5 - 53 6 – 54 7 – 55 8 – 56 9 – 57
0 – 48 1 – 49 2 – 50 3 – 51 4 – 52
Getch();
Clrscr();
Char z;
Void main()
U-85 V-86 W-87 X-88 Y-89 Z-90
K-75 L-76 M-77 N-78 O-79 P-80 Q-81 R-82 S-83 T-84
Келесі программа 0 мен 9 арасындағы цифрлық символдарды және олардың ASCII кодтарын басып шығарады:
#include <conio.h>
#include <stdio.h>
{
for(z='0';z<='9';z++)
{
if (z=='0' || z=='5') printf("\n");
зкштеа(Э %с-%в Эбябя)ж
}
}
Жұмыс нәтижесі:
Символдық тіркестер
Символдық жолдарды немесе тіркестерді бірнеше тәсілмен өңдеуге болады, олардың негізгілері:
1. Тіркестік константаларды қолдану;
2. Char типті жиымды қолдану;
3. Char типіне сілтейтін нұсқауыштарды пайдалану;
4. Символдық тіркестерден тұратын жиымдарды қолдану.
Сөз тіркестері немесе тіркестік (жолдық) константа қостырнақшаға алынып жазылады. Тырнақшаға алынатын символдар тізбегінің ең соңына автоматты түрде ‘\0’ символы жазылады. Компилятор жолдық символдарды компьютер жадына жазғанда, олардың көлемін анықтау үшін сол символдар санын есептейді. Символдық константа осы сөз тіркесі жазылған жады аймағына сілтейтін нұсқауыш болып табылады. Символдық тіркестер жиымын (массивін) беру кезінде компилятор компьютер жадының қажетті көлемін анықтау үшін жиымды сипаттағанда, оны тіркестік константа арқылы инициалдауға болады. Мысалы:
char c[]= “Атырау, Алтай - жеріміз”;
Әдеттегі жиым қолданылатын жағдайлар сияқты бұл жиым аты с осы жиымның 1-элементіне сілтейтін нұсқауыш болып табылады.
c ==&c[0];
*c ==’0’;
*(c+1) == c[1] == ‘n’;
Сөз тіркестерін анықтау үшін нұсқауыштарды мынадай түрде сипаттауға болады:
char *c1 = “\n студенттер саны”;
осы сипаттауға эквивалентті болып келесі сипаттау есептеледі:
static char c1[]=”\n студенттер саны”;
Осы қарастырылған екі сипаттау да с1 тіркесінің нұсқауыш екенін білдіреді. Компьютер жадының қажетті көлемін айқын көрсетуге де болады. Мысалы, сыртқы сипаттауда келесі жолдың мынадай түрде жазылғаны көрсетілген.
char c[25]=”Білім - өмір шырағы”;
Элементтердің саны жолдың ұзындығынан бір символ артық болуы керек, яғни оның ең соңында ‘\0’ символы болуы тиіс.
Статикалық немесе сыртқы жиымдағы бұрынғы қарастырылған әдеттегі жиымдар оларды қолдану кезінде автоматты түрде 0-мен инициалданған болатын. Ал сөз тіркестерін пайдалану кезінде де статистикалық немесе сыртқы жиымдар солар тәрізді 0 символымен инициалданады.
Келесі мысалды қарастыралық: #include <stdio.h> #include <string.h> main () { char msg[30]; strcpy(msg, "Сәлем, Азат!"); puts(msg); }Мұндағы msg сөзінен соң тұрған [30] саны компиляторға 29 символ үшін, яғни char типіндегі 29 айнымалыдан тұратын жиым үшін жады бөлуді қамтамасыз етеді (30-орын нөлдік символмен – \0 толтырылады). msg айнымалысының символдық мәні жоқ; ол тек char типіндегі 29 айнымалының алғашқысының адресін (компьютер жадындағы белгілі бір орын адресі) сақтайды. Компилятор strcpy(msg, "Сәлем, Азат!") операторын кездестіргенде, екі түрлі әрекет орындайды: - "Сәлем, Азат!" тіркесі соңына (\0) символын (ASCII коды 0) қосады.- strcpy функциясын орындап, msg айнымалысы нұсқап тұрған жады аймағына сол сөз тіркесі символдарын біртіндеп көшіреді. Ол тіркесті көшіруді сөз соңындағы нөлдік символдан кейін барып аяқтайды. puts(msg) функциясын орындағанда, оған msg мәні, яғни тіркес құрамындағы бірінші символ адресі беріледі. Одан кейін puts сол символдың нөлдік символ емес екенін анықтап, ары қарай адреске бірді қосып, келесі симводы оқиды, т.с.с. тіркес соңына дейін жетеді. Нөлдік символға жеткен соң, puts жұмысты аяқтайды; Осындай тәсіл тіркес ұзындығына шек қоймай, нөлдік символға дейінгі символдарды біртіндеп оқуды жүзеге асырады.
Символға нұсқауышты пайдалануЕкінші тәсіл – символдарға нұсқауыш жасау. Программаны келесі түрге келтірейік: #include <stdio.h> #include <string.h> main() { char *msg; msg = "Сәлем, Азат!"; puts(msg); }msg алдындағы жұлдызша (*) компиляторға оның символға нұсқауыш екенін білдіреді, яғни msg белгілі бір символ адресін сақтай алатын айнымалы. Бірақ мұнда компилятор символдар үшін ешқандай орын бөлмейді және msg да ешқандай мәнге ие болмайды. Компилятор strcpy(msg, "Сәлем, Азат!") операторын кездестіргенде, ол тағы екі түрлі әрекет орындайды: - объектілік код файлы ішіндегі бір орынға соңына (\0) символы қосылған "Сәлем, Азат!" тіркесін (ASCII коды 0) жазып қояды.- сол тіркестің алғашқы символы адресін msg айнымалысына меншіктейді. strcpy функциясын орындалып, puts(msg) командасы бұрынғыша нөлдік символға дейінгі мәліметті көшіреді. Енді символдық тіркестерден тұратын жиымдарды қарастыралық. Бұл жиымдардың әрбір жолы символдық жиым болып табылады. Мысалы, статикалық жиымның сипатталуы келесідей түрде жазылуы мүмкін:
*m[4]={”регистр”,”жады”,”курсор”,”элемент”};
бұл жиым символдық тіркестерге сілтейтін 4 нұсқауыш болып табылады. Сонымен, символдық тіркестер жиымдар болып табылатын болса, онда осы жиымдарға сілтейтін 4 нұсқауыш қарастырылады. 1-жолға сілтейтін 1-нұсқауыш болып m[0] есептеледі, m[1]– 2-жолға сілтейтін 2-нұсқауыш болып табылады. Сонымен, әрбір нұсқауыш соған сәйкес жолдың немесе қатардың ең бірінші символына сілтейді.
*m[0]==’р’; *m[1]==’ж’; *m[2]==’к’; *m[3]==’э’;
Тіркестерден құрылған жиымдарды сипаттағанда, символдық тіркестер көлемін көрсетуге де болады және бұл сипаттауда тіркестердің ұзындығын келесідей түрде көрсетуге болады:
static char m[10];
Символдар тіркестерін енгізу/шығару үшін printf() және scanf() функцияларының %s форматы қолданылады.
Тағы мысалдар келтірейік.
/* символдық тіркесті шығару */
#include <conio.h>
#include <stdio.h>