русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Лекция 10


Дата додавання: 2014-11-28; переглядів: 1146.


Бейне параметрлері мен файл көлемі арасындағы байланыс.

Бейне параметрлері мен файл көлемі арасындағы байланыс.Растрлық графика құралдары түстерді беруде жоғары дәлдікті қажет ететін жұмыстарды иллюстрациялау үшін қолданылады. Дегенмен растрлық иллюстрация файлдарының көлемі көрсетілімі (разрешениясы) өскен сайын өсуде. өздеріміз күнделікті үйде көріп жүрген фотосурет (сандық түрге түрлендірілген, көрсетілуі 200-300 dpi, түстік көрсетілімі 24 бит, стандартты көлемі 10х15) сығымдалған режимдегі TIFF форматында шамамен 4 Мбайт орын алады. Жоғары көрсетілімді сандық түрдегі слайд 45-50 Мбайт орын алады. Ал А4 форматтағы түрлі-түсті бейне 120-150 Мбайт орын алады екен.

Растрлық бейнелердің көлемін өзгерту.Растрлық графиктің бір кемшілігі бейнені ұлғайтқан кезде пайда болатын (егер арнайы бір шаралар қолданылмаса) пикселдену (пикселизация) болып табылады. Егер түпнұсқада бірнеше нүктелер болатын болса, бейне көлемін ұлғайтқан кезде сапасы сақталуы үшін, түпнұсқаны көрсетілімімен (разрешениясымен) алдын-ала сандық түрге түрлендіріп алу керек. Екінші бір әдіс пикселдену эффектісін қандай да бір шекке дейін азайтуға мүмкіндік беретін стохастикалық растрды қолдану болып табылады. Сондай-ақ, көлемді өзгертуде, иллюстрация көлемін ұлғайту нүктелерді ұлғайту есебінен емес, бірнеше аралық нүктелер қосу жолымен шешуге болатын интерполяция әдісін қолданылу арқылы жүзеге асырылады.

Нүктелерден тұратын растрлық бейне үшін белгілі бір ұзындық бірлігіндегі нүкте санын сипаттайтын көрсетілім (разрешения) түсінігінің маңызы зор. Бұл жерде мыналардың ара-жігіт ажырата білу керек, яғни:

· Түп нұсқаның көрсетілімі;

· Экрандық бейненің көрсетілімі;

· Басылған бейненің көрсетілімі.

Түпнұсқаның көрсетілімі (Оригинал.). Түпнұсқаның көрсетілімі дюймдегі нүктемен (dots per inch – dpi) өлшенеді және бейненің сапасына және файл көлеміне, сандық түрлендіру тәсіліне немесе иллюстрация құру әдісіне, таңдалынған файл форматына сондай-ақ өзге де параметрлерге қойылатын талап неғұрлым жоғары болса, түпнұсқаның көрсетілімі де соғұрлым жоғары болуы керек деген ереже сақталады.

Экрандық бейненің көрсетілімі. Бейненің экрандағы көшірмесіндегі растрдың элементарлық нүктесін пиксель деп атау қабылданған. Пиксель көлемі таңдалынған экрандық көрсетілімге (стандартты мәндегі диапазонға), түпнұсқа көрсетіліміне және бейнелену масштабына байланысты.

Бейнелерді өңдеуге арналған диагоналы 20-21 дюймдік мониторлар (кәсіби кластағы), ережеге сай стандартты 640х480, 800х600, 1024х768, 1280х1024, 1600х1200, 1600х1280, 1920х1200, 1920х1600 нүктелі экрандық көрсетілімдермен қамтамасыз ете алады. Сапалы мониторлардың люминофорларындағы іргелес жатқан нүктелер арасындағы арақашықтық 0,22-0,25 мм құрайды.

Экрандық көшірме үшін 72 dpi, түрлі-түсті және лазерлі принтерде шығару үшін 150-200 dpi, фотоқұрылығылар арқылы шығару үшін 200-300 dpi көрсетілім жеткілікті. Баспаға шығаруда түпнұсқа көрсетілімі шығару құрылғысының растр линиатурасына қарағанда 105 есе үлкен болуы керек деген эмперикалық ереже қалыптасқан. Егер материалдық көшірмесі түпнұсқаға қарағанда ұлғайтылатын жағдай болса, ұлғайған мәнді, көлемін өзгерту коэффицентіне көбейту керек.

Басылған бейненің көрсетілімі және линиатура түсінігі.Қатты денедегі (қағаз, пленка т.б.), сондай экрандағы растрлық бейне нүктесінің көлемі, түпнұсқаны растрлау параметрлеріне және қолданылған әдіске байланысты болады. Растр торының жиілігі дюймдегі түзу (lines per inch – lpi) санымен өлшенеді және линиатура деп аталады.

Бақылау сұрақтары.

  1. Пикселдену дегеніміз не?
  2. Көрсетілім (разрешения) нешеге бөлінеді?
  3. Түпнұсқаның көрсетілімі (Оригинал) дегеніміз не?
  4. Дюймдегі түзу деп нені атаймыз?

<== попередня лекція | наступна лекція ==>
По дисциплине: « Нетрадиционные источники энергии» | Лекция 11


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн