20. Визуалды бағдарламалау. Delphi ортасы
21. Графикалық ақпараттарды бейнелейтін компоненттер
22. Деректер қорын құру принципі. ДҚ кесте құру
23. Қасиет типтері. Alignment, Caption, Color, Cursor, Font, Position, AutoSize, WordWrap, TabOrder, Height, Left, Top, ClientHeight қасиет компоненттерінің қолданылуы.
Класстың өрістері - класстың ішінде сипатталған айнымалылар. Олар класстың объектісінің жұмысы барысында деректерді сақтауға арналған.
Класстың сипаттамасында өрістер тәсілдер мен қасиеттерден бұрын келуі керек.
Әдетте өрістер класстың ішіндегі операциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Деректер алмасу үшін класста қасиеттер қолданылады. Қасиеттерді сипаттау үшін класста property сөзі қолданылады.
Мысалы, қосымша терезесіндегі қарапайым батырманың түс, өлшем, алатын орны сияқты қасиеттері болады.
Қасиеттер сыртқы ортамен дерек алмасуды қамтамасыз етеді.
Сондықтан оның мәнін пайдалану үшін класстың арнайы тәсілдері пайдаланылады.
Әдетте қасиет үш элемент арқылы анықталады: өріс және оқу/жазуды жүзеге асыратын екі тәсіл:
type
TAnObject = class(TObject)
functіon GetColor: TSomeType;
procedure SetColor(ANewValue:
TSomeType);
property AColor:
TSomeType read GetColor wrіte
SetColor;
end;
Егер қасиет тек оқылатын немесе жазылатын болса, онда оның сипаттамасында сәйкес тәсіл жазыла алады:
type
TAnObject = class(TObject)
property AProperty: TSomeType
read GetValue;
end;
Объектінің берілгендеріне орын бөлу - құрастырушы Create әдісін қолданудың нәтижесін меншіктеу арқылы орындалады, мысалы:
Proff:=TPerson.Create;
// proff объектінің берілгендеріне қажетті орын бөлу
Сонымен қатар, Consructor көмегімен объектінің берілгендеріне бастапқы мәндерін меншіктеуге, яғни объектіні инициялизациялау әрекетін орындауға болады:
Constructor TPerson Create;
Begіn
fname:=’ ‘;
faddress:=’ ‘;
End;
Енді объектіні жариялап, инициялизациялаудан кейін оны пайдалануға болады.
Жоғарыда айтылғандай, объектінің өрісіне қол жеткізу үшін объектінің және өрістің атын көрсету керек (арасында нүкте тұрады). Мысалы, Proff.fname. Егер белгілі бір объект ары қолданылмаса, онда жадыны босатуға болады. Осы әрекетті орындау үшін Free - деструктор әдісін қолдану керек, мысалы: Proff.Free;
24. Қатарлар. Қатарлық процедуралар мен функциялар
25.Массивтер. Массив түрлері