русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Кіріспе


Дата додавання: 2014-11-28; переглядів: 1395.


УНИВЕРСИТЕТІ

Автомобиль көлігі кафедрасы

САРСЕМБАЕВ Т.У, САДЫКОВА А.М, АЛИЕВ Т.К.

«Тасымалдау процесстерді имитациялық модельдеу»

пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және техналогиялары»

5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы

мен тасымалдау ұйымдастыру»

5В012000 – «Кәсіптік білім беру»

мамандықтарының студенттеріне арналған

Оқыту түрі: күндізгі/сырттай

 

Қарағанды 2012

ӘОЖ 629.01=004.94

Сарсембаев Т.У., Садыкова А.М., Алиев Т.К., «Тасымалдау процесстерді имитациалық модельдеу» пәні бойынша зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар.

Қарағанды, ҚарМТУ, 2010.-16 б.

 

 

Әдістемелік нұсқаулар «Тасымалдау процесстерді имитациалық модельдеу» пәнінің оқу жоспары мен жұмыс бағдарламасыеың талаптарына сәйкес құрастырылған және курстың практикалық сабақтарының тақырыптарын орындау бойынша барлық қажетті мәліметтер енгізілген.

Әдістемелік нұсқаулар 5В090100 – «Көлік, көлікк техникасы және технологиялары», 5В090100 – «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану», 5В012000 – «Кәсіптік білім беру» мамандықтарының студенттеріне арналған.

 

 

Пікір жазған: ҚарМТУ-дың Редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі, т.ғ.к.,

доцент С.Ж. Кабикенов.

 

 

Университеттің Редакциалық-баспа кеңесі бекіткен

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2012

Кіріспе

Имитациялық модельдеу – бұл әртүрлі күрделі жүйелердің математикалық модельдерімен электронды есептеуіш машиналарын пайдалану арқылы эксперимент жүргізуге бейімделген сандық әдіс.

Имитациялық модельдеу - өте күшті анализ инструменттерінің бірі, жүйелеуге және күрделі процесстері функционалдауға және өңдеуге жауапты. Имитациялық модельдеудің идеясы қарапайым және сонымен қатар тартымды. Ол қолданушыларға бар немесе ұсынылған жүйелермен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді, мынадай жағдайда, мұны шынайы нысана жасау мүмкін емес.

Имитациялық жұмыс кезеңі электр энергиясы көтерме сауда нарығындағы барлық субъектілердің электр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс жағдайындағы өзара іс-әрекет тетіктерін ойластыруы, Қазақстан БЭЖ-нде электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімсіздіктерінің нақты көлемін анықтауы, қуат қорының қажеттілік-деңгейін нақтылауы, теңгерімдеуші электр энергиясы бағасының ауқымын анықтауы үшін өте қажет.

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистпикалық деп екі топқа жіктеуге болады. Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі узіндісін айтуга болады.

Имитациялық модельдер — процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш — синхротрон, найзағайдың разрядын бакқылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады. Ойын модельдеріне — әскери, экономикалык, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Сондай-ак қарсыласы немесе одақтасы тарапынан болатын іс-әрекетке қарай алдын алу шараларын анықтауға көмектеседі.

№1 тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Зерттелетін оқиғалардың корреляциондық модельдерінің

құрылуы.

Жұмыстың мақсаты: Берілген статикалық бақылаудың негізінде корреляциондық тәуелділікті түзу және параболаның теңдеуі түрінде шығару: x және y арасындағы байланыс тығыздығын бағалау.

Жұмыстың мазмұны.

1. x және y міндерін өз нұсқасына сәйкес қатардан алып, алдымен түзудің теңдеуі түрінде, ал одан кейін параболалық теңдеуіне қойып тәуелділік түрін табамыз.

2. Корреляция коэффициентінің көмегімен байланыс тығыздығын бағалау.

3. Алынған тәуелділік сызбасын құрастыру, корреляция өрісін көрсету.

4. Есеп беруді дайындау.

Корреляциондық байланыстар туралы түсінік

 

АТП-ның технико-эканомиялық және эксплуатациалық жұмыс көрсеткіштері бір-бірімен және сыртқы факторлармен байланысты: қызметтік клиентура жұмысы, жолдардың жағдайы, климат жағдайлары және басқалары. Көрсеткіштің шамасы нақты және айқын оған әсер ететін факторлардан тәуелді болса, онда функционалдық тәуелдік орнында болады, яғни шамалар арасындағы мұндай байланыста тәуелді функция толығымен әсер етуші факторлар мәнімен анықталады. Мысалы, жүкпен жүрудің орташа ұзындығы 1 (км) көліктің жалпы жүкпен жүріп өткен жолына L және олармен жүру көлеміне n:1=L/n тәуелді болады. Бұл теңдеу бір немесе бірнеше автокөліктердің жұмысын санау кезінде пайдаландығына, тасымал қай жерде орындалғанына, қандай жүк және қандай көлікпен тасымалданғанына қарамастан қатаң сақталады. Бірақ жылжымалы құрамның көптеген көрсеткішінің пайдалануының өзара байланысы, АТП іс-әрекетінің қорытындылары тек жалпы жиынды бақылауда байқалады. Мысалы, автокөліктердің эксплуатациондық жылдамдықтары тасымал аракашықтығына байланысты өсетіндігі белгілі. Бірақ дәл сондай арақашықтықта көліктің әрбір жүрісінде эксплуатациондық жылдамдықтары әртүрлі болуы мүмкін, себебі оған техникалық жылдамдық та әсер етеді, тиеу-түсіру уақыты және басқа факторлар. Егер де автокөлік жұмысының көрсеткіштерінің едәуір мөлшерін сараптасақ, жүкпен тасымалдау арақашықтығын жоғарылату кезінде эксплуатациондық жылдамдықты жоғарылатудың жалпы заңдылықтары анық көрінеді. Бұл жұмысты жоспарлау кезінде осы заңдылыққа негізделетінін көрсетеді. Осындай заңдылықтар функционалды емес корреляциондық тәуелділікті көрсетеді.

у функциаясының шамасы тәуелсіз х шамасының әсерінен толық анықталмайтындықтан коррляциондық байланыстар статикалық болып табылады. Басқалардың қатарында екі шамаға бірдей емес белгілі бір және одан басқа шамаға әсер ететін, кездейсоқ шамалар арасында пайда болатын ортақ кездейсоқ факторлар болғанда олар бір-бірімен стохастикалық байланыстармен байланысады.

Сонымен тәуелді функция у және тәуесіз функция х арасындағыбайланыс былай анықталады, әрбір у мәніне у-тің кездейсоқ қатарының мәндері сәйкес келеді, бірақ х өзгерумен бұл қатарлар белгілі бір заңдылықпен орнын өзгертеді.

Жай жағдайда корреляциондық сараптама екі көрсеткіштің байланысын анықтауда пайдаланылады. Оның біреуі – тәуесіз х көрсеткіш-фактор, ал кіншісі-одан тәуелді у көрсеткіші болып табылады. Бұл тәуелділік y=f(x)функциясымен сипатталады.

Корреляциондық сараптаманың бірінші сатысы осы функцианың түрінің құрылуы болып табылады, яғни тиімді түрде оқылатың байланыстың сиппаттамасына сәйкес келетін корреляциондық сараптаманың біршама жауапты тапсырмасы болып табылады және зерттелетін процесстің терең білімін талап етеді.

Жай теңдеу болып у=а01х, түріндегі түзусызықты функция және у=а01х+а2х2 түріндегі парабола саналады.

 

Жұмысты орындау тәртібі

1. түзу түріндегі тәуелділікті табу үшін және тұрақты коэффициенттерін анықтау керек. Ол үшін төмендегі жүйені шығару қажет:

 

Мұнда - бақылау саны , ал мәндері 1-кестеде анықталады.

1 – кесте

х у ху х2 у2 у′
           
   

 

1-кестенің соңғы бағанындағы у′-бұл а0 және а1, коэффициенттерін тапқаннан кейінгі және y=а0+ а1хформуласымен есептелгеннен кейінгі у-тің мәні.

Шыққан корреляциондық байланысты бағалау үшін корреляция коэффициентін есептейміз.

 

 

Мұндағы

 

; ; ;

 

Шығарылған корреляция коэффициентінің r мәні бойынша х және y арасындағы байланыс тығыздығына баға беру.

 

2.түріндегі параболаның тәуелділікті табу үшін а2 тұрақты коэффициенттерінің мәнің табу керек. Ол үшін төмендеулер жүйесін шешеміз:

Теңдеулер жүйесін құру үшін, алдын-ала 2-кестені есептеу керек.

 

2 – кесте

х у х3 х4 ух2 у
               
               
х у х3 х4 ух2 у″

 

а0, а1, а2 коэффициенттерінің мәні табылғаннан кейін у″=а01х+а2х2 формуласымен у″ мәні есептеледі.

 

Шыққан корреляциондық байланысты бағалау үшін теориялық корреляциондық қатынас есептеледі:

 

 

және мәндері келесі формуламен анықталады:

;

 

Алынған ηмән бойынша х және у арасындағы байланыс тығыздығына баға беру керек.

 

3. Алынған (шыққан) тәуелділікпен сызба құру және корреляция өрісін көрсету.

 

№1 – практикалық жұмысқа берілген мәндер

 
х1
у1
х2 2,4 8,6 9,3 7,4 5,8 9,9 9,5 6,7 7,1 4,1 9,8 8,6 4,9 9,2
у2 1,7 4,7 6,7 3,3 6,3 2,8 3,7 3,2 1,4 8,4 6,2 6,6
х3 2,5 19,8 20,8 15,8 8,5 24,5 11,2 12,8 4,2 9,0 24,2 18,5 21,2
у3 1,75 6,5 10,2 3,8 2,8 4,5 3,5 2,5 16,5 10,5 1,3
х4
у4 0,3 2,2 4,5 1,1 0,9 8,1 4,0 0,8 1,4 1,0 0,2 7,0 3,8 0,1 4,4
х5
у5 3,3 5,6 5,8 4,4 1,4 0,8 0,9 4,4 3,3 1,1 4,5
х6
у6
х7
у7
х8
у8
х9
у9
х10
у10
х11
у11
х12
у12

 

 

Бақылау сұрақтары

1. Корреляциондық модель деп нені түсінеміз?

2. Корреляциондық тәуелділік функционалдық немен ерекшеленеді?

3. Корреляция өрісі нені көрсетеді?

4. Корреляция коэффициенті не үшін есептеледі?

5. Теориялық корреляциондық байланыс не үшін есептеленеді?

6. Корреляциондық модельдер қандай жүйелерде қолданылады?

7. Корреляциондық модельдің дәлдігіне қандай факторлар әсер етеді?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шеннон Р. Имитационное моделирование систем – искуство и наука М.: Мир, 1978.

2. Завадский Ю.В. Решение задач автомобильного транспорта методом имитационного моделирования, М.: Транспорт, 1977.

 

 

№2 тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Автокөліктерге қызмет көрсету стансиясының (АККС) жұмысына имитациялық модель арқылы кейбір параметрлердің әсерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Имитациялық модельді АҚКС-та қолдану мысал арқылы имитациялық модельдеу әдісімен танысу.

Жұмыс барысы:

1. АҚКС-тің имитациалық моделі көмегімен АҚКС-тің 100 күн аралығындағы жұмысын құрастыру.

2. Арналардың саны тұрақты кезінде (берілген арлықтағы бірінші сан алынады) η(өтініштердің түсу қарқындылығы) пареметрлерін өзгерте отырып, η – дің жүйе жұмысына ықпалын анықтау.

3. η мәні тұрақты болған кезде қызмет арналарының санын өзгерте отырып, каналдар санының жүйе жұмысына ықпалын анықтау.

4. Белгілі бір қатар алып, олар үшін корреляциялық тәуелділікті шығару.

5. Алынған нәтижелерге баға беру.

 

АҚКС жұмысының имитациясы. Күрделі техникалық және эканомикалық жүйелерді құрастыруды анализдеуде өзара байланысты жағдайлар ағымы жиі кездесетін жағдайлар болады. Мысалы, бір жағынан кездейсоқ уақытта қызмет көрсету станциясына автокөлікке қызмет көрсету өтініш ағымы, екінші жағынан осымен байланысты станция бөлімшелерінің көрсетілген өтініштерге қызмет көрсету ұзақтығы.

Бұл жағдайларда, яғни екі кездейсоқтық шартта, станция өнімділігін анықтау мәселесі туындайды және осы мәселемен байланысты ағымдағы сұрақтар айқындалады, мысалы, қызмет көрсетуді күтіп тұрған автокөлік кезегінің орташа ұзындығын және қызмет көрсетілмей кезекті босатып жатқан автокөлік санын анықтау. Мұнда тағы мынадай сұрақ туындайды, станция жұмыссыз отырған жоқ па. Бұл сұрақтарды анықтау жоспарлы ұйымдарға керек, себебі олар автокөліктерге қызмет көрсету ұйымдарына керекті жөндеулер және автожөндеу кәсіпкерлігіне жоспарлы тапсыпманы енгізеді.

Мұндай тапсырмалар ұжымдық қызмет көрсету теория класына жатады. Егер өтініш ағымы Пуассон заңына сүйенсе, қызмет көрсету уақыты көрсеткіштік заң бойынша бөлінсе, онда мұндай процесстер марковтік деп аталады, бұларды зерттеу үшін өте жақсы құрастырылған теориялар бар. Ал егер де өтініш ағымы Пуассон заңына сүйенбесе және қызмет көрсету уақыты көрсеткіштік заң бойынша бөлінбесе, онда мұндай тапсырмалар марковтік процесс астына түседі де, оларды статистикалық модельдеу әдісі қолданылады. Осы секілді тапсырманы шешу мысалын қарастырайық. АҚКС өз жұмысын tбас=8 сағ бастап, tаяқ=20 сағ. аяқтайды. Станция өз қарамағында n сызықты иеленген, автокөліктерді кезекте күту арқылы жұмыс істейді, сонымен қатар автокөліктердің кезекте тұру уақыты шектеулі 2 сағ.

Тапсырманы бастапқы орындау кезінде тәжірибелік мәндерді ендеу барысында станцияға келген екі автокөлік арасындағы уақыт t, Вейбулл заңы бойынша белгіленген. tқызмқызмет көрсету уақыты Релей заңы бойынша белгіленген. Автокөліктердін кезекте күту уақыты tкүт көрсеткіштік заң бойынша белгіленген. Түзетілетін сызықтар саны сол сияқты кездейсоқ және нормаль заңы бойына белгіленген. Жүйені функционалдандырудың сандық көрсеткіштері табу керек.

Пайда критерийі немесе мақсатты функция қарастырылып отырған тапсырмада станция өнімділігін көрсетеді және көптеген кездейсоқ аргументтердің интегралды функциасы болып табылады.

 

.

 

 

Функцианың аналитикалық түрі W, яғни математикалық модель белгісіз. Бұл тапсырманы шешу үшін имитациялық модельдеу әдісін қолданамыз.

Яғни, Вейбулл заңы бойынша түскен өтінішуақыты модельденеді, сосын Релей заңы бойынша қызмет көрсету уақыты, т.с.с. Сөйтіп, АҚКС-ның бір күндік жұмысы орындалады. Бұл көрсеткіштер 100 күн ішінде жиналады да орташа мәні шығарылады. Бағдарлама жаз және күз мезгілдерінің бір күндік жұмысының сандық көрсеткішін берді. Сонымен қатар, қызмет көрсету арналарының сан, өтініштердің түсу қарқындылығы, т.с.с ескеріледі.

Кіретін параметрлерді өзгертіп, жүйе жұмысына тх әсерін анализдеуге болады.

 

 

Жұмысты орындау тәртібі

 

1. Өз нұсқаңның нөміріне сәйкес АҚКС-нің 100 күндік жұмысын құрастыру, η мәнін 0,2 қадам жасай отврвп 2,0≤ μ ≤4,0 интервалында өзгерту.

Жаз және күз үшін көрсеткіштерді ортақ мәнге келтіру және кестеге жазу

 

μ мәні 2,0 2,2 4,0
Қызмет көрсетілмеген өтініштер саны, у1        
Орташа қызмет көрсету уақыты, у2        
Орташа күту уақыты, у3        
Қызмет көрсетілген өтініштер саны, у4        

 

 

2. Қызмет көрсету арналарын өзгерте отыра (нұсқаға сәйкес). АҚКС жұмысын құрастыру. Жаз және күз көрсеткіштерін ортақ мәнге келтіру. Кестені толтыру:

 

Арналар саны        
Қызмет көрсетілмеген өтініштер саны, у1        
Орташа қызмет көрсету уақыты, у2        
Орташа күту уақыты, у3        
Қызмет көрсетілген өтініштер саны, у4        

 

3. Алынған көрсеткіштерге тәуелділік қатарды табу: у1=f(μ), у2=f(μ), у3=f(μ), у4=f(μ); у1=f(п), у2=f(п), у3=f(п), у4=f(п). Тәуелділік қатар түрін табу шін №1 тәжірибелік жұмысты пайдалану.

4. Алынған көрсеткіштерге график құру (корреляция алаңын көрсету), байланыс тығыздығын анықтау.

5. Әр тәуелділікке сипаттама беру.

6. Жұмысты қорытындылау.

 

№2 тәжірибелік жұмысқа керекті бастапқы көрсеткіштер.

 

Нұсқа нөмірі Өтініш түсу қарқындылығы, μ (авт/сағ) Сызық саны
2,0 1-4
2,2 2-5
2,4 3-6
2,6 4-7
2,8 5-10
3,0 1-4
3,2 2-5
3,4 3-6
3,6 4-7
3,8 5-10
4,0 1-4
3,2 2-5
3,4 3-6
3,6 4-7
3,8 5-10
4,0 1-4
3,2 2-5
3,4 3-6
3,6 4-7
3,8 5-10
4,0 1-4
3,2 2-5
3,4 3-6
3,6 4-7
3,8 5-10
4,0 1-4
3,2 2-5
3,4 3-6
3,6 4-7
3,8 5-10

 

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Имитациялық модель дегеніміз не?

2. Оның басқалардан айырмашылығы?

3. Имитациялық модель қашан қолданылады?

4. Имитациялық модель қандай жүйелерге қолданылады?

5. Имитациялық модельдің нақтылығына қандай факторлар әсер етеді?

6. Имитациялық модель қандай жағдайда қолданылмайды?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шеннон Р. Имитационное моделирование систем – искуство и наука М.: Мир, 1978.

2. Завадский Ю.В. Решение задач автомобильного транспорта методом имитационного моделирования, М.: Транспорт, 1977.

 

№3 тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы:Кірітін параметрлердің арнайы көліктік машиналардың жабық автошеберхана паркін кіретін ісерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Имитациялық модель әдісін оқу, жабық шеберхана паркінің жұмысын көрсететін модельмен жұмыс істеу.

 

Жұмыстың мазмұны

1. Тәжірибелік жұмыстағы теориялық мәліметтермен танысу;

2. Өз нұсқаңның нөміріне сәйкес автошеберхана 1000 күндік жұмысын құрастыру, оның параметрлерін өлшеу кезінде;

3. Алынған нәтижелерге баға беру;

4. Жұмыс нәтижелерін қорытындылау.

 

№ 2 тәжірибелік жұмыста қарастырылған ашық техникалық қызмет көрсету стансиясының сандық сипаттамаларын анықтау кезінде, яғны стансияға кездейсоқ уақытта және кездейсоқ мөлшерде келген автокөлікке қызмет көрсететін ұйым және азаматтарға қарағанда мұнда жабық автожөндеу шеберханалары бар, олар арнайы көліктер (трактор, бульдозер, грейдерлер, экскаваторлар, скеперлер, жылжымалы компрессорлар, және т.б арнайы машиналар) мен көліктерге қызмет атқару үшін арналған, олардың мөлшері белгілі және олар кезекті қызмет көрсетілмей тастап кетуге құқығы жоқ.

Белгіленген парктерге қызмет көрсету үшін бірнеше жөндеу бригадалар бар, әр қайсысында бірнеше дәнекрші-механик бар.

Осындай тапсырмалар өндірісте де кездеседі, ол жерде бір типті станоктар паркі бар, мысалы, бұрғылау, фрезерлеу және т.б станоктар паркі, оларды жөндейтін бірнеше дәнекерші-жөндеушілер болады. Жөндеу бригадасын шығару уақыты ti, - қызмет көрсету уақыты tобсл - кезек күту уақыты tож және бригаданың тұру уақытыtпр – кездейсоқ мәндер. Бұл жағдайда тиімді шешім қабылдау үшін кезекке тұру бойынша талап қойылады және де жоғары талапты автокөлік немесе арнайы транспорттық машиналар (немесе станоктар) жөндеуге күту кезегіне тұрмайды, ал қызмет көрсетушілер шақыруды күту кезегінде жұмыссыздықты болдырмайтын жағдай жасауы керек. Көсетілген міндет көптеген қызмет көрсету теориясының тапсырмаларының бірі болып табылады.

Оны шешу үшін иммитациялық модельдеу әдісін қолданамыз. Автошеберхананы иммиттандырылған жұмысының бағдарламасын пайдаланып, жүйе жұмысына кіретін параметрлердің әсерін зертейміз.

Жұмысты орындау тәртібі

 

1. Бригада санын 1-ден 15-ке(n) дейін біртіндеп өзгерте отырып, өз нұсқа номеріне сәйкес автошеберхана жұмысын 1000 куннің ішінде модельдеу.S(өзіндік құн өзгерісі)=f(n).

2. Байланысын сызбалық есептеу.

S(өзіндік құн өзгерісі)=f(n).

3. Бригаданың тиімді санын таңдау және таңдауды дәлелдеу.

4. Есеп беруді дайындау.

 

№3-зертханалық жұмысқа берілген мәндер

Нұсқа № Бригада жалақысы, тенге Парктағы автокөліктердің саны Өзгермелі шығыныдар, тенге Тұрақты шығындар, тенге

Бақылау сұрақтары

 

1. Алынған тәуелділіктердің қайсысы тандауды негіздегенде маңызды болып табылады?

2. Таңдауды негіздеуде алынған тәуелділіктердің қайсысы маңызды болып табылмайды?

3. Берілген жүйенің қандай шығарылған мәндерән оның жұмысының эффектілік критерийіне жатқызуға болады?

4. Жүйенің жұмысына әсер ететін қандай факторларды сыртқы басқарылмайтын факторларға жатқызуға болады?

5. Жүйенің жұмысына әсер ететін қандай факторларды жүйенің ішкі құрылымына жатқызуға болады?

6. Жүйенің жұмысына әсер ететін қандай факторларды жүйенің басқаруда қабылданған шешімдерге жатқызуға болады?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шеннон Р. Имитационное моделирование систем – искуство и наука М.: Мир, 1978.

2. Завадский Ю.В. Решение задач автомобильного транспорта методом имитационного моделирования, М.: Транспорт, 1977.

 

 

№4 тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Әр түрлі қарқындылықпен қозғалатын көлік ағынының ішіндегі автомобильдің қозғалыс жылдамдығының өзгеріс моделін тұрғызу.

 

Жұмыстың мақсаты: Әр түрлі қарқындылықпен қозғалатын көлік ағынының ішіндегі автомобильдің қозғалыс жылдамдығының өзгеріс моделін қолданумен танысу.

Жұмыстың мазмұны

1. Әр түрлі қарқындылықпен қозғалатын көлік ағынының ішіндегі автомобильдің қозғалыс жылдамдығының өзгеріс моделін бақылау.

2. Әр түрлі қарқындылықпен қозғалатын көлік ағынының ішіндегі белгіленген автомобиль маркасының қозғалысын кестелік түрде моделін тұрғызу.

3.Әр түрлі қарқындылықпен қозғалатын көлік ағынының ішіндегі белгіленген автомобиль маркасының қозғалысын графикалық түрде моделін тұрғызу.

4.Белгіленген автомобиль маркасының қозғалыс жылдамдығын, оңжәне сол жақ жолақтан өтетін көлік қарқындылығының әсер етуімен бағалау.

5.Жұмысты толтыру.

 

Бір типті топ автомобилінің қозғалыс жылдамдығы былай есептеледі.

1.Орындалатын жұмыстың кестесінен, қозғалыс жылдамдығын Vi0 және барлық типті автомобильдер үшін жылдамдық дисперсиясын si анықтау.

 

Біртипті автомобиль САЗ – 3504 ГАЗ – 66 РАФ – 2203 ЛиАЗ-677 ЗАЗ-968
  Vi0          
  si          

 

2.Еркін қозғалыс жылдамдығы Vi0 үшін, әр типтік топтың автомобильдерінің динамикалық көлемін (габарит) Lqi есептейміз:

 

3. Еркін қозғалыс жылдамдығының орташа мәні есептеледі:

4.Еркін қозғалыс жылдамдығы дисперсиясының орташа мәні есептеледі:

5. Динамикалық габариттіліктің орташа мәнін есептейміз:

,

6. Автомобильдер арасындағы ең кіші қауіпсіз ара қашықтықтың to орташа мәнін есептейміз:

7. сек –та озып кету ықтималдылығы

8.Қосымша уақыт шамасы есептейміз:

9. Динамикалық көлемді автомобильдің жолдан өту уақытын tiанықтаймыз:

10. Қарқындылығы Nавтомобильдің ағындағы жылдамдығы:

 

 

Марки Nc, авт/сағ
 
         
         
         
         
         

 

Жұмысты орындаулу тәртібі

 

а) Бекітілген типтік топтың қозғалыс жылдамдығың, оң жақ жолақтың қарқындылығын N0=200; 400;600; 800; 1000 авт/сағ. өзгерте отырып есептеу, ал сол жақтың қарқындылығын Nс=300 авт/сағ. тұрақтысымен есептеу керек.

 

Шыққан жауапты кестеге жазу.

Кесте 5 – Nс=300 авт/сағ. кезде типтік топтың автомобильдерінің қозғалыс жылдамдығының шешімі.

 

б) Бекітілген типтік топтың қозғалыс жылдамдығын, сол жақ жолақтың қарқындылығын Nс=200; 400;600; 800; 1000 авт/сағ. өзгерте отырып есептеу, ал оң жақтың қарқындылығын Nо=300 авт/сағ. тұрақтысымен есептеу керек.

Кесте 5 - Nо=300 авт/сағ. кезде типтік топтың автомобильдерінің қозғалыс жылдамдылығының шешімі

 

Марки Nc, авт/сағ
 
         
         
         
         
         

 

в) Автомобиль жвлдамдылығынын оң жақ жолақтың қозғалыс қарқындылығына тәуелділік графигін салу: V1 =f(Nо),

 

 

Cүрет 1. Типтік топ автомобильдерді жылдамдылығының оң жақ жолақтың қозғалыс қарқындылығына тәуелділік графигі

 

г) Автомобиль жылдамдылығының сол жақ жолақтың қозғалыс қарқындылығына тәуелділік графигін салу: V1 =f(Nс),

 

 

Cүрет 2. Типтік топ автомобильдерді жылдамдылығының ссол жақ жолақтың қозғалыс қарқындылығына тәуелділік графигі

 

д) №1 практикалық жұмыс арқылы, тәуелділіктің параболалық түрін табу.

 

№4 практикалық жұмыстың соңғы жауабы

  нұсқа Көліктік ағынның құрамы %
ГАЗ-51А ЗИЛ-131В ЛАЗ-695Н РАФ-977ДМ ГАЗ-24
  МАЗ-500 ЗИЛ-150 ПАЗ-651 Икарус-260 ВАЗ-24
  САЗ-3504 ГАЗ-66 РАФ-2203 ЛиАЗ-677 ЗАЗ-968
  ЗИЛ-130 ЛиАЗ-677 Икарус-280 ГАЗ-24 КамАЗ-5320
  КамАЗ-5511 ЛАЗ-4202 Икарус-55 ГАЗ-13 ЗИЛ-114

 

 

Бақылау сұрақтары

1. Көліктік ағынның жылдамдығына қай факторлар қатты әсер етеді?

2. Жеке автомобильдің жылдамдығына қай факторлар әсер етеді?

3. Көліктік ағынды қай жүйеге жатқызуға болады?

4. Осы жүйенің жұмысын бағалауға пайдалылық көрсеткішінің қайсысын

қолдануға болады?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шеннон Р. Имитационное моделирование систем – искуство и наука М.: Мир, 1978.

2. Завадский Ю.В. Решение задач автомобильного транспорта методом имитационного моделирования, М.: Транспорт, 1977.

 

АК кафедрасының ЖКИ ОӘБ отырысында

отырысында қарастырылды бекітілді

№______ хаттама №______ хаттама

«___»______________ 2012 ж. «___»______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі ОӘБ төрағасы

_________________ Интыков Т.С. __________________________

 

 

«Тасымалдау процесстерді имитациялық модельдеу»

пәні бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және техналогиялары»

5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы

мен тасымалдау ұйымдастыру»

5В012000 – «Кәсіптік білім беру»

мамандықтарының студенттері үшін

Құрастырған: Сарсембаев Т.У.

Садыкова А.М.

Алиев Т.К.

 

 

Редакторы _____________

 

 

ж. берілген № 50 мемлекеттік баспа лицензиясы

Басуға қол қойылды ж. Пішімі 60×90/16

Есіптік баспа табағы 2,1. Таралымы 60 дана. Тапсырыс

ҚарМТУ баспасы, 100027. Қарағанды, Бейбітшілік бульвары 56.


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Прочитайте текст, выполните задания. | Составила: преподаватель информатики


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн