русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Лекция 5


Дата додавання: 2014-11-28; переглядів: 1153.


Растрлық графика ерекшелігі. Photoshop бағдарламасы туралы.

Растрлық графиктерді өңдеуге арналған программалар класын тұтас алғанда, олардың арасынан Abode фирмасының Photoshop пакеті ерекше орын алады. Бүгінде ол компьютерлік графикада стандарт болып табылады және барлық өзге программалар басқарудың басты элементтері меню қатары мен құралдар тақтасында орналасқан. Ерекше топты сұхбат терезелері – құралдар палитрасы құрайды. Алда біз аталған құралдардың функцияларына жеке тоқталатын боламыз.

 

 

 

File менюі

 

File (Файл) менюінің командалары бейнені құру, ашу, орналастыру, жабу, сақтау, сканерлеу, экспорттау, немесе импорттау, қағазға басу, файлды желі бойынша жөнелту, кейбір операцияларды автоматтандыру мақсатында және Photoshop программасынан шығу үшін қолданылады. ImageReady немесе GoLive сияқты көмекші қосымшыларға кіру үшін File>Jump to ішкі менюін қолданыңыз.

Edit менюі

Edit (Правка) менюінде бейнені редакторлеуге қажетті: көшіру, трансформациялау, нысандары қою және бейненің түсін анықтау, сондай-ақ қандай да бір көлем мен формадағы, әртүрлі ою-өрнек пен фигуралы қылқаламды құру командалары бар. Fade (Ослабить) ішкі менюінің командалары көптеген операциялардың әсерін (мысалы соңғы қолданған фильтрдің, түзету немесе қандай да бір құралмен сурет салу командаларын) бәсеңдетуге мүмкіндік береді. Purge (Очистить) ішкі менюінің командалары жадыны босатады. Сондай-ақ Edit менюінің көмегімен Color Settings (Түс сипаттары), Preset Manager (Баптаулар менеджері) және Preference (Орнатулар) сұхбат терезелерін ашуға болады.

Imageменюі

Image (Изображение) менюінің Mode (Режим) ішкі менюінің көмегімен бейнені ондағы сегіз режимнің кез-келгеніне түрлендіруге болады. Adjustments (Коррекция) ішкі менюі түстің қанықтылығын, өнің, айқындылығын немесе бейненің контрастылығын өзгертеді. Image Size (Размер изображения) командасының көмегімен файлдың көлемін, бейненің көлемін немесе көрсетілімін (разрешение) өзгертуге болады. Canvas Size (Размер холста) сұхбат терезесі бейне орналасқан жұмыс қеңсітігінің көлемін өзгерту қажет болған жағдайда қолданылады.

Layerменюі

Layer (Слой) менюінде орналасқан командалар қабаттарды қосуға, көшіруге, өшіруге, өзгертуге, топтастыруға ретін ауыстыруға, байланыстырылған қабаттардың ыңғайлы орналастырылуын басқаруға, қабаттарды біріктіруге, оларға маскілер қосуға және бейнені тұтас бір қабатқа айналдыруға мүмкіндік береді, Layers (Слои) палитрасының менюін қолдану арқылы кейбір командаларды жылдам орындауға қол жеткізуге болады.

Selectменюі

Select (Выделить) менюінің Аll (Все) командасы қабатты тұтас белгілейді. Deselect командасы керісінше алдыңғы белгіленген аймақтағы барлық белгілеулерді алып тастайды. Ал Reselect (Восстановить выделение) командасы Deselect командасы қолданылған аймақты қайта белгідейді. Color Range (Диапазон цветов) командасы түстерді есепке ала отырып белгілейді. Бұл менюдің өзге командалары белгіленген аймақтың шекааларын кеңейтеді, қысқартады, тегістейді немесе растушевка жасайды, сондай-ақ белгіленген аймақтарды арналарда (каналдарда) сақтайды немесе арналардан (каналдардан) жүктейді.

Filter менюі

Filter (Фильтр) менюі топтастырылған ішкі менюлер көмегімен бейнені редакторлеу бойынша көптеген операциялар орындайтын фильтрлерден тұрады. Digimarc фильтрі бейнеге жәй көзге көрінбейтін авторлық құқық таңбаларын қояды.

Программаның аталмыш версиясының алдыңғы версиясынан айырмашылығы бұл менюге Image менюінен екі команда көшірілген. Extract (Извлечь) командасы күрделі форманың белгіленген аймағын құруға мүмкіндік береді. Liquify (Исказить) командасы бейне нүктелерін қандай да бір бағытқа жылжытады.

Viewменюі

View (Вид) менюінің командалары экранда ненің көрсетіліп, ненің көрсетілмеуін қадағалауға мүмкіндік береді. Gamut Warning (Предупреждение о гамме) командасы төрт түстік баспаға шығаруда басылмайтын түстерді белгілейді. Poof Setup (Установки пробного отпечатка) ішкі менюінің командалары бейнені әртүрлі режимдерде баспаға шығаруда оның қалай шығатынын көріге мүмкіндік береді. View менюінің өзге командалары торларын, бейне бөлшектенетін аймақтың көмекші сызықтарын шығаруды басқарады.

Window менюі

Window (Окно) менюінің командалары экрандағы әртүрлі палитраларды көрсету немесе жасыруды басқарады. Бұл менюде сондай-ақ ашық тұрған бейнелердің тізімі орналасқан, және олардың кез келгенін екпінді етуге болады.

Windows операциялық жүйесімен жұмыс істегенде аталған меню бейне терезелерінің ретпен орналасуын және қалып-күй қатарын көрсетіп/жасыруды басқаруға мүмкіндік береді.

Helpменюі

Help (Помощь) менюінің командалары Photoshop программасы бойынша нұсқауларға интерактивті режимде қол жеткізуге, Abode компаниясының соңғы жаңалықтарын білуге, Abode Online сайтына қосылуға немесе экранда пайда болатын түсіндірмелер көмегімен қандай да бір әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Лекция 4 | Палитралар


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн