Ең алдымен, WinRAR-ды іске қосу қажет. Ол үшін WinRAR белгішесін белгілеп алып, тышқанды екі рет шертеміз немесе Enter-ді басамыз. Сонымен қатар "Іске қосу" менюіндегі "Программалар" пунктінен WinRAR-ды таңдап кіруімізге де болады.
WinRAR іске қосылған терезеде ағымдағы буманың ішіндегі файлдар және бумалар тізімі көрсетіледі. Біз бірден архивтейтін файл тұрған бумага өтуіміз қажет. Ағымдағы дискіні өзгерту үшін Ctrl+D пернелер комбинациясың пайдаланамыз, дискілер тізімінен аспаптар тақтасындағы немесе терезенің сол жақ бұрышындағы керекті диск белгішесін шертеміз. Сыртқы бумаға шығу үшін Backspace (BS) немесе Ctrl+PgUp пернелерін, әйтпесе аспаптар тақтасындағы "Жоғары" деген кішкене батырманы қолданамыз. Басқа бумаға өту үшін Enter, Ctrl+PgDn
пернелерінің бірін басамыз немесе сол бума белгісін екі рет шертеміз.
Дискінің түпкі бумасына өту үшін Ctrl+ пернелерін басу қажет.
Қажет файлдар бар бумаға кірген соң, архивтейтін файлдар мен бумаларды ерекшелеп белгілейміз. Бұны курсорды басқару-бағыттауыш пернелері немесе тышқанның сол жақ батырмасымен Shift (Сілтеу және Windows-тың басқа да программаларындағыдай сияқты) пернесін бірге басу арқылы жүзеге асырамыз. WinRAR терезесінде файлдарды ерекшелеп белгілеу үшін "Бос орын" және Ins пернелерін қолдануға да болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастау мүмкіндіктерін туғызады.
Бір немесе бірнеше файлдарды ерекшелеп алып, Қосу батырмасын шертеміз (мұны Alt+A пернелері немесе Командалар менюінен "Файлдар архивке қосу" командасын таңдау арқылы да іске асырамыз). Пайда болған сұхбат терезесіне архивтің атын енгіземіз немесе алдын ала келісім бойынша берілген атын растау қажет. Осы жерден жаңа архивтің (RAR немесе ZIP) форматын, қысу тәсілін, том көлемін және басқа да архивтеудің параметрлерін таңдауға болады. Бұл сұхбат туралы архивке ат беру, параметрлер енгізу Сұхбат бөлімінде толық сипатталады. Архивті жасау үшін ОК батырмасын шерту қажет.
Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесін кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау батырмасын басу керек. WinRAR терезесін жүйелік науада (tray) кішірейтіп ықшамдау үшін, Фондық батырмасын басамыз. Архивтеу аяқталған соң, статистика терезесі жойылады, ал жасалған архив ағымдағы белгіленген файл күйінде қалады.
Жасалған RAR архивіне тасымалдау арқылы файлдарды қосуға да болады. Егер WinRAR терезесінде архивті белгілеп және оның атында Enter (немесе тышқанды екі рет шертіңіз) пернесін бассақ, RAR архивті оқып, мазмұнын көрсетеді. Енді терезеде басқа файлдарды қарапайым тасымалдау арқылы архивке файлдарды қоса аламыз.
Файлдарды архивтен шығарып алу
WinRAR ортасында архивтен файлды шығарып алу үшін, алдымен архивті ашып алу керек. Оны төменде көрсетілген бірнеше тәсілмен жасай аламыз:
- Windows ортасында архивтік файлға екі рет тышқанды шерту немесе Enter-ді басу (Сілтемеденемесе Жұмыс столында).Егер WinRAR орнатылған кезде (алдын ала келісім бойынша) архив-файл типімен байланысқан болса, онда архив WinRAR-да ашылады. Бұл әрекетті кейіннен WinRAR-ды орнатып болган соң да "Интеграциялау" сұхбаты көмегімен жасауға да болады;
- WinRAR терезесіне немесе белгішесіне архивті тасымалдау. Бұны жасамас бұрын WinRAR терезесінде басқа архивтің ашық болмағандығы тексеріп алған жөн, себебі тасымалданатын архивіміз басқасына қосылып кетуі мүмкін;
- командалар қатарынан параметр түрінде архивтік атпен WinRAR-ды іске қосу;
WinRAR терезесінде архивті ашқанда, оның мазмұны шығады. Шығарып алынатын керек файлды және буманы ерекшелеп алу қажет. Ол үшін "Бос орын" және Ins пернелерін қолдануға болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын толық ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастауға мүмкіндіктер туғызады.
Бір немесе бірнеше файлдарды белгілеп алған соң, WinRAR терезесіндегі Шығарубатырмасын басамыз (оны Alt+E пернелері немесе Командалар менюінен "Файлды архивтен шығару" пункітін таңдау арқылы орындаса да болады). Егер де архивтен шығарылған файлды басқа бумаға сақтағыңыз келсе Шығару...(немесе Alt+A-ны басыңыз) батырмасына шертіп, пайда болған терезеде қажет жолды көрсетіп, ОК-ны басу керек. Мұнда бірнеше қосымша параметрлерді ауыстыру болады (бұл туралы толығырақ информацияны Сұхбат бөлімінде оқи аласыз).
Архивтеу кезінде статистикалық терезені пайдаланып, қысу процесін тоқтатуға болады. Ол үшін Болдырмау батырмасын басу керек. WinRAR терезесін жүйелік науада (tray) кішірейту үшін, Фондық батырмасын басамыз. Архивтен шығару қатесіз аяқталса, онда WinRAR өз ортасына оралады, ал кері жағдайда диагностикалық хабарламасы бар Терезе пайда болады.
Программаны қосу:
А) WinRar программасын таңдаған кезде - Пуск\Программы\WinRar\WinRar.exe программа қосылады. Берілгендерді архивациялау үшін құрал-жабдықтар панелінде – Добавить в архив кнопкасын таңдау керек;
Ә) Немесе қажетті объектіні белгілеп алып, контекстті менюде «Добавить в архив» командасын таңдау керек. «Имя и параметры архива» терезесі ашылады, онда келесіні таңдауға болады.