Float fun(int, float, int, int);
Getch();
Puts(res);
Puts(ptr);
Strcpy(res,ptr);
Puts(res);
Puts(ptr);
Clrscr();
Main ()
Getch();
Puts(str1);
Puts(str1);
Main ()
Ритчи
Жауап дұрыс!
4)strcpy(str1,str2) функциясы сөз тіркесінің көшірмесін алу үшін қолданылады, мұнда str2 айнымалысындағы сөз тіркесі str1 айнымалысына көшіріледі. Мысалы:
// strcpy(str1, str2) функциясын пайдалану
#include <conio.h>
#include <stdio.h>
#include <string.h>
{
char str1[21];
strcpy(str1,"Хал қалай, Азат?");
strcpy(str1,"Тамаша!");
}
Нәтижесі:
Хал қалай, Азат?
Тамаша!
2-мысал:
// strcpy(str1, str2) функциясын пайдалану
#include <conio.h>
#include <stdio.h>
#include <string.h>
#define stroka "көшіру функциясы"
{
char *ptr=stroka;
char res[25];
}
Нәтижесі:
көшіру функциясы
көшіру функциясы
көшіру функциясы
Мұнда ptr айнымалысы көшіру функциясысөзін береді, res айнымалысы бос жол береді, ал келесі жолы екеуі де көшіру функциясысөзін береді.
5) strstr(str1,str2) функциясы 2-ші көрсетілген жолды 1-ші жолдың ішінен іздейді.
6) strset(str,ch) функциясы берілген қатардағы барлық символдарды көрсетілген символға (char ch) ауыстырады.
7) strtod(str1,str2) функциясы берілген қатарды double типті санға ауыстырады.
8) strchr(str,c) функциясы берілген қатардағы коды көрсетілген символдың позициясын анықтайды.
9) strrev(str) функциясы берілген қатардың барлық символдарын керісінше бейнелейді.
10) strpbrk(str1,str2) функциясы 2-ші қатардың кез келген символын 1-ші қатардан іздейді.
Бақылау сұрақтары
1. Тіркестік айнымалылардың сипатталу тәсілдері қандай?
2. Тіркестік айнымалы қандай идентификатормен (атаумен) және қалай анықталады?
3. Бір тіркестік айнымалыға немесе тұрақтыға қанша символ жазуға болады?
4. Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?
5. Тіркестік өрнектер дегеніміз не?
6. Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амалдар қолданылады?
7. Тіркестің ішкі символдарын қалай бөліп алуға болады?
8. Си тілінде сөз тіркестерін өңдейтін қандай функциялар бар? Оларды қалай пайдаланады және олар қалай жазылады?
Дәріс№12
КӨМЕКШІ ПРОГРАММА. ФУНКЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
Си тілінде стандартты функциялармен қатар тұтынушы өзі құрастырған функцияларымен де жұмыс істеу мүмкіндігі жасалған. Ол функцияны алдын ала main функциясына дейін толық анықтау керек немесе оны алдын ала қысқаша сипаттап алып, main функциясынан кейін толық анықтауға болады. Сондықтан, тұтынушы функциялары декларациясы екі түрде: қысқаша сипаттау түрінде (main функциясына дейін) және анықтау түрінде (main функциясынан кейін немесе дейін) толық берілуі мүмкін.
Функцияны алдын ала сипаттау барысында программалық файлдың басында оның прототипі көрсетіледі, өйткені main функциясында оның айнымалылары типтері белгілі болуы тиіс. Ол келесі түрі жазылады:
<нәтиже_типі> <функция _ аты>(<тип> <айнымалы1>, <тип> <айнымалы2>, …<тип> <айнымалыN>);
Прототиптегі жай жақшаларға алынған айнымалылар идентификаторларын көрсетпесе де болады, өйткені тілдің компиляторы оларды өңдемейді.
Параметрлер тізімімен берілген fun функциясын сипаттаудың мысалы:
Функция прототипі компиляторға программа мәтінінде негізгі программадан (main()) кейін оның толық анықтамасы келтірілетінін білдіреді.
Функцияның толық анықталуының жазылу түрі төмендегідей:
<нәтиже_типі> < функция _ аты >(параметрлер
тізімі)
{
}
Нәтиже_типі return операторының көмегімен функцияның шақырылу нүктесіне қайтарылатын мәннің типін көрсетеді. Егер функция типі көрсетілмесе, қайтарылатын мән int типті деп саналады. Параметрлер тізімі үтірмен ажыратылған типтер мен параметрлер аттарының тізбегінен тұрады. Егер функцияның параметрлері болмаса да, жай жақшалар бәрі бір міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Return операторы берілген функциядан бірден шығып, нәтиженің оны шақырушы функцияға қайтарылуын қамтамасыз етеді, яғни бұл оператор функция жұмысы нәтижесін қайтару қызметін атқарады. Функция тұлғасында бірнеше return операторы болуы немесе бірде бір рет кездеспеуі де мүмкін екендігін айта кеткен жөн. Мұндай жағдайда шақырушы функцияға қайту оның тұлғасындағы соңғы оператор орындалғаннан кейін барып жүзеге асырылады.
Екі бүтін санның ішіндегі кішісін анықтайтын функцияның мысалы: