Васіна Л.Є. 1 страница
Дата додавання: 2014-12-02; переглядів: 1243.
ДВНЗ КИЇВСЬКИЙ НАЦІОНАЛЬНИЙ ЕКОНОМІЧНИЙ УНІВЕРСИТЕТ імені ВАДИМА ГЕТЬМАНА
КАФЕДРА ФІНАНСІВ ПІДПРИЄМСТВ
НАУКИ “Фінансовий менеджмент в сфері бізнесу”
Зав. кафедрою
__________
| Екзаменатори:
______________
| БІЛЕТ ____
1. Сутність і значення фінансового аналізу. Його основні цілі, задачі, принципи.
2. Аналіз джерел формування, структури та розміщення оборотного капіталу.
3. Ієрархічна і функціональна будови центрів управління підприємством.
4. Тестове завдання:
1) Стаття балансу "Нематеріальні активи" належить до розділу:
а) необоротні активи;
б) оборотні активи;
в) витрати майбутніх періодів;
г) власний капітал;
д) забезпечення майбутніх витрат і платежів.
2) Якою буде тривалість фінансового циклу підприємства, якщо тривалість обороту кредиторської заборгованості 56 днів; тривалість обороту дебіторської заборгованості 45 днів; тривалість обороту запасів - 32 дні?
а) 133 дні;
б) 21 день;
в) 69 днів;
г) 21 день;
д) - 69 днів.
3) До зацікавлених користувачів фінансового аналізу належать:
а) аудитори;
б) власники-акціонери;
в) робітники бухгалтерії;
г) постачальники;
д) податкова інспекція.
5. Тестове завдання:
1) При оптимізації розміру товарно-матеріальних цінностей використовують:
а) модель Баумоля;
б) модель Уілсона;
в) модель Міллера-Орра;
г) формулу Матца-Коррі-Френка;
д) усе, перераховане вище.
2) Оборотні активи за формами функціонування у конкретному періоді часу поділяються на:
а) власні та позикові;
б) валові та чисті;
в) матеріальні та фінансові;
г) постійні та тимчасові.
3) Найчастіше із середніх величин у фінансовому аналізі використовуються:
а) середня арифметична;
б) середня хронологічна;
в) середня квадратична;
г) середня арифметична зважена;
д) середня геометрична.
6. Тестові завдання:
1) класифікація ризиків суб’єктів господарювання за критерієм позиціонування у ринковому середовищі – це: ...
а) системний ризик,
б) фінансовий ризик,
в) операційний ризик,
г) кредитний ризик,
д) валютний ризик,
е) ринковий ризик,
ж) діловий ризик,
2) до матеріальних активів відносяться:
а) основні засоби;
б) грошові активи в національній валюті;
в) товарна марка;
г) запаси готової продукції, що необхідні для реалізацій;
д) виробничі запаси сировини та напівфабрикатів;
е) дебіторська заборгованість в усіх її формах,
3) тезаврований прибуток може бути використаний для ...
а) збільшення статутного капіталу,
б) створення інших резервів,
в) формування нерозподіленого прибутку,
г) виплата грошових дивідендів,
д) поповнення резервного капіталу.
7. Тестові завдання
1) основні концепції управління ризиками – це...
а) оцінка найбільш ймовірного рівня негативного відхилення,
б) максимізація абсолютної та відносної величини цільового показника,
в) оцінка максимально можливого рівня негативного відхилення,
г) оцінка відхилення, приведеного на ризик,
д) забезпечення зіставлення рівня ризику та величини цільового показника,
е) всі відповіді вірні,
2) якими позитивними якостями характеризуються оборотні активи?
а) великою пристосованістю до змін кон’юнктури товарного та фінансового ринків;
б) ці активи мають змогу генерувати стабільний прибуток, забезпечуючи випуск різних видів продукції у відповідності з кон’юнктурою товарного ринку;
в) легкістю управління;
г) їм характерний менший комерційний ризик втрат в процесі операційної діяльності підприємства.
3) Виберіть із запропонованого теорії дивідендної політики...
а) модель Ла Порта,
б) іррелевантності,
в) податкових переваг,
г) синиця в руках,
д) агентських витрат FCF.
8. Задача
На основі приведених даних необхідно скласти план доходів і витрат грошових коштів на плановий період. Підприємство передбачає у плановому періоді реалізувати продукції на 1200 тис. грн., отримати дивіденди за акціями інших підприємств у розмірі 20 тис. грн., продати застарілу техніку на суму 45 тис. грн., виплатити заробітну плату в сумі 180 тис. грн., придбати сировину і матеріали на 700 тис. грн., сплатити дивіденди акціонерам – 40 тис. грн., придбати акції інших підприємств – на суму 150 тис. грн.
1. На основі даних таблиці дати оцінку майнового стану ТОВ "Тандем-плюс" за звітний рік.
Таблиця (тис. грн.)
Показники
| На початок року
| На кінець року
| Необоротні активи, разом
| 5 872,5
| 5 403,5
| Нематеріальні активи:
|
|
| залишкова вартість
| 16,5
| 18,3
| первісна вартість
| 28,4
| 31,6
| накопичена амортизація
| 11,9
| 13,3
| Незавершене будівництво
| 154,2
| 132,8
| Основні виробничі засоби:
|
|
| залишкова вартість
| 4321,3
| 3943,1
| первісна вартість
| 8967,5
| 8765,2
| накопичена амортизація
| 4646,2
| 4822,1
| Основні невиробничі засоби:
|
|
| залишкова вартість
| 1344,9
| 1267,8
| первісна вартість
| 3456,2
| 3456,2
| знос
| 2111,3
| 2188,4
| Інші необоротні активи
| 35,6
| 41,5
| Майно підприємства
| 9787,5
| 9574,2
|
Протягом року було введено в експлуатацію основні виробничі засоби на суму 41,2тис.грн., а виведено з експлуатації спрацьованого обладнання на суму 243,5тис. грн.
На активну частину основних виробничих засобів у їх загальній вартості на початок та на кінець року припадало відповідно 3/5 та 2/3.
10. Розрахувати норматив оборотних коштів у незавершеному виробництві на перший та другий роки, якщо:
- тривалість виробничого циклу:
Найменування виробів
| Тривалість виробничого циклу, дні
| Виробнича собівартість товарної продукції в 4 кварталі планового року, грн.
| А
|
|
| Б
|
|
| В
|
|
| Всього
|
|
| - усереднена собівартість виробу становить 1100 грош.од., в тому числі витрати в перший день виробничого циклу – 550 грош.од.;
- обсяг валової продукції (за виробничою собівартістю) в 4 кварталі звітного періоду становить 20400 грош.од.;
- на другий рік передбачається зниження обсягів виробництва на 11% та уповільнення оборотності оборотних коштів на 6%.
Затверджено на засіданні кафедри фінансів підприємств
[1] де С — семінарські заняття; (П) — практичні заняття; Л — лабораторні заняття; IКР — індивідуально-консультаційна робота; СРС — самостійна робота студентів.
LN
| Егерде салық өсімі О –ден 0100% -ке көтерілсе, онда салық бболмайды. Салық түсімі ммаксималды деңгейге 50% (М-ннүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге ддейін төмендейді. Салық түсімі LN ашартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін ққұптауға болады, ал N-нүктесіндегі ттүсім жайсыз жағдайдың көрінісі.
|
52. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері – экономикалық қатынастар жүйесін айтады, бұл қатынастар процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекет меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығын құрайды. Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
Салықтықтүсімдер - cалықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтықеместүсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.
Негізгікапиталдысатудантүсетінтүсімдер - мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.
Трансферттердіңтүсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.
Құрамы: Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай:
1. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;
2. Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімі;
3. Қоғамдық,кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
4. Халықтың салықтық түсімдерінен;
Жасалу сферасына байланысты:
1. Материалдық өндіріс сферасында қалыптасқан кірістер;
2. Өндірістік емес сферада жасалынған кірістер;
Қаржылық мазмұны бойынша:
1. Салықтық
2. Салықтық емес
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар.Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады. Бюджеттің шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.
Бюджеттіккредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде
бюджеттен бөлінетін ақшалар.
Қаржылықактивтердісатыпалу - заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар. Қарыздардыөтеу - Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Құрамы:
1. Экономиканықаржыландыру – бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған ақша қаражаттары. Оларға: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар, негізгі капиталға жөндеу жатады.
2. ҒТПқаржыландыру – ғылыми техникалық зерттеулерге байланысты соның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулер, жобалау зерттемелері, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті басқаруды, ұйымдастырудың әдістерін енгізу.
3. Әлеуметтікмәдениісшаралардықаржыландыру – оқу ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге, мәдениетке, денсаулық сақтауға жұмсалатын шығын.
4. Қорғанысқажұмсалғаншығын – қарулы күштерге, басқа әскерлер мен әскери құрамаларға қаржы материалдық-техникалық және өзге ресурстарды бөлу, ҚР-ң қорғанысы кепілін қамтамасыз ету. Қорғанысты қаржымен қамтамасыз етуге кіреді: а)қарулы күштерді қаржыландыру; б)ғылыми зерттеулер мен қорғаныс сипатындағы зерттемелер; в) ақпаратты жүйені жасау және дамыту; г) әскери объектінің күрделі құрылымы.
53. Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы.
Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады.
Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын - профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды. Қазақстанда Бюджеттік кодекске сәйкес, бұл ұғымдарға нактыланған түсінік берілген: бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы (профициті), Ұлттық қордың түсімдерінен басқа республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең. Бесжылдық кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшерін алып тастап, Ұлттық қорға түсетін жалпы түсімдер ретінде есептелетін Ұлттық қордың орташа жылдық өсімінен аспауға тиіс. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі; айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы; «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.Ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады: мемлекеттік қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр - ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланыладыБюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады: шығыстар тұрақты, кірістер өседі; кірістер тұрақты, шығыстар азаяды; кірістер өседі, шығыстар азаяды Тапшылықты қаржыландыру - оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру.Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлеуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді.Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы кағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың аркасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер қатысады.
Шетелдікқарыздар.Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.
54. Мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш.
Мемлекеттік несие-бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағына жұмылдырып және оны мемлекеттік шығындарын қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын катынастар.Мемлекеттікнесиеніңерекшелігі - қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында,мерзімділігінде,ақылығында.
Жекеше несие Мемлекеттік несие
1.Өндірістік мұқтаждықтар 1.Өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар
үшін жұмылдырылады. үшін жұмылдырылады.
2.Несие капиталы жұмыл/ды 2.Төлем және сатып алу қаражаттары жұмыл\д
3.Капиталдың қолдану 3.Өтеу бюджет кірістерінен жүргізіледі.
сферасын жұмылдырады. 4.Капиталдың қолдану сферасын тарылтады.
4.Өтеу қосымша өнім немесе
өндіріс процесінде пайдала-
нылатын құннан жүргізіледі.
Мемл несиенің рөлі: халықтың кәсіпорынның, ұйымдардың бос ақша қаражаттарын шоғырландыру жәнее оны мемлекеттің бірінші кезекті қажеттіліктерін қаржыландыруға жұмсалатындығымен анықталады. Мемл-к несие 2 түрлі қызмет атқарады:
1)мемл-к несиенің қайта бөлу қызметі - белгілі бір несие беріп, пайда алғанда ссудалық пайыз көлемін реттеп, ақша ағымдарының бөлінуімен реттеледі.
2)мемл несиенің реттеуші қызметі – бірінші кезекте мемлекет несиелік пайызының мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағымдарын реттейді:несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып бұл капиталға деген сұранымды арттырады, нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп,мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады,одан жеке инвесторларды ығыстырады.Бұл олардың бизнесінің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады.
Мемл.несие келесідей жіктеледі:
1)ішкі несиеде мемлеттік несие қатары жан-жақты тұрғыда:қарызгер кезінде де ,несиегер кезінде де елдегі үкіметтің,биліктің, жергілікті органдардың,кәсіпорындардың,ұйымдардың және халықтың арасласпауы. Ішкі мемлекеттік несиенің нысандары:а)мемлекеттік қарыздарды шығару;б)коммерциялық банктердегі халықтардың салымдарының 1бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; в)қазынашылық несиелер. 2)сыртқы(халықаралық) несиеде қатынастар бір жағынан үкімет,биліктің, жергілікті органдардың,екінші жағынан басқа мемлекеттің үкіметтері,банктері,компаниялары,халықтық қаржы-банк ұйымдары араласады.Несие беруші тарап мемлекет-донор,кредит алушы ел-реципиент-ел деп аталады
3)шартты мем.несие отандық қарызгерлер:кәсіпорындар,ұйымдар,жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер б/ша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады.
Мемекеттік несиелендірудің негізгі сферасы - күрделі жұмсалымдар:басым өндірістерді қаржыландыру;экономикалық ж/е әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру.
Мемл.несие ресурстарын: 1)бюджет тапшылығын қарж/у; 2)ұлттандырылған ж/е аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қарж/у;3)биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қарж/у;4)елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланылады.
Мемл.несиенің негізгі нысаны несие қатынастары болып көрінетін мемл.қарыздар болып табылады, бұл қатарда мемлекет қарызгер ретінде болады.
Мемл-к қарыздар -нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге ж/е белгілі ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи ж/е жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Қарыздар Салықтар
1.Ерікті сипаты 1.Мәжбүрлеме сипаты
2.Мәжбүрлеудің 2.Мәжбүрлеудің анық сипаты
бүркемелі нысаны
Қарыздар өтеу мезгілі б/ша: қысқа мерзімді(1жылға дейін);орта мерзімді(1-5жылға дейін);ұзақ мерзімді(5жылдан жоғары).
Орналастыру орны б/ша: ішкі(қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары сатып ала алады),сыртқы.
Орналастыру әдістері б/ша: еркін айналатын,жазу б/ша орналастырылатын,мәжбүрлеме болып ажыратылады.
Мемлекеттік борыш -белгілі бір күнде немесе белгілі бір мерзімнен кейін пайызбен бірге өтелуі тиіс,бірақ өтелмеген,шығарылмаған мемлекеттік займдар сомасы. Мемл борыш-мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері,несиелері ж/е оларға байланысты төленбеген пайыздары б/ша берешегінің жалпы сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті ж/е қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемл.борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді.
Орналастыру рыногына,қарыз валютасына,басқа сипаттамаларына қарай:
1)Мемл.ішкі борыш-әрбір елдің ішінде экономиканың түрлі секторларының өзара берешегінің сомасы ретінде құралатын борыш.Ол:мемл ішкі борыштан,корпоративтік сектор борышынан,халық борышынан қалыптасады.
2)Мемл.сыртқы борыш-мемл/ң шетелдік валюталық қаржы ұйымдарына,ресми мемл/к институттарға,жеке меншік банктерге берешегінің сомасы.
Мерзіміне қарай: қысқа мерзімді(1жылға дейін), орта мерзімді(1-10жылға дейін), ұзақ мерзімді(10-∞)бөлінеді. Сондай-ақ күрделі(мемлекеттің шығарылған ж/е өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасы); ағымдағы(мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері б/ша несиегерлерге табыс төлеу ж/е мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар). Мемл.борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Мемл.борыштың салдары: үлкен көлемдегі мемлекеттік борыш мемлекетті банкротқа ұшыратпайды,өйткені үкіметтің келесідей іс-қимылдары қолданылуы мүмкін: 1)қайта қаржыландыру: төлеу мерзімі жеткен облигацияларды өтеу үшін практикада өкімет шығыстарды қысқартпайды ж/е салықтарды көтермейді. 2)салық салу: үкіметтің салық салуға және оларды жинауға құқығы бар.Қаржы дағдарысы кезінде жеке шаруашылықтар мен корпорациялар салық жинау есебінен кірістер ала алмайды,ал үкімет алады. 3)ақша жасау: борыштың негізгі сомасын ж/е пайыздарды төлеу үшін үкіметтің ақша эмиссиялауға мүмкіндігі бар.
55. ҚР салық ставкасы
С.ст – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Түрлері: 1. Пайыздық– салық салу мөлшерін пайыздық түрде есептеу. Оның 3 түрі бар: 1)үйлесімді – ол салық объектісіне (оның мөлшерін саралаудың мөлшерін есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді. 2) пргрес. – табыстың артуына қарай мөлшерлеменің өсуін қажетсінеді. Прогрессивті ставкалар ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді. 3) регрес – табыстың кемуіне қарай мөлшерлеменің төмендеуін қажетсінеді, табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдарға тиімсіз. 2.Тұрақты салық ставкасы – табыс көлеміне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне)Салық ставкасы рыноктық экономика жағдайында салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі мен және жалпы мемл. қажеттіліктерді қамт. ету ескеріле отырып пайдаланылады. Ставка мөлшері заңнамалық жолмаен белг. Және тиісті жылға арналған мемл. бюджетті бекіту кезінде түзетілуі мүмкін.
Еліміздегі салық ставкалары:1)Жеке табыс салығы - 10%;2)Корпоративті табыс салығы - 20%;3)Қосылған құн салығы – 12%;4)Әлеуметтік салықтар – 11%;5)Акциз ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді;6)Рента салығының мөлшерлемелері бұл өнімнің әлемдік бағасына қарай 0%-дан (бір баррель үшін 20 АҚШ долларынан төмен баға кезінде) 32%-ға дейін (бір баррель үшін 200 және одан жоғары баға кезінде) белгіленеді: барлығы 19 сараланған мөлшерлемелер. Көмірді экспорттау кезінде экспортқа рента салығы 2,1 проценттік ставка бойынша есептеледі.;7)Көлік құралдар салығы есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі (АЕК). Мысалы; жеңіл автокөліктерге 4-тен 117 АЕК дейін, ал ауыр автомобильдер мен арнаулы автомобильдер 6-дан 15 АЕК дейін;8)Жер салығы:5000 шаршы метрге дейін - әрбір шаршы метр үшін 0,20 теңге;-5000шаршы метрден жоғарғы –әрбір шаршы метр үшін 1,00теңге9)Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай (1млн. Теңгеден 120млн. Теңгеге және жоғары)жыл сайын 0,05% 1,5%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша төленеді.;10)Құмар ойын бизнес салығы: Ойын үстеліне-айына тиісті қаржы жылына арналған рес-қ бюджет туралы заң белгілеген айлық есептік көрсеткіш-830. Ойын автоматына -30,тотализатор кассасына -125,тотализатордың электрондық кассасына -125. Букмекер кеңесінің кассасына-75, букмекер кеңесінің электрондық кассасына-75 еселенген мөошерін құрайды;11)Тіркелген салық: Салық төлеу 1-83 АЕКға дейін жүргізіледі;12)Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады;13)Жер қойнауын пайдаланушылар үшін салық: 1 млрд.текше метр-0,5%; 2 млрд.текше метр – 1%; 2 млрд.текше метрден жоғары – 1,5 %.
56. Мемлекеттік борыш ж/е оның түрлері
Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштык міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік карыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Ішкі мемлекеттік борыш - Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындагы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сыртқы мемлекеттік борыш—Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сырткы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.Мемлекет кепілдендірген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік карыздардың сомасы.Күрделі мемлекеттік борышдеп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады. Ағымдағы борыш - бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу женіндегі шығыстар.Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттык банктің және Үкіметтің кепілдігі үлесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер Борышты кредиторлардың түрлері (тұрпаттары) бойынша өзара бөліске салсақ, көбінесе Дүниежүзілік банкке, Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты қаржыландыратын ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын - қазынашылық міндеттемелерді, Ұлттық банктің ноталары мен еурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке және заңи ұйымдар. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс.
57. Қаржы саясатының міндеті,мақсаты,қағидалары.
Қаржы саясаты дегеніміз – қоғамның әл/к-эк/қ дамуы б/ша мемл-ң өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шаралар жиынтығы.
Қаржы саясатының міндеттері:
1. Мемлекеттің нақты дамуы сатысына қарай, яғни ұлттық шаруашылық секторының ж/е аумағының қажетіне қарай қаржы ресурстарымен толық қамтамасыз ету жағдайларын жасау.
2. Мемлекеттің қармағындағы барлық қаржы ресурстарының эк/ка салаларының арасында, ұлттық шаруашылық секторлары мен әкімшілік аумақтың бірліктерінің арасында неғұрлым үнемді мақсатта бөлуді қамтамсыз етуді көздейді.
3. Қаржы саласындағы нақтыланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін тиісті қаржылық механизмді жүргізуді,құруды көздейді.
Қаржы саясатының негізгі мақсаты -бюджет кірістері мен шығыстарының арасындағы теңдікке жеткізуді қоса алғанда эк-ны сауықтыру үшін, эк-ң өндіріс саласын дамыту б.т. Қазақстан жағдайларындағы қаржылық саясаттың мақсаты – іс-шаралар әзірлеу ж/е оларды индустриялық-инновациялық дамудың,ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың,елдің эк-н әлемдік шаруашылыққа ұтымды біріктіру жолымен сыртқы эк-қ қызметті жандандырудың негізінде эк-қ өсуді қамтамасыз ету,әл-к бағдарламаларды үздіксіз және ұлғаймалы қаржыландыру жөніндегі қаржылық механизм арқылы іске асыру б.т.
Қаржы саясатының қағидалары:
1. ҚР-ның нақты көлеміне қарай ұлттық-шаруашылық секторларының,әкімшілік аумақтың бірліктерінің, сол аумақта тұратын әл/к-кәсіби топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мемлекеттке қаржы ресурстарын бөлуге, яғни қоғамдық өндіріске қатысушылардың әрқайсыларының мүдделерін сақтау мен қорғау.
2. Қаржы қатынастарын ұйымдастыруда жоспарлықты қамтамасыз ету.
3. Қаржы буындарының, яғни қоғамдық өндірістегі қатысушылар мен шығындар арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету болып табылады.
4. Қаржы резервтерін құру.
5. Мемлекет пен шаруашылық тұлғаның арасында қаржы ресурстарын тиімді бөлуді қамтамасыз ету.
Қаржылық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттар:
· объективті эк-қ заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
· нақты арихи жағдайларды есепке алу;
· өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.
58. Мемлекеттік реттеудегі қаржылық реттеу түрлеріне сипаттама.
Экономиканы мемл/к қаржылық реттеу – бұл макроэк/қ тепе-теңдікке ж/е эк/ң жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның дамуына әсер ету үшін,сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін ШЖС/ге мемл/ң қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты ж/е дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі: мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.Реттеудің 2 тұрпаты бар: Эк/қ(оның қарж/қ, бағалық/қ,кредит/к,валют/қ,еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) ж/е әкімшілік реттеу.Қаржылық реттеудің түрлері:1) салықтық реттеу 2) бюджеттік реттеу
3) валюталық-қаржылық реттеу
4) кедендік-тарифтік реттеу
5) мемлекеттік-кредиттік реттеу
6)мемлекеттік борыш
7)шаруашылық ішіндегі реттеу(фирма ішіндегі,к/о,ұйым,корпорация ішіндегі ж/е т.б.)
Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: бюджетте - қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта - тура ж/е жанама салық салу, валюталық-каржылықта - сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар - қаржылық реттеудің негізгі нысандары. Мемлекеттік-кредиттік түріндегі нысандар сан алуан.
Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.
Реттеудің айрықша нысаны мемлекеттік сатып алу болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу — мемл/к органдардың, мемл/к мекемелердің, сонымен бірге мемл/ік к/о-ң, заңи тұлғалардың ж/е олармен аффиландырылған заңи тұлғалардың олардың қарамағындағы ақшалардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы.
Мемдекеттік сатып алудың үдерісі мыналарды кіріктіреді:
- сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номеклатурасы мен көлемін калыптастыру;
- жеткізушіні тандау, онымен мемлекеггік сатып алу туралы келісімшарт
жасасу;
- мемлекеггік сатып алу туралы келісімшарттың атқарылуы.
Мемлекеттік сатып алуды ретгеу мына кағидаттарға негізделеді: сатып алуға пайдаланатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау; барлык әлуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу үдерісіне катысу үшін тең мүмкіндіктер беру; жеткізушілер арасында әділетті бәсеке; мемлекеттік сатып алу үдерісінің жариялылығы.
59. Сақтандыру мен қаржының байланысы.
Сақ. мен қаржының ортақ белгілері: 1)қатынастардың ақшалай формада болуы. 2)табыстарды қайта бөлу процесіне қатысуы. 3)мақсатты ақша қорларын қалыптастыру мен қолдануы. 4) сақты қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы. 5) ақшалай қорларды жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді(қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру мен қаржының айырмашылығы:
1)Cақтандыруақшалай нысанда жүргізіледі, яғни сақтық қызметті жүргізу үшін ақшалай ресурстарды кіріктіретін қаражаттар болуы тиіс. Ондай ақшалай қаражаттар резервтік және сақтық қорлары негізінде қалыптасады. Ал қаржы дегеніміздің өзі бұл - ақшалай қатынастардың жиынтығы.
2)Қаржыжалпы қоғамдық өнімді бөлуге және оны қайта бөлуге қатысады. Табыстарды қайта бөлу үш қор арқылы жүзеге асады: орын толтыру қоры, тұтыну қоры, қорлану қоры. Сол сияқты сақтандыру кезінде де қайта бөлу жүреді, яғни ол алдын-алумен түсіндіріледі. Алдын-алу шараларын қаржыландыру мақсатымен түскен табыстың қайта бөлінуі.
3)Қаржыдамақсатты ақша қоры ретіндебюджетті айтсақ, ал сақтандырударезервтік сақтық қорларын айтуымызға болады. Олар белгілі бір мақсатта құрылып, қолданылады.
Сақтандыру шеңберінде мемл.сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі б.т. қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) эк-қ жүйе шеңберінде айрықша сақтанушы немесе оның қайта бөлу үдерістерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
60. Қаржы нарығы құрылымы.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Қаржы рыногының құрылымы:1)сақтандыру рыногы;2)ақша рыногы;3)зейнетақы рыногы;4)бағалы қағаздар рыногы,5)валюта рыногы;6)депозит рыногы;7)несие рыногы.1)Сақтандыру рыногы – сақтандырушы мен сақтанушы арасына тығыз байланыс орната отырып,сақтандыру нәтижесіне байланысты эк-қ қатынастардың жиынтығы.Сақтандыру- 2 жақ тәуекелге бара отырып,1жақ 2ші жақты сақтандыруға келісім беруі.Сақтандыру рыногының негізгі міндеттері:1)реттеуші – нарық басқалары сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады;2)коммерциялық – сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түскен табыстарды қамтамасыз етеді;3)бағалық – компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді;4)сенімділік – сақтандыру операциялары қолайсыз н/се басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді. Сақтандыру түрлері:І.салалық белгісі бойынша:а)өмірді сақтандыру рыногы(зейнетақыны,денсаулықты,некелесуді,аннуитетті); ә)мүлікті сақтандыру; б)жауапкершілікті сақтандыру; в)бақытсыздық жағдайын сақтандыру. ІІ.ауқымы жағынан:а)ұлттық;ә)аймақтық; б)халықаралық.ІІІ.сақтандыру индустриясының ұйымдық-құқықтық түрлеріне байланысты:а)мемлекеттік;ә)АҚ жүргізетін;б)сақтандыру қорларын сәйкесінше құрайтын өзара сақтандыру.IV.жүзеге асыру түрлері бойынша:а)міндетті;ә)ерікті.V.объектісі бойынша:а)жеке;ә)мүліктік.
2)Ақша рыногы.Ш.ж.с-ң қаржылық қызметінде,яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу ж/е қайта бөлу рыногының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады.Функциялары:1)төлем ф-сы – операцияларды жүзеге асыру процесінде оған қатысушылар арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық.2)коммерциялық несиелерді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемемен,яғни вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту,ШЖС-ң коммерциялық тұрғыда несиеленуіне мүмкіндік береді.3)есеп ф-сы – ҚРдағы кез келген заңды тұлға банктен шот ашуға тиісті.Құрылымы:1)қолма-қол ақша(банкнота);2)вексельдер мен борыштық қолхаттар рыногы;3)банктік акцепттер;4)чектер;5)төлем карточкалар.3)Бағалы қағаздар рыногы.ШЖС мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын ж/е сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі. Функциялары:1)коммерциялық;2)мақсаттық;3)ақпараттық;4)реттеуші;5)қайта бөлу;6)баға ж/е қаржы тәуекелділігін сақтандыру.Бағ.қағ. рыногының түрлері:1)халықаралық-ұлттық;2)ұлттық-аймақтық;3)нақты бағ.қағ. рыногы(акция,облигация);4)мемлекеттік ж/е корпоративтік;5)алғашқы ж/е туынды.4)Зейнетақы рыногы– бүгінгі таңда Қазақстандағы әлеум-эк-қ жүйесінде ең дамыған рынок.ЖЗҚ- бұл ҚР белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту ж/е зейнетақы төлеу бойынша қызметті,сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.5)Валюта нарығы – қаржы рыногының түрлі құрастырушыларының өзара әрекетін қамтамасыз етуге маңызды бөлігі.Бұл механизмнің көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылар арасында құқ-қ ж/е эк-қ қатынастар орнайды.Түрлері:1)шетелдік:2)алтын құйма;3)халықаралық төлемдер мен аударымдар;4)шетел валютасындағы бағ.қағ.
61. Эссе. ҚР-ғы ипотекалық несиелеудің жағдайы және даму перспиктивалары.
Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жаңа жүйесін дамыту үшін көптеген жағдайларда тұрақты алғышарттар бар деп айтуға болады. Әрине, ең алдымен, бұл тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санының ұлғаюы, бұған бір жақтан ескі тұрғын үйлердің тозуы да септігін тигізуде.
Соңғы жылдары орын алып отырған оңтайлы жағдайдың біріне халықтың жинақ қаражаты деңгейінің өсуін жатқызуға болады. Алайда, ол жинақтар тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың көбіне тұрғын үйдің құнын біржола толығымен төлеуге мүмкіндік бермейді. Осыған орай, ипотекалық несиелерге деген сұраныс та туындауда.
Ипотекалық кредит беру - тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең тиiмдi тәсілдерiнiң бiрi. Дәл осы ипотека халықтың - тұрғын үй жағдайларын жақсарту, банктердiң - тиiмдi және пайдалы жұмыс iстеу, құрылыс кешенiнiң - өндiрiстi ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа ипотекалық кредит берудi кең қолдануға жәрдемдесетiн экономикалық өсуге ынталы мемлекеттiң мүдделерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi.
Азаматтарға ипотекалық кредиттер берудi екiншi деңгейдегі банктер 1998 жылдан бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық кредиттер бойынша сыйақының бастапқы ставкасы жылына 20%, бастапқы жарна мөлшерi 40-50%-ке жуықты құрады, кредит 5-10 жылдан аспайтын мерзiмге берiлдi.
Елдегі ипотекалық кредит берудiң дамуымен ипотекалық кредит берудiң негізгi өлшемдерi азаю жағына қарай өзгерiстерге ұшырады. Мәселен, 2003 жылдан бастап екiншi деңгейдегi банктердегi сыйақы ставкалары жылына шамамен 12-15%-тi құрайды, бастапқы жарна мөлшерi жылына 15-20%-ке дейiн төмендедi, кредит беру мерзiмi орта есеппен 10-15 жылды құрады.
Алайда, ипотекалық кредит беру жүйесiнiң осындай дамуы кезiнiң өзiнде қызметтер көрсетудiң бұл түрi Қазақстан Республикасы азаматтарының аз санатына ғана қолжетiмдi болды. Негiзгi себептердiң бiрi халықта сыйақы төлеу мен бастапқы жарна үшін жеткiлiктi қаражаттың жоқтығы болып табылады. Осыған байланысты "Қазақстандық ипотекалық компания" ЖАҚ (бұдан әрi - ҚИК) құрылды. Қазiргi кезде ҚИК-тiң жарғылық капиталы 2,5 млрд. теңгенi құрайды. Екiншi деңгейдегi банктердiң ипотекалық кредиттер беру көлемiн ұлғайту үшін ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жолымен екiншi деңгейдегі банктердi қайта қаржыландыру ҚИК қызметiнiң мақсаты болып табылады.
ҚИК-тің қатысуымен ипотекалық кредит беру жүйесiнде 8 банк және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын 2 ұйым жұмыс iстейдi. ҚИК-тiң бағдарламасы бойынша ипотекалық кредиттер беру жөнiндегi өз қызметiн жүзеге асыратын "Каспий", "Астана-Қаржы" банкi, "ЦентрКредит" банкi, "АСҚ", "БТА-Ипотека" банкi, Нұрбанк, Қазақстанның Наурыз Банкi, ТехакаБанк, Альянс Банкi, Цеснабанк сияқты екiншi деңгейдегi банктер мен қаржы ұйымдары ҚИК-тiң серiктестерi болып табылады. Бұдан басқа, екiншi деңгейдегi банктердiң бiрқатары тұрғын үй құрылысына ипотекалық кредит берудi дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттің үлесі бар үш қазақстандық банк – «БТА Банкі» АҚ, «Альянс Банкі» АҚ, «Темірбанк» АҚ және «БТА Ипотека» Ипотекалық ұйымы» АҚ – ипотекалық несиелеу нарығында жұмыс жүргізудің бірыңғай стандарттарын қабылдауға келіскен. Осы стандарттарды жасау қажеттілігі Қазақстанның ипотекалық несиелеу нарығындағы бірқатар объективті мәселелерімен айқындалды. Олардың бастылары – несие алушылардың төлеу қабілеттілігінің төмендігі және қазақстандық банктердің несиелік портфелдері сапасының ары қарайғы нашарлауы.
Бұл негативті тенденцияларды жеңу мақсатында және қазіргі проблемаларды шешу үшін бірыңғай кешенді тәсілді қолдану қажеттігін түсіне отырып, мемлекеттік үлесі бар қазақстандық банктер несие алушылардың кең тобына арналған жүйелі шешімдердің үш пакетін жасап шығарды.
Бірінші пакет әлеуметтік жағынан қорғалмаған, ипотекаға сатып алған жалғыз тұрғын үйі бар несие алушыларға арналған. Несие алушылардың бұл тобына ипотекалық заемды қайта құрылымдау механизмі ұсынылатын болады. Бұған ағымдағы ай сайынғы төлемнің 10%-ға уақытша азаюы және екі жылдық жеңілдік мерзімі кіреді.
Екінші пакетке ипотекаға сатып алынған тұрғын үйді жалға беру механизмі енгізілген. Бұл пакет, объективті себептермен, ағымдағы ай сайынғы төлемдердің 50 пайызынан астам сомасын төлей алмайтын несие алушылар тобына ұсынылады. Осы механизмді іске асыру несие алушылардан тұрғын үйді ағымдағы нарық бағасымен сатып алып, ары қарай 2 жыл бойы жалға беруді көздейді. Осылай несие алушылардың бұл тобы тиімді шарттарда өз үйінде ары қарай тұра беру мүмкіндігін алады, ал ай сайынғы жалдау төлемі қазіргі несие өтемдерінің 50%-нан аспайды. 2 жыл өткеннен кейін несие алушы үйді қайта сатып алу құқығына ие болады. Ал тұрғын үй бағасы клиенттің банк алдындағы қалған берешегіне теңеледі.
Үшінші пакет үстемақы мөлшерл азайту мүмкіндігі мен несие леу мерзімі 3 ж ұзартуды қарастырады. Әрбір жағдай б шешім жеке қаб.
Қазақстандық ипотекалық несиелеу нарығындағы проблемалар әлемдік қаржы дағдарысының қазақстандық экономикаға ықпалы ретінде 2007 ж күзінде басталды. Ипотекалық несиелеу көлемінің, бір жағынан, өтімділік дефицитімен, ал екіншіден қазақстандық банктердің несие саясатын қатаңдатуы, сондай-ақ халықтың кіріс деңгейінің төмендеу себептерінен қысқарды. Салдарында Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында коллапсқа әкелді.
Ипотекалық нарықтағы дағдарыс белгілеріне нақты қарсылық ретінде ипотекалық заемдарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы болды. Ол 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және бірқатар қазақстандық банктер арқылы жүзеге асырылды. Бұл мақсаттарға мемлекет 120 млрд. теңге бөліп, бұлар еліміздің 8 коммерциялық банкі арасында бөлінді.
Осы бағдарлама аясында 15,3 мыңға жуық несие қайта қаржыланып, олардың үстемақы мөлшерлемелері 4,5 пайызға азайды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы несие алушылардың қарыздық жүктемесі, орташа есеппен, 17 пайызға жеңілдеді. Сонымен бірге, бағдарламаға қатысқан банктер қайтарылатын қаражат есебінен 15 жыл ішінде жаңа несие беру мүмкіндігін алды. Сондай-ақ, 2009 жылдың нәтижелері бойынша Альянс Банкі, БТА Банкі, БТА Ипотека және Темірбанк 13 мыңға жуық төлемдер бойынша мерзімді ұзартып, ал кешірілген өсімпұл сомасы 32,5 млрд. теңге құрады.
62. Эссе. Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттары.
ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі. Ұлттық банктің үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі - оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс әрекеттеріндегі тиімділігіне қажетті жағдай. Сондықтан Үкіметтің макроэкономикалық бағыты Ұлттық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды. Сайып келгенде кез келген Ұлттық банкте әрі банктің
|