русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Шартты операторы


Дата додавання: 2014-11-28; переглядів: 3863.


 

1. Глушаков С.В., Зорянский В.Н., Хоменко С.Н. Программирование на Turbo Pascal 7.0. – Харьков: Фолио, 2002. – 501с.

2. Голицина О.Л., Попов И.И. Основы алгоритмизации и программирования. – М.: Форум-Инфра-М, 2002. – 432с.

3. Иванова Г.С. Основы программирования: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2002. – 416с.

4. Казаринов А.С. От Турбо Паскаля к Делфи. – Учебно-методическое пособие. – Глазов: ГГПИ, 1997. – 120с.

5. Культин Н.Б. Turbo Pascal в задачах и примерах. – СПб.: БХВ – Петербург, 2003. – 256с.

6. Немнюгин С.А. Turbo Pascal: практикум – СПб: Питер, 2001. – 256с.

7. Немнюгин С.А. Turbo Pascal: учебник – СПб: Питер, 2001. – 496с.

8. Пильщиков В.Н. Сборник упражнений по языку Паскаль: Учебное пособие для вузов. – М.: Наука, 1989. – 160с.

9. Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Информатика. Задачник практикум: Том 1. – М.: Лаборатория Базовых Знаний, 2001. – 304с.

10. Фаронов В.В. Turbo Pascal 7.0. Начальный курс. Учебное пособие. – М.: Нолидж, 1999. – 616с.

 

 

Шартты операторы

Жұмыстың мақсаты– тармақталуы бар процесстерге алгоритмдер құра білу дағдысын қалыптастыру, есе шығаруда белгілерді, тұрақтыарды, жай және құрама шарттарды пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.

Тапсырма. If шартты операторды қолдана отырып Іnteger форматындағы

a, b мәліметтер үшін берілген бүтін сандық өрнектердің есептеу әдісін табу.

Алгоритмның блок-схемасын құру және программасын жазу.

Бақылау мысалы. IF шартты операторды қолдана отырып INTEGER форматындағы а,в мәліметтер үшін берілген бүтін сандық өрнектердің әдісін табыңдар.Алгоритмның блок –схемасын құру және программасын жазу.

X=

 

 

+ -

 

Program primer2;

Var a, b: integer;

X: real;

Begin

Write(‘a=’); readln(a);

Write (‘b=’);readln(b);

If (a=b) then x:=-7 else

If(a>b)then x:=a/b-2 else x:=(sqr(a)*a-3)/a;

Writeln(‘X=’,x:6:2);

End.

 

Тапсырма варианттары:

 


 

7.

8.

9.

 

 

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

25.

26.


27.


 

23. 28.

 

24.

29. берілген квадрат теңдеуін шығарыңыздар.

30. Сатып алынатын тауарлардың жеңілдіктерін ескеріп, есептің программасын құру керек. Егер алған тауардың бағасы 1000 теңгеден артық болса, онда 3% жеңілдік беріледі. Ал егер 2000 теңгеден жоғары болса, онда 5% жеңілдік беріледі.

31. Алматы қаласының негізі қашан құрылғандығы туралы білімді тексеру программасын құрыңыздар. Егер жауап беруші адамның жауабы дұрыс болмаған жағдайда, онда жауапқа дұрыс жауапты шығаратын программаны құру керек.

32. Оқушылардың білімін бағалау туралы программа құру керек. Егер бақылау жұмысы 10 тапсырмадан тұратын болса және сол тапсырмалардың орындалуына ең жоғарғы бал 100% деп есептейтміз.Егер оқушы берілген тапсырманың 9-10 сұраққа жауап берсе 100 %, 8 сұраққа 90 %, 7 сұраққа 80%, 6-5 сұраққа 70%, 5сұрақтан төмен 50% деген балдарды шығару керек.

33. Пернетақтадан енгізілген екі санды салыстыратын программа құру керек. Программа екі санның қайсысы үлкен немесе тең екендігі туралы хабарлама шығару керек.

34. Пернетақтадан енгізілген санның тақ екендігін тексереін программаны құру керек.

35. Пернетақтадан енгізілген санның жұп екендігін тексереін программаны құру керек.

36. Жұмысқа қабылдау конкурс негізінде қабылданады. Қабылдау шарты бойынша 42 жастан аспау керек және жұмыс стажы 10 жыл болу керек. Жұмысқа келеген азамат қабылданады ма соны анықтаңыздар.

37. Екі жол берілген ‘Алибекова А.’, ‘Оспанов Р.’ .Егер берілген бірінші жол екіншісінен артық болса, онда екінші жолды ‘*’-жұлдызшамен толтыру керек. Кері жағдайда бірінші жолды ‘/’- қисық сызықпен толтырылу керек.

38. «Бағдаршамның» атқаратын жұмысы туралы программа құру керек. Бағдаршамнның түстеріне түсініктеме беру арқылы «тоқта», «күт», «жүр». Бағдаршамның түстері ДК-ге бірінші әріптерін енгізу арқылы жасалсын.

39. Теміржол билетінің бағасын анықтауғ программа құру керек. Егер пунктер аралығы белілі болатын болса және олардың аралығы 1000 км-ден асса теміржол компаниясы 30% жеңлдік береді. (1 км-2тг).

40. түзу сызықтың теңдігі берілген. [5,3] координатасымен берілген нүкте осы түзудің бойында жатады ма? мұнда a=1, b=4

Программалау (І ) пәнінен

Зертханалық жұмыс №6

Таңдау операторы

(2 сағат)

Жұмыстың мақсаты– Case операторымен программаны құра білу дағдысын қалыптастыру, есеп шығаруда белгілерді, тұрақтыларды пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.

Тапсырма. аңдау (Case) таңдау операторын пайдаланып, алгоритмнің блок-схемасын құру және программасын жазу.

Бақылау мысалы.

1-мысал. Апта күндерінің нөмірін бойынша аттарын анықтауға программа құру.

Program APTA;

Var N:integer;

Begin

Writeln(‘күн нөмірін енгіз’);

Read(N);

Case N of

1: writeln(‘дүйсенбі’);

2: writeln(‘сейсенбі’);

3: writeln(‘сәрсенбі’);

4: writeln(‘бейсенбі’);

5: writeln(‘жұма’);

6: writeln(‘сенбі’);

7: writeln(‘жексенбі’)

End

End.

2-мысал.

Program esep;

Uses crt;

Var m: (ak, kara, sari); x,y:integer;

Begin

Clrscr;

Write(‘x=’);

Readln(x);

If x<2 then m:=ak;

If (x>=2) and (x<=5) nhen m:=kara;

If x>5 then m:=sari;

Case m of

Ak: y:=

Kara: y:=x*x-6;

Sari: y:=4*x

End;

Writeln(‘y=’,y:6:3)

End.

Тапсырма варианттары:

  1. Тізім берілген. Студенттің номерін енгізу арқылы оның фамилиясын жауыпқа шығарыңдар.
  2. Жеңіл автокөліктің бірнеше моделі туралы мәлімет берілген. Модел номерін енгізу арқылы сол автокөліктің шыққан жылын және бағасын жауапқа шығарыңдар.
  3. Елдердің атауларының бірінші әрпін енгізу арқылы оның астанасының атын жауапқа шығарыңдар.
  4. айдың номерін енгізу арқылы жыл мезгілін жауапқа шығарыңдар.
  5. Қала атының бірінші әрпән енгізу арқылы онда тұратын халықтың санын жауапқа шығарыңдар.
  6. автобустың номерін енгізу арқылы оның аялдамаларының санын жауапқа шығарыңдар.
  7. Елдің атының бірінші әрпін енгізу арқылы ондағы қалалардың санын жауапқа шығарыңдар.
  8. Қаланың телефондық кодын енгізу арқылы сол қаланың атын жауапқа шығарыңдар.
  9. Апта күндерінің номерін енгізу арқылы сол күні болатын сабақтардың санын жауапқа шығарыңдар.
  10. Алты түрлі тауар туралы мәлімет бар. Оның біреуінің кодын енгізу арқылы сол заттың бағасын жауапқа шығарыңдар.
  11. Айдың номерін енгізу арқылы сол айдағы күндер санын жауапқа шығарыңдар.
  12. Топтың номерін енгізу арқылы сол топта қанша студент бар екнін жауапқа шығарыңдар.
  13. 0-ден 10-ға дейінгі сандардың біреуін енгізу арқылы олардың ағылшын тілінде аталуын жауапқа шығарыңдар.
  14. Жеті су өзендерінің аттарының біреуін енгізу арқылы олардың ұзындығын жауапқа шығарыңдар.
  15. Жұлдыз жорамалдағы 1-ден 12-ге дейінгі жұлдыз аттарының номерін енгізу арқылы олардың атын жауапқа шығарыңдар.
  16. 10-нан 19-ға дейінгі сандарды енгізу арқылы олардың сөзбен жазылуын жауапқа шығарыңдар.
  17. Үйдегі пәтердің номерін енгізу арқылы сол үйдегі тұрғындардың санын жауапқа шығарыңдар.
  18. Бес досыңның телефон номерін енгізу арқылы олардың аттарын жауапқа шығарыңдар.
  19. Әншілердің аттарын енгізу арқылы олардың қай мемлекеттен екендігін жауапқа шығарыңдар.
  20. Қазақстандағы партиялардың номерін енгізу арқылы сол партияның атын жауапқа шығарыңдар.
  21. №5 зертханалық жұмысындағы №1-29 есептерді таңдау операторын қолданып есепті шығарыңыздар

Программалау (І ) пәнінен

Зертханалық жұмыс №7

Қайталанатын алгоритмдерді программалау

(4 сағат)

Жұмыстың мақсаты – қайталанатын алгоритмдерді программалай білу дағдысын қалыптастыру, есеп шығаруда қайталану саны белгілі және белгісіз болып келген қайталану процесстерін ұйымдастыра білу іскерлігін; Паскаль тіліндегі қайталану операторларын дұрыс пайдалана білу және олардың ерекшеліктерін ажырата білу, операторларды алмастыра пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.

Тапсырма. FOR, WHILE және REPEAT циклдық операторларды қолдана отырып вариант бойынша тапсырманы орындау. Алгоритімнің блок – схемасын құру және программасын жазу.

 

Тапсырма варианттары:

 

1. А мен В (А < В) екі бүтін сан берілген. Өсу тәртібі бойынша осы екі санның арасындағы (бұл сандарды қоса отырып) барлық бүтін сандарды шығару, сонымен бірге сол сандардың N жалпы санын шығару.

 

2. А мен В (А < В) екі бүтін сан берілген. Кему тәртібі бойынша осы екі санның арасындағы (бұл сандарды қоспай) барлық бүтін сандарды шығару, сонымен бірге сол сандардың N жалпы санын шығару.

 

3. А нақты сан мен N (N>0) бүтін сан берілген. А санның N дәрежесін табу керек: AN=A*A*…*A (А сандары N рет көбейтіледі)

 

4. А нақты сан мен N (N>0) бүтін сан берілген. А санның 1 ден N дәрежесін табу.

 

5. А нақты сан мен N (N>0) бүтін сан берілген. 1+А+А+А3+...+АN шығару.

 

6. А нақты сан мен N (N>0) бүтін сан берілген. 1-А+А23+...+(-1)NAN шығару.

 

7. N (N>1) бүтін сан берілген. Осы сандар тізбегіне ең үлкен санды табыңыздар.

 

8. N (N>1) бүтін сан берілген. Осы сандар тізбегіне ең кіші санды табыңыздар.

 

9.А (А>1) нақты сан берілген. 1+1/2+...+1/N қосындыны шығару.

 

10. N (N>0) бүтін сан берілген. 1*2*...N көбейтіндісін шығару.

 

11. N (N>0) бүтін сан берілген. Егер N – тақ сан болса 1*3*...N көбейтіндісін шығару; егер N – жұп сан болса – 2*4*... N көбейтіндісін шығару.

 

12. N (N>0) бүтін сан берілген. 1 қосындысын табу (N! – “N – факториал“ – 1 ден N бүтін сандардың көбейтінсін белгілейді: N!=1*2*... N). Алынған сан е =exp(1) (=2.71828183…) тұрақтыға жуықталған сан болып табылады.

 

13. Х нақты сан мен N (N>0) бүтін сан берілген. 1 + Х + шығару. Алынған сан Х нүктесіндегі ехр функциясына жуықталған сан болып табылады.

 

14. Х нақты сан мен N (N>0) бүтін сан берілген. 1 – Х2/2! + Х2/4! – ... + (-1)X2N/(2N)! (N!=1*2*…N) шығару. Алынған сан Х нүктесіндегі cos функциясына жуықталған сан болып табылады.

 

15. X(׀X׀ < 1) нақты сан мен N (N>0) бүтін сан берілген. Х – Х2/2+ Х3/3– ... + (-1)N-1ХN/N шығару. Алынған сан Х+1 нүктесіндегі ln функциясына жуықталған сан болып табылады.

 

16. X(׀X׀ < 1) нақты сан мен N (N>0) бүтін сан берілген. Х – Х3/3 + Х5/5 – ... + (-1)NX2N + 1/(2N+1) шығару. Алынған сан Х нүктесіндегі arctg функциясына жуықталған сан болып табылады.

 

17. Жалпы мүшесі Ак=1/(к*к+3) болатын тізбектің алғашқы n мүшеі мен олардың қосындысын табу керек (к= 1, 2, ... n).

 

18. Жалпы мүшесі An=A1*q^(n-1) формуласы арқылы берілетін шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның eps-тен кем емес мүшелерінің қосындысын табу керек (0<q<1; eps=0,001)

 

19. D(>0) бүтін сан берілген. AN сандардың тізбегі келесі түрде анықталады:

А1=1, A2=2, АN=(AN – 2 + AN – 1)/2, N= 3,4…‌‌‌‌ ׀1-KA-AK ׀ D> шарты орындалатын кезіндегі К нөмірлердің біріншісін іздеп табу, оны шығару, сонымен бірге АК – 1 мен АК сандарын шығару.

 

20. Банктік салымының көлемін есептейтін және сол көлемді әр жыл үшін салымның жылдық пайызын (3%) есептей отырып (ол салым екі есе көбейгенше) есептеп шығаратын программаны жазу.

 

21. Кез келген n және m үшін биноминалдық коэффициентті есептейтін программа жазу:

 

 

22. 0˚ ден 90˚ берілген қадаммен sin, cos функциялардың мәндер кестесін шығаратын программаны жазу.

 

23. 1+ қатардың бірінші алты элементтерінің қосындысын есептеу ( i элементінің мәні оның нөмірімен келесі формуламен байланысты 1/i ). Кезекті элементін есептегеннен кейін ол элементтің нөмірімен мәнін шығару.

 

24. Клавиатурадан енгізілетін оң сандардың қосындысын есептейтін программаны жазу.

 

25. Клавиатурадан енгізілетін жұп сандардың қосындысын есептейтін программаны жазу.

 

26. Клавиатурадан енгізілетін сандардың жай сандар екендігін анықтайтын программаны жазу.

 

27. Келесі шексіз қосындының ( қосындының есептеу дәлдігі берілетін болсын) жуықталған мәнін есептейтін алгоритмді құру және программасын жазу.

 

Келесі тапсырмаларда берілген n мен x мәнін есптеу керек:

28. 30.

29. 31.

 

Келесі тапсырмаларда x және e (e=10-6 дәлдігімен берілген) берілген мәндері арқылы қосындыны табыңдар:

32. 34.

33. 35.

.

36. Есептеңдер: P=(N+1)!

37. Есептеңдер:

38. Есептеңдер:

40. Есептеңдер:

 

Бақылау мысалы. Берілген n натурал санынан аспайтын тақ сандардың қосындысын табу керек.

Var n, i, S:word;

Begin

write (‘n=’);

readln(n);

S:=0;

i:=2;

while i<=n do

begin

S:=S+i;

i:=i+2;

end;

writeln (‘S=’,S);

end.

Осы берілген есепті for … to.. do қолданып шығарумызға да болады.

Var n, i, S:word;

Begin

write (‘n=’);

readln(n);

S:=0;

For i:=1 to n do

If i mod 2=0 then S:=S+i;

Writeln (‘S=’,S);

End.

 

Программалау (І ) пәнінен

Зертханалық жұмыс №4

Бір өлшемді массивтер

(2-семестр, 10 сағат)

Жұмыстың мақсаты – массивтерді есептер барысынд пайдалана білу, бір өлшемді массивтерді типтер және айнымалылар бөлімінде сипаттай білу, массив элементтерін енгізу жолдарын білу, масив элементтерімен ртүрлі операциялар: іздеу, сұрыптау, алмастыру, элементтң алып тастау және т.б. амалдарды қолданып есептер шығарып үйрену.

Тапсырма.Вариантта көрсетілгендей бірөлшемді массивті өңдеуді жүзеге асыру. Алгоритмнің блок-схемасын құру және программасын жазу.

 

Тапсырмалар варианттары:

 

  1. N өлшемді массив берілген. Массив индекстерін оларға сәйкес элементтер өсу реті бойынша түзілетіндей тәртіпте шығару.
  2. N өлшемді массив берілген. Алдымен оның жұп индексті элементтерін шығару,сосын-тақ индекстісін шығару.
  3. Өлшемі 10-ға тең А массиві берілген.А[l]<A[i]<A[10] теңсіздігін қанағаттандыратын A[i] элементтерінің ішінен біріншісінің нөмірін шығару. Егер мұндай элементтер болмаса, онда 0 мәнін шығару.
  4. А саны және Х(10) массиві берілген.Тізбектің А санына тең Х(і) элементі рет бойынша нешінші орында орналасқанын анықтаңдар.Егер мұндай сан болмаса, онда жауабы 0 болуы керек.
  5. Массивте кем дегенде бір теріс элементін және оның реттік номерін жауапқа шығарыңдар.
  6. У массивінің оң элементтерін Z массивіне рет бойынша көшіріңдер.
  7. А10) сандар тізбегін екі массивке бөліңдер, олардың біріншісіне жұп номерлі элементтерді жазыңдар.
  8. Z(10) массивіндегі оң элементтердің қосындысын есептеңдер.
  9. Х(20) массивіндегі жұп индексті элементтердің көбейтіндісі тақ сан екендігін анықтаңдар және “иә” немесе “жоқ” жауабын баспаға шығарыңдар.
  10. У(10) массивінің тақ индексті оң элементтерінің арифметикалық ортасын есептеңдер. Егер ондай элемент жоқ болса, “0” белгісін жауапқа шығарыңдар.
  11. 10 элементтен тұратын тізбектегі оң элементтер санын есептеңдер.
  12. Х(10) массивінің элементтерінің қосындысы жұп болатындығын анықтаңдар және «иә» немесе «жоқ» жауабын баспаға шығарыңдар.
  13. Х(12) массивіндегі оң элементтер орнына «1», ал теріс элементтер орнына «0»-ді жазыңдар.
  14. 10 өлшемді массивтің оң сандық элементтерін минимальды мәнге алмастыру.
  15. N өлшемді массив берілген. Масивтің минимальды мен максимальды элементтерінің арасындағы тұрған элементтерді кері тәртіппен орналастыру.
  16. N өлшемді массив берілген. Массивтің элементтерін бір позицияға солға қарай циклдық жылжытуды жүзеге асыру.
  17. N өлшемді нөлдік емес бүтін санды массив берілген. Оның ішінде тақ пен жұп сандары кезектескенін тексеру. Егер кезектессе 0 шығару, егер кезектеспесе, онда бұл заңдылықты бұзатын бірінші элементтің нөмерін шығару.N өлшемді массив берілген. Оның жергілікті минимумын табу.
  18. N өлшемді массив пен R нақты сан берілген. Берілген санға ең жақын болатын массивтің элементін табу.
  19. N өлшемді массив берілген. Бұл массивтегі екі ең жақын сандардың нөмірлерін табу.
  20. N өлшемді массив берілген. Оның бірдей элементтерінің максимальды санын табу.
  21. N өлшемді массив берілген. Екіден кем рет кездескен элементтерін алып тастау.
  22. N өлшемді массив берілген. Егер ол құрамында 1 ден N дейінгі сандарды қамтыса, онда нөлді шығару, әйтпесе бірінші кездескен ретсіз элементінің нөмірін шығару.
  23. N өлшемді массив берілген.Барлық оң элементтің алдына нөлдік элементті қосып өзгерту.
  24. N өлшемді массив берілген. Әр серияға бір элементті қосып өзгерту.
  25. N өлшемді массив берілген. Бірінші кездескен ең ұзын серияға бір элементті қосып өзгерту.
  26. N өлшемді массив берілген. Әр сериядан кейін нөлдік элементін қойып шығу.
  27. N өлшемді массив пен к саны берілген. Массивтің соңғы және к-ші серияларының орындарын ауыстыру. Егер массивте сериялардың саны к-дан төмен болса, онда массивті өзгертпей шығару.
  28. N өлшемді массив пен к саны берілген. Сериялардың ұзындығы к-ға тең барлық серияларды массивтен алып тастау.
  29. N өлшемді массив пен к саны берілген.Серияның ұзындығы к саннан кіші әрбір серияны бір нөлдік элементке ауыстырып отыру.
  30. Пернетақтадан енгізілген сан массивте қанша рет кездесетінің тексеру.
  31. Таңдау әдісі арқылы массивті өсу реті бойынша массивті сұрыптау.
  32. (10) массивіндегі жұп номерлі теріс элементтердің арасында ең үлкенін табыңдар.
  33. Х аргументінің 1-ден 15-ке дейінгі аралықта, 0,5 қадам бойынша z=Ax2+Bx+C функциясының мәндерінің ең үлкенін табыңдар. Функцияның мәнін S массивіне жазыңдар.
  34. Х(10) және У(10) массивтері берілген. Массивтердің i- ші (i-1,10) элементтерінің арифметикалық орталарын табыңдар және оларды Z массивіне жазыңдар. Z массивінің элементтерінің ең үлкенін табыңдар.
  35. y=sin(x2+5x)*cos(3x2-x) функциясының х аргументі 0-ден с-ға дейінгі аралықта h қадамы бойынша өзгергендегі мәндерінің ең кішісін табыңдар. Функция мәндерін А массивіне жазыңдар.
  36. Х(10) массив берілген. Осы массивтің тақ номірлі элементтерінің арасынан ең кіші оң элементті табыңдар.
  37. Х,У массивтері үшін X(I)+Y(I) қосындыларының ең үлкенін табыңдар.
  38. А(10) массив элементтерінің ең үлкенін табыңдар.
  39. А(10) массивінің оң элементтерінің ең кішісін табатын программа құрыңдар.
  40. А(10) массивінің жұп нөмірлі элементтерінің арасынан ең кіші оң элементті табыңдар.
  41. Әрқайсысы 5 элементтен тұратын 4 массив берілген. Әрбір массив элементтерінің қосындыларын тауып, Z массивіне жазыңдар.
  42. Әрқайсысы 6 элементтен тұратын 3 массив берілген. әрбір массив элементтерінің қосындысын табыңдар, оларды А массивіне жазыңдар және ең кішісін табыңдар.
  43. Х(20) массиві және А саны берілген. А-ға дейін орналасқан массив элементтерінің қосындысын табыңдар, оларды А массивіне жазыңдар және ең кішісін табыңдар.
  44. Бір өлшемді А(10) және В(10) екі массив берілген. А және В массивтерінің сәйкес элементтерінің көбейтінділерінен тұратын С(10) массивін құрыңдар. С массиві элементтерінің ең кішісін табыңдар.
  45. Х(10) векторының бүкіл теріс элементтерін «0»-мен алмастырыңдар.
  46. В(10)массивінің жұп номерлі элементтерінің арасынан ең үлкенін тауып,тақ номерлерін «0»-мен алмастырыңдар.
  47. Бір өлшемді С(20)массивінің бірінші элементін соңғы элементтерімен, ал екінші элементін соңғы элементтің алдындағы элементтепен,т.с.с.қосыңдар.Нәтижені Д массивіне жазып,оның ең үлкенін табыңдар.
  48. А(10)массивінің жұп элементтерінің квадратын табыңдар. Осы пайда болған массивтің ең кіші элементін табыңдар.
  49. А(10)массивінен жұп оң сандарды В массивіне жазыңдар.
  50. В(30)массив элементтерінен индекстері 3-ке қалдықсыз бөлінетін элементтердің арасынан ең кішісін табыңдар.

Бақылау мысалы.А(10) массиві берілген. Массивтің барлық элементтерінің әртүрлі екенін анықтау.

 
 


i:=i+1

 
 


 

 

Program primer4;

Var a:array[1..10] of integer;

i.j:integer;

begin

writeln(‘массивтің 10 элементтерін енгізіңіз’);

for i:=1 to10 do redln (a[i]);

for i:=1 to 9 do begin

for j:=i+1 to 10 do begin

if a[i]=a[j] then break;

end;

if j<10 then break;

end;

if i<9 then writeln (‘массивте бірдей элементтері бар’) else writeln (‘массивтегі барлық элементтер әртүрлі’);

end.

 

Программалау (І ) пәнінен

Зертханалық жұмыс №5

Екі өлшемді массивтер

(3-семестр, 4 сағат)

Жұмыстың мақсаты – екі өлшемді массивтерді есептер барысында пайдалана білу, типтер және айнымалылар бөлімінде сипаттай білу, матрица элементтерін енгізу жолдарын білу,элементтерімен әртүрлі операциялар: іздеу, сұрыптау, алмастыру, элементті алып тастау және т.б. амалдарды қолданып есептер шығарып үйрену.

 

Тапсырма. Екі өлшемді нақты сандардан тұратын массив берілген (А матрицасы), массивті төмендегі варианттарды қолданып, өңдеу. Бастапқы деректерді тапсырма ерекшеліктерін назарға ұстай отырып қолдан енгізу. Алгоритм блок-схемасын құрып, программасын жазу.

Тапсырма варианттары:

1.к (0<k<11) саны мен 4х10 матрицасы берілген. К бағанының элементтерінің қосындысы мен көбейтіндісін табу.

2.5х9 матрицасы берілген. Оның барлық жұп бағаналарының элементтерінің қосындысын табу.

3.5х10 матрицасы берілген. Оның барлық тақ бағанасындағы минимальды мәнді табу.

4.5х10 матрицасы берілген. Оның барлық жұп бағаналарының элементтерінің қосындысын табу.

 

5.Берілген 5х10 матрицасында максимальды элементі орналасқан жлды минимальды элемент орналасқан жолмен ауыстыру.

 

6.5х10 матрицасы берілген. Барлық бағаналардың элементтерінің қосындысының арасындағы минимальды мәнді табу және сол минимальды мән орналасқан бағананың нөмірін табу.

 

7.5х10 матрицасы берілген. Әр жолдың максимальды элементтерінің арасындағы минимальдысын табу.

 

8. 5х10 матрицасы берілген. Оң және теріс элементтерінің саны тең болған бірінші жолдың нөмірін шығару (нөлдік элементтер есептелмейді). Егер ондай жолдар болмаса, 0 шығару.

 

9. 5х10 матрицасы берілген. Тек оң элементтерінен құралған соңғы жолдың нөмірін шығару. Егер ондай жолдар болмаса, 0 шығару.

 

10. МхN матрицасы берілген. Егер жолдардр (бағаналарда) кездескен сандардың көптігі сәйкес келсе, онда ол жолдарды (бағаналарды) ұқсас деп атаймыз. Соңғы бағанаға ұқсайтын бағаналардың санын табу.

 

11. MxN матрицасы берілген. Барлық элементтері әр түрлі жолдардың санын табу.

 

12. МхN матрицасы берілген. Бірдей элементтердің саны максимальды болған бірінші кездескен жолдың нөмірін шығару.

 

13. М квадратты матрицасы берілген. А[1,M] бірэлементтік диоганальдан бастап басты диоганальға параллельді диоганальдардың элементтерінің қосындысын табу.

 

14. М квадратты матрицасы берілген. A[1,1] бірэлементтік диоганальдан бастап қосымша диоганальға параллельді диоганальдардың элементтерінің қосындысын табу.

 

15. М квадратты матрицасы берілген. A[1,1] бірэлементтік диоганальдан бастап қосымша диоганальға параллельді диоганальдардың элементтерінің арасындағы максимальдысын шығару.

 

16. М квадратты матрицасы берілген. Басты диоганальдан төмен жатқан элементтерді нөлге ауыстыру.

 

17. М квадратты матрицасы берілген. Басты диоганальмен қоса одан жоғары жатқан және қосымша диоганальмен қоса одан төмен жатқан элементтерін нөлге ауыстыру.

 

18. М квадратты матрицасы берілген. Матрица симметриясына горизонтальды оське байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету.

 

19. М квадратты матрицасы берілген. Матрица симметриясына вертикальды оське байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету.

 

20. М квадратты матрицасы берілген. Матрицаның басты диоганалына байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету.

 

21. М квадратты матрицасы берілген. Матрицаның қосымша диоганалына байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету.

 

22. М квадратты матрицасы берілген. Оны 90 градуске оң жаққа қарай бұру.

 

23. М квадратты матрицасы берілген. Оны 180 градуске оң жаққа қарай бұру.

 

24. М квадратты матрицасы берілген. Оны 270 градуске оң жаққа қарай бұру.

 

25. к саны мен 4х10 өлшемді матрица берілген. К нөмірлі жолды матрицадан алып тастау.

 

26. 5х10 өлшемді матрица берілген. Минимальды элементті қамтитын бағананы матрицадыан алып тастау.

 

27. 5х10 өлшемді матрица берілген. Тек оң элементтерін қамтитын барлық бағаналарды матрицадан алып тастау.

 

28. 4х9 матрица берілген. К нөмірлі жолдың алдына нөлдерден құрылған жолды қою.

 

29. 4х9 өлшемді матрица берілген. Максимальды элементті қамтитын бағананың көшірмесін құру.

 

30 5х9 өлшемді матрица берілген. Тек оң элементтерден құрылған соңғы бағанадан кейін тек 1-ден құралатын бағананы қосу.

 

Бақылау мысалы

NxN екі өлшемді массив берілген. Басты және қосымша диоганальдардағы элементтердің қосындысын табу.

program primer5;

uses crt;

const n=5;

var a:array[1...n,1...n] of integer;

i,j,s,s1,s2:integer;

begin

clrscr;

for i:=1 to n do

for j:=1 to ndo

read(a[i,j]);

s:=0; s1:=0; s2:=0;

for i:=1 to n do

for j:=1 to n do

begin

if i=j then s1:=s1+a[i,j] else

if i+j=n+1 then s2:=s2+a[i,j];

end;

s:=s+s1+s2;

write(‘s=’,s);

end.

Программалау (І ) пәнінен

Зертханалық жұмыс №6


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Просто интернет, | Процедуралар мен функциялар


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн