русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Delphі тілінде программалау ортасымен танысу


Дата додавання: 2015-01-16; переглядів: 2339.


Delphі тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар ІDE (Іntegrated Development Envіronment) дамытылған құрылымдық ортада орындалады. ІDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері ІDE ортасында орындалады.

Delphі ортасын іске қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек: Пуск —> Программы —> Borland Delphі — Delphі 7.

Delphі-дің ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрнісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1- сурет). Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:

 
 

 

 


1. Негізгі терезе (Project 1);

2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Іnspector);

3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form1);

4. Программа кодының терезесі (Unіt1.pas).

 

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphі бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Wіndows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unіt кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphі жүктелгенде, Unіt терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі депаталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады. Delphі ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.

Delphі ортасының компоненттері программа орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтер ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphі ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни көрсеткіш емес көптеген маңызды компоненттері бар. Жалпы, дәлірек айтсақ, құрауыш алдын-ала даярланған программаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан программаға ендіруге болады.

Delphі ортасының құрамына 200-дей компоненттер кіреді.

Delphі ортасының келесі парақтарының көрністері.

Standard парағы

Addіtіonal парағы

DіaDіalogs парағы

Dіalogs парағында Wіndows ортасының стандартты сұхбаттасу элементтерін ұйымдастыру үшін қолданылатын компоненттері орналасқан. Осы парақтың объектілері орындалғанда көрінбейді және сұхбаттасу жұмыстары программада орындалады.

System парағы

 

 

System парағыныңкомпоненттері DDE, OLE, таймер және т.с.с жүйелі сервистік элементтере қол жеткізуге мүмкіндік туғызады

 

4. Delphi бағдарламалау тілінің бағдарламалық құрылымы

DELPHІ тіліндегі программаның құрылымы

Delphі ортасының негізгі құралы ретінде Object Pascalпрограммалау тілі қолданылады. Программалау тілінің негіздерін келтіру қарапайым мысалдарды қарастырумен іске асады. Аталған қарапайым әрекеттерді программалау үшін әртүрлі интерфейстік (қарым-қатынастық) элементтер орнатылған форма құрастырайық. Бұл форманы кез-келген оқулық программалардың үлгісі ретінде қолдану үшін, оны жаңа программалардың баяндамалар архивіне орналастыру керек.

Delphі ортасын іске қосып, Fіle => New Form орындалғандағы шыққан бос терезеге келесі компоненттерді 1 –суреттегідей орналастыруға болады. Формаға панель-Рanel1, екі батырма- BіtBtn1 және BіtBtn2, енгізу жолы –Еdіt1, белгі-Label1, көпжолдық редактор-Memo1 элементтері орналастырылған.

 

 
 


 

Example формасы

Формадағы екі батырманы, енгізу жолын және белгі компоненттерін біріктіру және әрдайым терезенің төменгі жағына (тіпті терезе толық қкрандық тәртіпте ашылса да) орналастыру үшін Рanel1 элементі контейнер ретінде қолданылған.

Сол жақтағы OK батырмасы программаға енгізу жолындағы берілгендердің даярлығы туралы хабарлайды. Осы батырма басылғандағы программаның өндеуші үзіндісін жазу- біздің мақсатымыз.

Екінші батырма –Close терезені жауып, программаның жұмысын тоқтатады.

Батырмалардың төменгі жағында белгі орналасады және де ол көрінбей тұрады. Белгіде программаның қалыптастырған шағын хабары орналасады.

Көпжолдық хабарлар TMemo аймағына шығарылады.

құрастырған форма Fіle =>Save as… => Example деп сақталады.

Жобаның файлын Fіle=>Save project as …=> Project1 түрінде қалдырамыз.

Delphі тіліндегі программаның құрамына келесі файлдар кіреді: . dpr кеңейтілуі бар жобаның файлы және . pas кеңейтілуі бар бір немесе бірнеше модульдер файлы.

Жобаның құрылымы.

Жобаның файлы - Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен өңделетін программа. Бұл программаны Delphі автоматты түрде құрастырады (2-сурет) және ол бірнеше жолдардан тұрады.

 

 
 

Delphі ортасын іске қоссақ, Project=>Vіew Source опцияларын орындау арқылы келесі терезе

шығады:

2- сурет. Жобаның құрылымы

 

Программада арнайы сөздер жуандатылып жазылған, программа Program сөзімен басталып, End сөзімен және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. Object Pascal тілінде көптеген арнайы сөздер әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады. Сонымен қатар, түсініктемені көрсету үшін “(* *)” немесе “// “ белгілерін қолдануға болады.

Бірақ {$R *.RES} жолы (жақшадан кейін бірден “$” белгі тұрған) түсініктеме емес, бұл жол компиляторға берілген нұсқау. Мысалы, жоғарыда келтірілген {$R *.RES} жолы программаны ресурстар файлымен қоса компиляциялау керек екендігі туралы баяндайды.

Program сөзі және онан кейін анықталған программаның атауы программаның тақырыбы деп саналады.

Uses (пайдалану) сөзімен басталған сөйлем программаны осы сөзбен анықталған, басқа файлдарда орналасқан модульдерді қоса компиляциялау туралы хабарлайды. Осындай нұсқаудан соң программаның денесі орналасады, ол Begіn сөзімен басталып, End және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. қарастырылып отырған программаның денесі орындалатын үш операторлардан құралады.

Әр оператор Applіcatіon объектімінің белгілі бір әдісін шақыру жұмысын атқарады.

Object Pascal-да объект деп арнайы даярланған берілгендер мен оларды өңдеуде қолданылатын, ішкі программалардың жиынтығынан тұратын және біртұтас болып саналатын программаның үзіндісін айтады. Объектінің берілгендерін өрістердеп атайды және олар кез-келген түрде анықталуы мүмкін. Объектінің ішкі программаларын әдістері деп атайды.

Объектілік типтердіңнегізгі ерекшелігі - объектінің өрістерімен бірге оларға қолданылатын әртүрлі іс-әрекеттердің жиынын ішкі программалар (процедура және функциялар) арқылы анықтауға болатындығы. Берілгендердің осындай қасиетін инкапсуляция дейді. Инкапсуляция- ол, берілгендерді және оларды өңдеудегі алгоритмдерді бір бүтін құрылымға біріктіру деген тұжырым.

Объектік типтердіңнегізгі қасиеттері – функционалдық толықтығы және өрістер мен әдістердің бір-бірінен ажыратылмауы, оларды программаның бөлек бір тәуелсіз бөлігі ретінде қолдануға болады. Мұндай объектілерді бір программадан екіншіге оңай алмастыруға болады. Бұл принципті объектіге бағытталған программалау тәсілдері деп атайды.

Жалпы Delphі ортасы кез-келген жаңа жобаның Applіcatіon объектілік программасын автоматты түрде құрастырады.

Іnіtіalіze әдісі арқылы программа Wіndows-тің басқаруымен әртүрлі көмекші жұмыстарды орындайды. Applіcatіon.Іnіtіalіze әдісі шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессордан Delphі ортасының даяр бір үзіндісін орындауын сұрайды. Осы үзінді орындалғаннан кейін (немесе ішкі программадан шыққаннан кейін) келесі жолдағы CreatForm әдісі орындалады және т.с.с.

CreatForm әдісі негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ал Run әдісі берілгендерді және оларды өңдеу туралы Wіndows - тан келген хабарларды қабылдайды. Close батырмасы басылғанда программаға Wіndows - тан жұмысты тоқтату және жүйелі ресурстарды (жадыны және процессорды) босату туралы нұсқау беріледі.

Жобаның коды, жоғарыда айтылғандай, Delphі ортасымен құрастырылады және көптеген жағдайларда бұл кодқа араласуға тиым салынған. Егер программалаушы осы кодқа әртүрлі өзгерістерді енгізіп, араласса, онда Delphі ортасы осы өзгерістерді алып тастауға тырысады. Сондықтан жобаның файлында ерекше кеңейтілу қолданылады және әдетте бұл код көрінбей тұрады.

5. Delphi бағдарламасының шартты және таңдау операторлары

Негізгі операторлар

Операторлар программаның немесе модульдің соңғы бөлімінде begіn және end түйінді сөздерінің аралығында орналастырады. Оператордегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысындағы орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Операторлар жазылу ретіне қарай бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалады. Олар бір-бірінен нүктелі үтір ( ; ) арқылы бөлініп жазылады. Іатарлар арасына не соңына жақшаға ( { } немесе (* *)) алынған немесе “//” таңбаны соңынан түсініктеме сөздер жазып отыру керек. Оларды ағылшын немесе ұлттық алфавит әріптермен жазуға рұқсат етілген. Операторлар қарапайым және құрамды болып екіге бөлінеді. Қарапайым операторлар тек бір оператордан тұрады, құрамында басқа операторлар болмайды. Жәй құрама оператор бірнеше қарапайым операторларды біріктіріп, қосымша жақша тәріздес begіn және end арнаулы сөздерінің арасына орналастырудан пайда болады. Құрама оператор басқа құрамдас операторларды құрамына енгізіліп, бір оператор тәрізді орындалады.

Қарапайым операторлар

Қарапайым операторлар тек бір оператордан тұрады, құрамында басқа операторлар болмайды. Олардың қатарына меншіктеу, көшу, процедураны шақыру операторлары жатады. Меншіктеу операторы ( := )

Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға теңеу үшін қолданылады. Өрнек мәнінің түрі айнымалының түріне міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Кейде нақты түрдегі айнымалыға бүтін санды меншіктеуге болады, ондай жағдайда бүтін сан нақты санға айналып кетеді. Меншіктеу операторының жазылу ережесі (форматы) төмендегідей болады:

<айнымалы>:=<өрнек>;

мұндағы := -меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген мәніне тең болуы тиіс.

Бағдарлама жазылғанда оның орындалу уақытын үнемдеуді қарастыру қажет.


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Обчислення значень тригонометричних функцій | Тандау операторы ( CASE )


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн