнымалы шама болып келеді.

Басқа да программалау тілдеріндегідей Паскаль тілінде мәліметтер тұрақтылар мен айнымалылар деп қарастырылады. Программада тұрақтылар мен айнымалылар идентификаторлармен белгіленеді де кейіннен программа жазылу барысында осы берілген атауы бойынша қолданылады.

Программаның сипаттама бөлімінде мәндері анықталған және де программа орындалу барысында көрсетілген қалпынан өзгермейтін шамаларды тұрақтылар деп атайды.

 
 

 

 


9-сурет. Программада тұрақтыларды анықтау

Паскаль тілінде түрлі тұрақтылар қарастырылады, олар: бүтін, нақты, 16-разрядты, логикалық, символдық, символдық тізбек, жиын құрылысшысы, көрсеткіш.

Бүтін тұрақтылар нүктесіз, нақты тұрақтылар нүктені пайдаланып жазылады. Машина жадына (-2147483648 ;+2147483647) аралығында берілген бүтін сандарды жазу мүмкін.

Нақты сандарды бейнелеуде ондық белгісі деп аталатын нүкте ‘.’ Символы және нақты сандардың мәндерінің оң немесе теріс екендігін көрсету үшін кескіндердің алдына “+” немесе “-“ таңбасы жазылады. Нақты тұрақтылардың жылжымалы нүктелі (экпоненциалдық) түрінде берілуі мүмкін, мысалы:

 

Математикалық жазылуы Экранға шығарылу түрі

145 145

-0,32564 -.32564

3,14*105 3.14Е5

-17*10-2 -17Е-2

 

16-разрядты сандар. 16 символдан тұрадыжәне алдында $ символы жазылуы тиіс.

Логикалық тұрақтылар - бұл не FALSE (жалған), не TRUE (ақиқат) мәнді тұрақтылар.

Символдық тұрақтылар - бұл екі жағынан апостроф (‘ ‘) символдарына алынған кез-келген символ.

Мысалы: ‘z’ ~ z не болмаса #90 ~ z

Символдық тізбек - бұл екі жағынан апостроф (‘ ‘) символдарына алынған символдар тізбегі.

Мысалы: ‘My Book’ не болмаса

#83#121#109#98#11#108 ~ Symbol

Жиын құрылысшы - екі жағынан квадрат жақшалармен шектелген жиын элементтерінің тізімі.

Мысалы:

[1,2,3,4,….15,16]

[blue, red] [ ] [tru]

Барлық тұрақтылар программаның const деген қызметші сөзінен басталатын арнайы бөлімінде сипатталануы қажет.

Тұрақтылар сипаттамасының жалпы түрі:

Const

<идентификатор> = <тұрақтының мәні>;

Мысалы:

Const

MyName = ‘Аскар’;

Max = 125.5;

Min = -22;

Group = ‘ИСЭ-99’;

 

Паскаль тілінде бірқатар тұрақтыларды алдын ала сипаттама жүргізбей-ақ қолдануға болады. Оларды қызметші тұрақтылар деп атайды. Төменде осы тұрақтылардың программалау барысында кеңінен қолданатындары келтіріледі.

Идентификатор Типі Мәні Мінездеме
TRUE Boolean TRUE TRUE (ақиқат)
FALSE Boolean FALSE FALSE (жалған)
MaxInt Boolean Максималды бүтін

 

Программа орындалу барысында мәндері өзгеретін шамалар айнымалылар деп аталады. әр айнымалы және тұрақты шамалар мәліметтердің белгілі бір түвріне жатады. Тұрақтының түрі алдын ала көрсетілмесе де компилятор өзі автоматты түрде оны танып алады. Ал айнымалылар түрі алдын ала сипатталынуы қажет. Айнымалылар да, тұрақтылар сияқты программаның var деген қызметші сөзінен басталатын арнайы бөлімінде сипатталынуы тиіс.

Айнымалылар сипаттамасының жалпы түрі:

Var

<идентификатор> : <түрі>;

мысалы:

var

X,Y,Z : integer;

Max, Min : real;

Айнымалылардың анықталуын төмендегі суреттен көруге болады.

 
 


 

 

10-сурет. Айнымалылардың анықталуы

Өрнектер. Паскаль тілінің негізгі элементтерін құрайтын тұрақтылар, айнымалылар және функциялар болып саналады. Осы элементтерден операциялар таңбаларымен жақшаларды пайдалана отырып, өрнектерді құрастыруға болады. Өрнектің мәнінің типі осы өрнекті құрайтын операндтарының типтерімен және оларға қолданған операциялармен анықталады.

Амалдар. Паскаль тілінде келесі операциялар белгіленген:

· Унарлық операциялар: not, @;

· Мультипликативтік операциялар:

*, /, div, mod, and, shl, shr

· Аддитивтік операциялар: +, -, or, xor;

· Қатынастар: =, < >, <, >, <=, >=, in.

 


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Н.В. Аншакова, М.Б. Беляева | Стандартты функциялар мен процедуралар.


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн