русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Пайдаланылатын символдар


Дата додавання: 2013-12-23; переглядів: 2306.


СИ тілінің символдарын бес топқа бөлуге болады.

1. Тілдегі түйінді сөздер (ключевое слово – keyword) мен идентифика­торларды құрастыру үшін қолданылатын символдар (кесте). Бұл топқа ағылшын алфавитінің бас және кіші әріптері мен астын сызу символы кіреді. А және а айнымалылары екеуі екі түрлі болып есептеледі.

кесте

Латын алфавитінің бас әріптері A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z
Латын алфавитінің кіші әріптері a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z
Астын сызу символы _

2. Қазақ (орыс) алфавитінің бас және кіші әріптері мен араб цифрла­ры (кесте) сөз тіркестері мен түсініктеме мәтін жазуда пайдаланылады.

 

кесте

Қазақ алфавитінің бас әріптері А Ә Б В Г Ғ Д Е Ж З И К Қ Л М Н Ң О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ц Ч Ш Щ Ъ Ы І Ь Э Ю Я
Қазақ алфавитінің кіші әріптері а ә б в г ғ д е ж з и к қ л м н ң о ө п р с т у ұ ү ф х ц ч ш щ ъ ы і ь э ю я
Араб цифрлары 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

3. Операциялар таңбалары, айыру белгілері, қатынас таңбалары және арнайы символдар (кесте).

кесте

Символ Атауы Символ Атауы
, үтір } оң жақтағы жүйелі жақша
. нүкте { сол жақтағы жүйелі жақша
; нүктелі үтір < кіші
: қос нүкте > үлкен
? сұрақ белгісі <= кіші немесе тең
' апостроф >= үлкен немесе тең
! леп белгісі [ сол жақтағы тік жақша
| тік сызықша ] оң жақтағы тік жақша
/ қиғаш сызық # нөмір белгісі
\ кері қиғаш сызық % қалдық табу (пайыз) белгісі
~ тильда & амперсанд
* жұлдызша қостырнақша
+ плюс = теңдік белгісі
- минус = = тең (қатынас таңбасы)
^ логикалық “емес” таңбасы != тең емес (қатынас таңбасы)
) оң жақтағы жай жақша && конъюнкция (ЖӘНЕ)
( сол жақтағы жай жақша || дизъюнкция (НЕМЕСЕ)

4. Басқару және айыру символдары. Бұл топқа: босорын, табуляция символы, жаңа жолға көшу, жаңа бетке көшу таңбалары жатады. Бұлар тұтынушы анықтаған объекті­лерді – константтар мен идентификаторларды бір-бірінен айыру үшін қолданылады.

5. Көрсетілгендерден басқа Си тілінде басқару тізбектері деп аталатын мәліметтер енгізу мен шығаруда қолданылатын арнайы символдар тіркесі бар. Басқару тізбектері кері бөлу сызықшасы белгісінен (\) басталатын латын әріптері мен цифрлар тізбегінен тұрады ( кесте).

кесте

Басқару тізбектері Атаулары Он алтылық кодтары
\a Қоңырау
\b Бір орынға кері қайтару
\t Горизонталь табуляция
\n Жаңа жолға көшу 00A
\v Вертикаль табуляция 00B
\r Сырғыманы (каретканы) қайтару 00C
\f Форматты жылжыту 00D
\" Қостырнақша
\' Апостроф
\0 Нөл-символ
\\ Кері қиғаш сызық 05C
\ddd Сегіздік жүйедегі кодтар жиыны  
\xddd Он алтылық жүйедегі кодтар жиыны  

\ddd и \xddd (мұндағы d цифр тұрғанын көрсетеді) түріндегі тізбектер компьютер­дегі кодтар жиыны арқылы өрнектелетін символды сәйкесінше сегіздік және он алтылық цифрлар тізбегімен бейнелей алады. Мысалы, каретканы қайтару символы бірнеше тәсілмен өрнектеле алады:

\r – жалпы басқару тізбегі,

\015 – сегіздік сандардан тұратын басқару тізбегі,

\x00D – он алтылық сандардан тұратын басқару тізбегі.

Мысалы, жеке мынадай \n (жаңа жолға көшу) басқару тізбегін \010 немесе \xA түрінде де жазуға болады.

2.2.2 Тілдің қарапайым объектілері

Тілдің қарапайым объектілеріне сан, идентификатор, константа, айны­малы және функция, өрнек ұғымдары кіреді.

Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті мәлі­мет­тердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мән­­­дері болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болуы үшін алгебра кур­сын­дағы белгілеу­лерге ұқсас шартты атаулар пайда­ланы­лады. Бұл атау­лар әр түрлі мәндер­ді (сандық мән, символдық мән, т.с.с.) қабыл­дауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.

Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып екіге бөлінеді. Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т.с.с. Қазіргі дербес компьютерлер үшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшынша ІNTEGER) -32768 бен +32767 аралығында ғана жазылады, бұдан үлкен сандар нақты сандарға айналдырылады.

Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады. Мысалы: 2.65, 0.5, -0.862, -6.0. Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде mЕ±р түрінде жазылады да, олардың диапазоны әлде қайда кең болады, мұндағы m-санның мантиссасы деп аталады, Е-онның дәрежесі дегенді білдіреді, ал р- дәреженің өз мәні. Мысалы:

Кәдімгі жазылуы Си тілінде жазылуы
147,125 147.125
-6,045 -6.045
12*1014 12Е+14
-0,52*104 -0.52Е4
5,2*10-12 5.2Е-12
-45*106 - 45Е6

Тұрақтынемесеконстанта деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тіл ережесі бойынша бірнеше констант типтері болады, мысалы, символдық, бүтін, нақты константтар, т.б.

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Әрбір айнымалы мен констант программа алдында сипат­талуы тиіс. Олардың компьютер жадында алатын орны типтеріне байланысты болады. Константтар мен айнымалылар идентификатормен белгіленеді.

Атау – идентификатор (іdentіfіcatіon – объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және прог­рам­мадағы тұрақтыларды, типтер­ді, айнымалыларды, функциялар­ды, файл­дар­ды және тағы басқа­ларды белгілеп жазу үшін қажет.

Идентификатор – латын әрпінен басталып, әріптер мен цифрлардан тұратын тізбек. Мысалы, a, beta, b5, baga, т.с.с. Айнымалыны сипаттау мынадай нұсқада орындалады:

char f;long z, t;

int a, beta, baga;

float b5, k, n;

int y = 10;

Қолданылатын негізгі типтерге мыналар жатады:


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Потокові шифри | Шартты оператор


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн