русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


B130200 «Стоматология»


Дата додавання: 2014-12-02; переглядів: 914.


 

Пән Информатика

 

Курс 1

 

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

АҚПАРАТТЫҚ –ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ТӘЖРИБЕЛІК САБАҚҚА

 

Тақырып №

Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары”

 

 

Құрастырушы

аға оқытушы Дихамбеков Ж.К.

 

Семей, 2011 ж.

 

«Студенттерге арналған ақпараттық-дидактикалық блок және әдістемелік нұсқаулар тәжрибелік сабаққа: Тақырып № “ Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары.”

 

кафедра (курс) мәжілісінде қарастырылды 2011жыл

Хаттама №

 

Курсқа жауапты Буланова Р.К.

 

1. Тақырыбы: Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары.

2. Оқу сағат саны: 3 акад. сағат (135 мин)

3. Тақырып өзектiлiгi(оқу дәлелдемесi) : Қазiргi заманның компьютерлiк технологиясының дамуы бiздiң өмiрiмiздiң әр қырларына ендi. Қазiргi бағдарламалардың оқытылуы жоғары оқу орындарындағы медицина студенттерi үшiн өте маңызды. Windows операциялық жүйесі құжаттарды дұрыс және сауатты толтыру дәрiгерлердiң ауру тарихын құрастыру, диагнозды жазуына тiкелей байланысты тәжiрибелiк әрекетiне көмектеседi. Қазiргi дәрiгелердiң күнделiктi өмiрiне компьютерлердiң енуi алыс емес.

4. Сабақтың мақсаты :Студенттерді Windows операциялық жүйесінің негізгі стандартты бағдарламаларымен таныстыру

5. Оқыту міндеті : Windowsтың стандартты бағдарламаларымен жұмыс жүргізуге машықтандыру

6. Студент бiлуге тиiс:

1. Windows операциялық жүйесінің интерфейсін.

2. Клавиатура мен тышқанды пайдалану.

3. Терезелердің түрлері мен пішіндері.

7. Студент iстей алуға тиiс:

1. Windows операциялық жүйесінің жұмысын аяқтау.

2. Терезені ашу, жабу, бүктеу және қалпына кетіру.

8. Сабаққа дайындалу сұрақтары :

- негiзгi бiлiм бойынша :

1. Программалардың түрлері.

2. Нортон Коммандер және оның менюі.

- осы сабақ тақырыбы бойынша:

1. Блокнот мәтіндік редакторы

2. WordPad мәтіндік редакторы

3. Калькулятор

4. Сілтеуіш (Жолсерік, Проводник)

5. Paint графикалық редакторы

9. Әдебиет

Негiзгi әдебиеттер:

Әдебиет:

Информатика Базовый курс под редакцией С.В. Симоновича, Питер, 2007, стр. 123-128,169-194.

Информатика под редакцией Н.В.Макаровой, Москва, 2007, стр. 489-504

 

10. Ақпараттық- лилактикалық блок.

Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары:

1) программа-көрсеткіш Проводник,

2) графикалық редактор Paint,

3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және WordPad

4) Калькулятор

5) Адрестік кітап

6) Мультимедиялық программалар жиынтығы «Развлечения»,

7) Қызметтік негіздегі программлар: Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,

9) Телефондық жүйемен байланыс ұйымдастыру программаларының жиынтығы Связь (Байланыс).

Стандартных программалар мәзірі меню ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1). «Пуск» батырмасын басқан соң «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.

Блокнот мәтіндік редакторы

Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік кұжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС.ВАТ және ІNIкеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға .ТХТ кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді.

Блокнот редакторынын терезесі және оның интерфейсінің элементтері 4-ші беттегі Блокнот суретінде көрсетілген. Блокнот редакторының терезесінің кұрамына кіреді: 1) такырып жолы (жүйелік мәзір пиктограммсы, кұжат, мысалы Безымянный, және қолданба Блокнот есімдері, терезе форматынөзгертуші 3 батырма), 2) жатық мязір жолы (Файл, Правка, Формат, Вид, Справка), 3) негізгі кұжат терезесі және 4) күй жолы (курсордың кұжат терезесінде орналасуы көрсетіледі).

Блокнот мәтіндік редакторымда бір жолға 1000 символдан артық символ жазуға болады. Сондықтан мәтін толығымен терезенің аумағында көрініп тұруы үшін Формат - Перенос по словам бұйрырығын орындау немесе Еnter тиегін басып келесі жолға көшіп отыру керек.

Көптеген әрекеттерді клавиатурады жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:

CTRL + N – құру CTRL + Y- қайталау CTRL + Н –алмастыру (ауыстыру)
CTRL + O - ашу CTRL + X-кесіп алу CTRL + G - өту
CTRL + S - сақтау CTRL + C – көшірме алу CTRL + A - барлығын белгілеу
CTRL + P – басу CTRL + V – қою  
CTRL + Z – болдырмау CTRL + F – табу  

WordPad мәтіндік редакторы.

Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқгы мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны - кұжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол - шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.

WordPad кұжаттарға өз бетімен RTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады.

WordPad программасы кұрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.

WordPad редакторының терезесі және оның интерфейсінің элементгері 5-ші беттегі WordPad(I) суретінде көрсетілген. WordPad редакторының терезесі, Windows операциялық жүйесінде жұмыс істейтін программалар тәрізді, мынандай элементтерден тұрады: 1) тақырып жолы (жүйелік мәзір пиктограммсы, құжат, мысалы Безымянный, және қолданба \Уогс1РасІ ссімдері, терезе форматын өзгертуші 3 батырма), 2) жатық мәзір жолы (Файл, Правка, Вставка, Вид, Формат, Справка), 3) Саймандар тақталары Стандартты (кұру, ашу, сақтау, басу, алдын ала көру, табу, кесіп алу, көшірме алу, кою, болдырмау, күн/уақыт) және Форматтау (шрифт; шрифт өлшемі; стиль; калың; еңкіш; асты сызылган; сол жак шетке, ортаға жэне оң жак шсгке тегістелген; маркер), 4) негізгі кұжат терезесі сызғышпен және 5) күй жолы.

Жұмыс кезінде қажет болса Шрифт, Абзац, Табуляция сұхбат терезелерін жатык мәзірдегі Формат арқылы алғга болады. Мәтіндегі тізімді белгілеу ушін Формат-Маркер бұйрығын орындау немесе Форматтау саймандар тақтасындағы Маркеры пиктогрммасын шерту керек. Тізімді белгілеуді аяқтау үшін белгілеу жүргізуге кажет әрекеітерді орндау керек.

WordPadмәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:

CTRL + N – кұру CTRL + O- - ашу CTRL + S- сақтау CTRL + P –басу CTRL + Z – болдармау CTRL + Y- қайталау CTRL + X- кесіп алу CTRL + C – көшірме алу CTRL + V – қою CTRL + F – табу CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру) CTRL + А – барлығын белгілеу

<== попередня лекція | наступна лекція ==>
B130100 «Жалпы медицина» | Раздел 4. Microsoft Excel


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн