русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Интерфейс параметрлері


Дата додавання: 2014-11-28; переглядів: 1544.


Интерфейсті баптауды Workspace (Жұмыс аймағы) бөлімінің қыстырмаларында орындайды. Басты қыстырма үнсіздікпен қойылған интерфейс түрін Adobe Illustrator немесе Macromedia FreeHand бағдарламаларына сәйкес өзгеше бір стиль құруға мүмкіндік береді.

Ceneral (Ортақ) қыстырмасында қайтару (Отмена) операцияларын таңдайды. Undo Cevels (Қайтару деңгейлер) сұхбаттық терезелерді көрсету параметрлері,дыбыстық көркемдеу және кейбір басқа да параметрлер.

Display (Монитор) қыстырмасында ауыстырып-қосқыштар арқылы экранда гафиканың көрсетілу параметрлерін орнатады.

Edit (Өзгеріс) қыстырмасында нысандардың көшірмелерінің жылжуын, бұрыштардың параметрлерін, графиканың орналасуының дәлдігін және басқа да қасиеттерін таңдайтын өрістерімен ауыстырып-қосқышы бар бірнеше терезе бар.

Warning (Ескерту) қыстырмасында жалаушалар қою арқылы параметрлер орнатады, бұл шектеулер бұзылған жағдайда есерту беріледі.

Save (Сақтау) қыстырмасында суреттің резериті көшірмесін сақтауды басқару құралдры бар.

Plug-i-Ins (Қосылу) қыстырмасы сыртқы кеңейтілу файлдарының орналасуын көрсетеді. Осы жерде Corel Draw бағдарламасымен сәйкес кеңейтілімдерді қосуға болады.

Text (Мәтін) қыстырмасы қос деңгейлі. Бастапқы қыстырмада мәтіннің ортақ қасиеттерін басқару элементтері бар, мысалы: қаріптің өлшемін өзгерту, қосымша Paragraph(Азат жол), Fonts (Қаріп), Spelling(Сауатты жазылуын тексеру), Type Assistant (Автоматты түрде ауыстыру)қыстырмалары мәтіндік нысандардың сәйкесінше атрибуттарын басқаруға мүмкіндік береді. Customize (Баптау)

Toolbox (Графика) кеңейтілген тобы әр түрлі құрал-саймандар қасиеттерін басқарудың он бес қыстырмасын біріктіреді, мыс: Knife Tool (Пышақ), EraserTool (Өшіргіш), Ellipse Tool (Эллипс)және т.б.

Интерфейсті пайдаланушының қажетіне қарай баптауда) қос деңгейлі қыстырмалар тобының үлкен мәні бар. Toolbars (Құрал-саймандар панелі) терезесінде жалаушаларды қою арқылы көрсететін құрал –саймандар панелін таңдаймыз.

Shortout Keys (Жылдам шақыру пернелері) қыстырмасында үнсіздікпен қолданылатын барлық «ыстық» пернелер тізімі келтірілген. Пайдалашушының таңдауы бойынша кез келген бұйрыққа, операцияларға өзінің «ыстық» пернелерін қоя алады. Бағдарламадағы қолданыста жүрген пернелердің қайталанбауын тексеріп, ескерту жасап отырады. Бұл қыстырмалардың көмегімен Corel Draw басқару элементтеріне және құралдарына жылдам кіру үшін жеке өзіңіздің бұйрықтар қорын жасауыңызға болады.

Интерфейсті баптауда басқа да қуатты құрал болып Menus (Меню) қыстырмасының элементтері табылады.. оның сол жағындағы терезеде Corel Draw бағдарламасына тән барлық бұйрықтар орналасқан, ал оң жағында меню жолындағы және басқа да жолмен ашылатын барлық менюлер тізімі келтірілген. Кез келген бұйрықиы, кез келген деңгейдегі менюге орналастыруға болады. Осылайша белгілі бір тапсырмаларға бағытталған интерфейстер құру мүмкіндігі бар.

Құжат параметрлері.

Document (Құжат) қыстырмасы үш деңгейлі. Бастапқы қыстырмада Save options asdefault for new document (Жаңа құжаттар үшін үнсіздікпен қойылатын параметрлерді сақтау) жалаушасын қою арқылы параметрлерді келесі құжаттар үшін сақтайды. Қосымша баптауларды сәйкес жалаушаларды қою арқылы көрсетеді.

General (Ортақ) қыстырмасында векторлық нысандардың экранда көрсетілу редринг параметрлерін, үнсіздікпен қабылданған визуализация режімі, сондай-ақ ашық қисық сызықтардың бояу режімін және эффектілердің растрлық бейнелерге қолданылуын анықтайды.

Page (Бет) қыстырмасы беттің кейбір режімін қоюға мүмкіндік береді, мыс: парақтың шектеулерін көрсету.

Size (Өлшем) қыстырмасында парақтың өлшемдері стандартты форматтар тізімін қояды немесе өз параметрлерін қояды.

Layout (Жоба) қыстырмасы парақтарды көрсету режімін таңдауға мүмкіндік береді.

Label (Таңба) қыстырмасында әрбір бетке автоматты түрде қойылатын таңбалардың параметрлерін көрсетеді.

Backgrounds (Фон) қыстырмасында беттің бүкіл кеңістігін алып жатқан фондық көріністің параметрін көрсетеді.

Guidelines (Бағыттаушы) қос деңгейлі қыстырмасында бағыттаушыларды көрсетіп және солар бойынша нысандарлы туралауға , жұмыс барысында құрылған бағыттаушылар үшін түстерді таңдауға болады.

Vertical (Тік) және Horizontal (Көлденең) қыстырмаларында сәйкесінше тік және көлденең бағыттаушыларда, Slanted (Қисық) қыстырмаларында –қисық бағыттаушыларды көрсетеді. Presets (Сыртқы) қыстырмасының элементтері стандартты бағыттаушылардың көрсетілуін басқарады, мыс: парақ шегін немесе баспа аймағын белгілеу үшін.

Grit (Тор) қыстырмасында парақта нысандарға тіреу болып табылатын нүктелер орналасқан. Тордың тығыздығы оның жиілігін (бірліке милиметр) көрсету арқылы немесе көлденең және тігінен орналасқан көршілес нүктелерінің арақашықтығын көрсетеді.

Rulers (Сызғыштар)қыстырмасында жұмыс аймағының шетінде орналасқан көмекші өлшеуіш сызғыш параметрлерін қояды.

Styles (Стильдер диспечері) қыстырмасы мәтін атрибуттарына, әртүрлі стильмен көркемдеуге жол ашады. Стильдерді басқару элементтерінің мазмұны әртүрлі мәтіндік редакторларға арналғандардан ешқандай айырмашылылығы жол-қаріптің түрі мен өлшемін өзгертуге болады, сызылуын, интерлиньяж, позициясын және мәтіннің басқа да атрибуттары.

Save (Сақтау) қыстырмасында кейбір айрықша файлдардың айрықша параметрлерін Corel Drawформатында сақтауды таңдайды.

Құрал-саймандар панелі.

Құрал-саймандар панелі жұмыс аймағының сол жақ шетіне орналасқан және Pick Tool (Нұсқағыш)нысандарды таңдау құралдары, Shape Tool (Фигура) формасын өзгерту, Zoom Tool (Масштаб) масштабтау, Bezier Tool (Безье қисығы)сызықтарды салу, Rectangle Tool (Тікбұрыш) тікбұрыштарды салу, Polygon Tool (Көпбұрыш) көпбұрыштарды салу, Text Tool (Мәтін) мәтінмен жұмыс істеу, Full Tool (Бояудың интерактивті құралы)нысандарды бояу әдісін басқарады, Transparency Tool (Интерактивті мөлдірлік) нысандардың мөлдірлігін басқарады, Ellipse Tool(элиппс) элиппс салу, Blend Tool (Интерактивті ағыс) аралық трансформациямен нысандардың бір-біріне ауысуы. Құрал-саймандар панеліне соңғы болып Evedropper Tool ( Түсті таңдауға арналған,тамызушы), Outine Tool( Абрис,контурлар параметрлерін басқарушы),Till Tool (Бояу) бояу параметрлерін басқарушы құралдар.

Қасиеттер панелі

Құрал – саймандардың кез – келген біреуін таңдағаннан кейін қасиеттер панелі оның қасиеттерін көрсетіп, нысан қасиеттерімен немесе құралдар параметрлерін басқаруға мүмкіндік беретін элементтер жинағын лінгенұсынады. Осыған байланысты қасиеттер панелі таңдалған нысанға немесе құрал-сайманға байланысты дипамикалық түрде өзгеріп отырады.

 

 

Бет параметрлері: Егер ешқандай таңдалынбаған болса, онда қасиеттер панелінде ағымдағы беттің параметрлерін басқару элеметтері бар: Paper Type/Size (Түр / қағаз форматы) стандартты немесе пайдаланушы беттің форматын таңдауға арналған тізім; Width and Height (Қағаздың ұзындығы және ені)беттің ұзындығы және енін қоюға арналған санауыштар: Portrait (Кітап) және Gandscape (Альбом)бет орентациясын өзгерту батырмалары; Drawing Units (Өлшем бірліктері)өлшем бірліктерін таңдауіа арналған тізім; Nudge Offset (Меңзер пернелерімен орын ауыстыру) түйіндердәң қозғалуының стандартты шамасын беруге арналған санауыш; Duplicate Distance (Көшірмеге дейінгі арақашықтық) х,у осьтерімен нысан көшірмесінің қозғалу шамасын қою санауышы; Snap to Grid (торға байлау), Snap to Guidelines (Бағыттаушылырға байлау) ,Snap to Obgect (Нысандарға байлау) батырмалары тіреу нүктелері, бағыттаушы сызықтар немесе таңдалынған нысан бойынша тегістеу режімін қосу үшін, сәйкесінше Draw Complex Objects when MOVING on Transforming (нысандарды қозғалту кезінде көрсету) трансформациялау немесе нысандарды қозғалту кезінде көрсету режімін қосу батырмасы, Treat As Filled (Толтырылған деп есептеу) режімін қосу батырмасы; бағдарламаның параметрлерін баптауға арналған Options (параметрлер) сұхбаттық терезесін ашу батырмасы

Құрал-саймандар панелі құралдарының қосалқы нұсқалары.

Snape Tool (фигура) тобына қосалқы нұсқаулар кіреді.Knide Tool (Пышақ) – нысанды кесінді сызығы бойынша бөлуге арналған: Eraser Tool (Өшіргіш) – нысаны бөліктерін жоюға арналған, Free Transform Tool (Еркін ауысу ) – нысандарды еркін трансформациялауға мүмкіндік береді – айналдыру, масштабтау;еңкейту және т.б. операциялар

Zoom Tool (Масштаб) тобына Pan Tool (Понограма) құралы қосылған, оның көмегімен жұмыс аймағғындағы көрінетін аймақтарын ауыстыруға болады.

Bezier Tool (Базье қисығы) тобына мына құралдар кіреді: Freehand Tool (Қисық) – «қолмен» сызық салғанға арналған:Artistic Media Tool (Табиғи қауырсын) – тұрақты немесе айнымалы қалыңдықты қауырсынмен сурет салуды келтіруге қызмет етеді.Pimension Tool (Өлшем құралы) - өлшемді сызықтарды қоюға және сызбаларды белгілеуге қолданылады, Connection Cine Tool (қосу сызығы) – екі нысанды қосатын түзу сызықтарды салуға арналған: Interactive Connector Tool (интерактивті) нысандарға байланып, олармен бірге қозғалатын сызықтарды қосу үшін ғызмет етеді.

Polygon Tool (көпбұрыш) тобы көпбұрыштардан да басқа интерактивті сурет салу құралдарын біріктіреді; Spiral Tool (спираль) логарифмдік және симметриялық спиральды салу үшін; Graph Paper Tool (қағазды бөлу) бірдей элементтерге бөлінген тікбұрышты нысандарды салу үшін Интерактивті бояу құралдары тобына кіреді;

nteractive Fill Tool (Интерактивті бояу құралы) тегіс және графиентті бояуды орындайтын құрал. Post Script нысандармен немесе мәтінмен, өрнекпен толтыру құралы және Interactive Fill Tool (Түйіндер бойынша интерактивті бояу) құралы тіркеу нүктелерімен шектелген сегмент аймақтарына бөле отырып бояуға мүмкіндік береді.

Interactive Blend Tool (Интерактивті ауысу) нысандарды интерактивті модификациялау құралдар тобы бір нысанның екіншісіне аралық трансформацияның берілген санымен өтуін қамтамасыз етеді.

Interactive Contour Tool (Интерактивті ореол) тұпнұсқаға қатысты қозғалатын және масштабталатын нысан контурының көшірмесін жасауға көмектеседі. Қозғалу бағытына қатысты көшірмелер ішкі немесе сыртқы ореол түзеді.

Interactive Distortion Tool (Интерактивті қисайту (қате көрсету)құралы таңдалынған нысанға Push and Pull (Қабаттарын алу),

Zinper(Зигзаг)немесеTwister (Құйын). Interactive Extrude Toll (Интерактивті сығу) жалпақ нысандарды үшінші координата бойынша, үш өлшемді кескін құру үшін «сығуға » арналған.

Interactive Drop Shadow Tool (Интерактивті көлеңке) таңдалынған объектіден түсетін көлеңке эффектісін құруға арналған. Көлеңке растрлық нысанға жатсада, түпнұсқаға енгізілетін өзгерістер оның көлеңкесіне де әсер етеді.

 

Контур параметрлері

 

Кірістірілген Outline Tool (Абрис) құралдар панелінде бірінші тұрған екі белгіше Outline Pen (Абрис қауырсыны диалогы) және Outline Color (Абрис түсі диалогы) сұхбаттық терезелерін ашады. Қалған белгілер контур қалыңдығының стандартты мәндерін таңдауға мүмкіндік береді. Outline Pen(Абрис атрибуттары) контур қалыңдығын Width(Қалыңдық) санауышының көмегіментүсін ағымдағы Color (Түс) палитрасының көмегімен, сызық түрін Style (Стиль) тізімінде таңдайды. Контур қалыбын бұрыштың және соңғы нүктелерде Corners (Бұрыштар) және Line Caps (Сызықтар соңы) ауыстырып-қосқыштарымен тобының тұйықталмаған соңғы нүктелеріндегі бастапқы және соңғы маркерлерінің қалыбын көрсетеді, Callig raphy (Полиграфия) тобында әртүрлі бұрыштардың бұрылу кезіндегі сызық қалыңдығын анықтайды.

Outline Color (Абрис түсі) сұқбаттық терезесі Outline Tool (Абрис) құрал-саймандар палитрасының екінші батырмасына шерткенде ашылады. Оның құрамына түсті таңдау және туралаудың қуатты құралдары кіреді. Олар Models (Түстерді қарап шығу), Mixers (Араластырғыштар), Fixed Palettes (Ерекшеленген палитралар) және Custom Palettes (Пайдалану палитралары) қыстырмаларында орналасқан.

Бояу параметрлері

Кірістірілген Fill Tool (Бояу) құрал-саймандар панелі Fill Tool (Бояу) құралының батырмасын шерткен кезде ашылады. Бұл панельдегі бірінші батырма Uniform Fill (Біртекті) сұхбаттық терезесін ашады. Келесі батырмалар сәйкесінше бояу түрлерінің сұхбаттық терезелерін ашады. Олар бірдей етіп ұйымдастырылған: бояудың дайын нұсқалар қорынан таңдау, бояу параметрлерін өзгерту мүмкіндігі, ал кейбір жағдайда (градиентті және өрмекті бояу үшін)-бояудың өзіндік үлгісін дайындауға мүмкіндік береді. Құрал-саймандар палитрасындағы соңғы батырма (Бояу),(Түс) қиылысу палитрасын ашады, ол автоматты түрде жұмыс аймағының оң жақ шетіне орналасады. Бұл палитраның көмегімен түсті көрсету үлгісін ашылған тізімнен таңдап, керекті түсті оның контурын немесе нысанды бояуда нұсқайды.

Меню құралдары

Corel Draw бағдарламасының кейбір құрал-саймандары егер пайдаланушы Options (Параметрлер) терезесінде үнсіздікпен берілген конфигуранцияны өзгертпесе тек қана меню жолынан ашылады. Оларға Bitmaps (Растрлық кескіндер) мәзірінде, Effects (Эффектілер) мәзіріне енетін құралдар, View (Көрініс) мәзірінде көрініс параметрлерін басқару құралдары, Arrange (Реттеу) мәзіріндегі кейбір құралдар және Tolls (Сервис) растрлық кескіндерді өңдеу құралдары кіреді. Басқару элементтері мен құрал-саймандардың қиылсу палитраларын ашуға болады. Алайда үнсіздікпен қойылған интерфейс конфигурациясы соншалықты да маңызды емес пайдаланушы кез-келген уақытта құрал-саймандар панелінің конфигурациясын өз қажетінше өзгерте алады.

 


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Corel Draw параметрлерін баптау. | Графикамен орындалатын операциялар


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн