Дербес компьютерлердің көп таралған ОЖ-лерінің бірі MS-DOS, Microsoft корпорациясы өңдеген дискілік операциондық жүйе.
Операциондық жүйенің қызметі: пайдаланушымен компьютер арасындағы диалогты қамтиды, енгізу-шығару және берілгендерді басқару, программаларды өңдеуді жоспарлау және ұйымдастыру, ресурстарды басқару, программаларды орындауға жіберу, өзге қызметтер, ақпарат алмасу, периферийлік құрылғылармен жұмыс істеу.
MS-DOS ОЖ-сі келесі компонентерді қамтиды:
- Файлдық жүйелерді басқаратын және компьютерге нұсқау беретін программалар;
- Енгізу-шығаруды басқару программалары;
- Командалық тіл процессоры, командаларды басқарады, сараптайда, қабылдайды, орындайды.
Norton Commander операциондық қабыршығы
Компьютердегі ақпараттарды ыңғайлы да көрнекті басқаруды қамтамасыз ететін программалық құралдарды программалық қабыршық деп атайды. NORTON COMMANDER программалық қабыршығында барлық амалдар F1-F10 функционалді пернелермен және F9 пернесін басқанда шығатын экранның жоғарғы жағында орналасқан менюлер арқылы орындалады.
NC экраны екі панельден тұрады, оларда каталогтер мен файлдар аттары жазылады. Каталогтер - бас әріптермен, файлдар – кіші әріптермен көрсетіледі. Панельдер астында MS-DOS C:\> шақыруы орналасады, онда MS-DOS командаларын енгізуге болады. Экранның төменгі бөлігінде F1-F10 функционалдық пернелерінің қызметтері жазылған.
Norton Commander ОҚ-ғын қосу командасы: nc\nc.exe
Norton Commander-ден шығу пернесі - F10. Экран ортасында «Norton Commander-ден шығасыз ба?» деген диалогтық сұрақ шығады. Шығу үшін Enter немесе Y әріпін басасыз. Шықпайтын болсаңыз, Esc немесе N әріпін басасыз.
№4 лекция. Windows ОЖ-сінің графикалық интерфейсі: негізгі объектілер және оларды басқару әдістері, файлдық жүйелермен жұмыс, Windows ОЖ-сін орнату.
Windows жанұясының (ағылш. window- терезе) операциондық жүйелері IBM PC платформасының графикалық операциондық жүйелері болып табылады. Windows 95, Windows 98 жүйелері жеке компьютерді басқаруға негізделген, сонымен қатар, кіші компьютерлік желіні қамтиды (жергілікті не біррангілі жүйе), және жалпы желі Internet – ке қосылуды қамтиды. Windows NT (Windows 2000) ОЖ-сі бүкіләлемдік жалпы желіні басқаруды қамтамасыз ететін қуатты желілік операциондық желі болып табылады.
Windows ОЖ-сінің негізгі қасиеті сұрақ берілген объектіні орындай алады. Windows ОЖ-сінің обьектілері:
файлдар;
каталогтар не папкалар;
компьютердің логикалық құрылғысының папкалары (дискілер, принтер, модем және т.б.).
Басқару амалдары. В системной среде Windows жүйесінде амалдар меню қатары арқылы, құрал-жабдықтар панелі арқылы, контексттік меню арқылы, терезелер жүйесі немесе Проводник программасы арқылы орындалады.
Windows жүйесінде бір әрекет істеу үшін белгілі бір әрекеттер тізбегін орындау керек: бірнеше амалдық обьектілер арасынан қажетті объектіні таңдау, мысалы, ашу, көшіру, жіберу, қарау, жою және т.б.
Файлдар және файлдық жүйе.
Белгілі бір файл дискінің қай жерінде орналасқаны жайлы ақпарат дискінің жүйелік облысында сақталады. Қызметтік берілгендер форматы нақты бір файлдық жүйе арқылы анықталады. Берілгендерді сақтаудың ең аз физикалық өлшем бірлігі - сектор болып табылады. Сектор өлшемі 512 байтқа тең. Секторлар тобы кластерге жинақталады. Кластер берілгендерге баратын адрестің ең азы болып табылады. Кластер мөлшері сектор мөлшеріне байланысты және дискі көлеміне тәуелді болады. MS DOS , OS/2, Windows 95 ОЖ-лері файлдық жүйені файлдар орналасқан кестелер ретінде (FAT- кестелер) пайдаланады. Олар 16-разрядты аймақтан тұрады, бұндай файлдық жүйе FAT16 деп аталады, оған 65536 жазбадан (216) көп емес берілгендерді орналастыруға мүмкіндік береді. Файлдар кестелік түрде орналасса да пайдаланушылар оны иерархиялық құрылымда елестетеді, бұл халыққа ыңғайлы, ал, түрлендіру жұмысын ОЖ өзі атқарады. Файлдық құрылғы қызметтері:
ª Файлдар құру және оларға ат қою;
ª Каталогтер (папкалар) құру және оларға ат қою;
ª Файлдар мен каталогтердің атын өзгерту;
ª Файлдар мен каталогтерді көщшіру және орын алмастыру;
ª Файлдар мен каталогтерді жою;
ª Файлдар атрибуттарын басқару.
Файлдарды құру және ат қою.
Файл – әртүрлі ұзындықтағы аты бар тізбек. Файлға ат қойып оны файлдық жүйеде тіркеу керек. Файл аты «ұзын» не «қысқа» болып бөлінеді.
Файл аты екі бөліктен тұрады: файл аты және кеңейтілуі (типі). Екеуінің арасында нүкте болады, латын әліппесінің әріптік-сандық символдарынан тұрады. Windows 95 ОЖ-сі пайда болғалы бері файл аты «ұзын» бола алады, 9 символдан \ / : * ? < >. | өзге 256 символды қамти алады. Кеңейтілуі типке байланысты болуы керек:
.com, .exe, .bat – орындалатын;
.txt, .doc – тексттік;
.pas, .bas, .c, .for – тпрограммалау тіліндегі программалар тексттері: Паскаль, Бейсик, Си, Фортран;
.bmp, .jpg, .jpeg – графикалық файлдар;
.dbf – берілгендер қорының файлдары.
Файлдық құрылымдағы навигация. Навигация мақсаты қажетті папкаға не оның берілгендеріне жету.
Навигация Проводниктің сол жақ панелінде орындалады. Папкалар жинақталады, жайылады, жабық не ашық болады. Папкалар ішінде ішкі папка болса, онда файл шекесінде «+» белгісі болады, ішкі файлдар ашылғанда «-» белгіге өзгереді.
Алмасу буфері. Windows ОЖ-нде берілгендер терезелер жүйесі немесе Проводник программасы арқылы орындалады. Алмасу буфері арқылы тексттер фрагментін, файлдар, папкалар, суреттер және т.б. тасымалдауға болады.
Обьектілерді топтап белгілеу.Обьектілерді топтап белгілеу үшін келесі амалдар орындалады:
- Белгілі бір топты белгілеу үшін <Ctrl> пернесін басып тұрып қажетті обьектіге тышқанның сол жақ түймешесін басу керек;
- егер, белгіленген обьектілер тізбектей орналасса, онда, <Shift> пернесін ұстап тұрып, бастапқы және соңғы объектіні басу керек.
Windows-ң функциялары
Операциялық жүйе компьютерде орналасқан барлық жүйелерді және программаларды басқару үшін керек. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.Компьютермен жұмыс істеуде MS DOS ОЖ-ң көптеген кемшіліктері болды:
- әр жолы жүйемен тек бір есепті шешу ғана мүмкін;
- күрделі программалармен жұмыс істеу мүмкін емес;
- командалар тек пернетақтадан енгізіліп отырады және т.б.
1985 жылы Micrososft фирмасы алғашқы рет MS DOS қуатынан жүздеген есе артық Windows 1.0 жүйелік программаны, ал одан кейінгі жылдары оның кеңейтілген түрлі нұсқаларын дайындап шықты: 3.0, 3.1 және т.б.
Windows операциялық жүйесі мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:
- компьютердің барлық ақпараттық құрал-жабдықтарын басқару;
- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- қолданбалы программаларды іске қосу;
- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
- әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
- мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды және т.б.
Windows операциялық жүйесі автоматты түрде жүктеледі.
2. Windowsобъектілері:
Терезе
Терезе – Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып табылады. Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер түзетіліп, өңделеді және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезелер негізгі, сұхбаттық және мәліметтік болып үш түрге бөлінеді. Windows терезесі экранды жартылай, толығымен алуы немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді.
Жұмыс столы
Жұмыс столы – екінші негізгі түсінік болып табылады. Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан. Іске қосу (Пуск) батырмасы жұмыс столының төменгі қатарындағы панельге орналастырылып қойылады. Бұл қатарды Есептер панелі (Панель задач) деп атайды. Есептер тақтасының негізгі қызметі – программалар арасында мәлімет алмасу. Іске қосу (Пуск) – Windows-ң бас мәзірін экранға шығару батырмасы . ол үшін батырманы бір рет шерту жеткілікіті немесе пернетақтадан Ctrl+Esc пернелерен басу қажет. Оның құрамындағы жеке мәзірлер: Программалар (Программы) - Windows-ң негізгі мәзірі, мұнда қосымша программаларды жүктеуге арналған мәзірлер тәзәмә экранға шағарылады; Құжаттар (Документы) – пайдаланушы жұмыс істеген соңғы 15 файлдың тізімі шығады; Бапқа келтіру (Настройка) – компьютердің аппараттық құрамын және программалық жабдықталуын өзгертуге арналған командалара тізімі орналасқан; Іздеу (Поиск) – дискіден қажетті мәліметті табуға мүмкіндік береді; Анықтамалық (Справка) – Windows жайлы мәлімет; Орындау ... (Выполнить ... ) – компьютердегі программаны не құжатты іске қосу үшін сұралатын терезені ашады; Жұмысты аяқтау ... (Завершение работы ... ) – компьютерді сөндіруге даярлайтын терезені ашады.
Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар
Шартбелгі – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:
- қосымша программалар шартбелгісі
- белгілі бір топтар шартбелгісі
- функциялар шартбелгісі.
Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т.б.
Бума – экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады.
Мәлімет алмастыру буфері
Өзінің жұмыс істеуі кезінде Windows жүйесі программалр мен құжаттар арасында мәлімет алмастыру үшін компьютер жедел жадтың арнаулы бөлігін алмасу буфері ретінде пайдаланады. Буфер әртүрлі программалар мен құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қолданылады. Тасымалданатын мәлімет ретінде текст үлгілері, сурет, кесте және т.б. объектілер алынуы мүмкін.
Windows жүйесінде функционалдық пернелер қызметі:
<F10> - мәзір жүйесін іске қосу
Alt+(мәзірде асты сызылған әріпті басу) – таңдалған мәзірді ашу
<Ctrl+F4> - бағдарламадағы ағымдағы терезені жабу
<Alt+F4> - ағымдағы терезені жабу немесе бағдарламадан шығу
<Ctrl+C> - белгіленген объектіні көшіру
<Ctrl+X> - белгіленген объектіні буферге көшіру
<Ctrl+V> - буфердегі объектіні орналастыру
<Alt+Spase> - ағымдағы терезе мәзірін ашу
<Shift+F10> -белгіленген объектіге контекстік мәзір ашу
<Ctrl+Esc> -Іске қосу мәзірін ашу
<Ctrl+ -> - бағдарламаға арналған терезе мәзірін ашу
<Alt+Tab> -келесі терезеге ауысу
<Ctrl+Z> - соңғы орындалған әрекетті кері қайтару
№5 лекция. Ақпараттары архивациялау және компьютерлік вирустар. Архивациялау программалары мен әдістері. Компьютерлік вирустардан қорғау құралдары. Бүлінген ақпараты қалпына келтіру тәсілдері.