Setcolor(4);
Setcolor(4); moveto(250,10);
Setcolor(col);
Maxx(); getmaxy();
Getx(); gety();
Setgraphmode(gm);
Restorecrtmode();
Closegraph();
Closegraph ( );
Getch();
Return;
Getch ();
}
... Ары қарай программа мәтіні...
}
11.1. Графикалық режим орнату, одан шығу, мәтін жазу, сызық салу функциялары
Графикалық режим драйверін іске қосу функциясы
initgraph(&Driver,&Mode,Path);
Driver параметрі бейнелік жүйе драйверін анықтайды, Mode параметрі – бейнелік жүйе жұмыс режимін береді, ал Path параметрі – драйвер файлының орнын көрсетеді.
Көбінесе Driver параметрі мәніретінде detect болатын бүтін константа қолданылады. Мұндайда initgraph функциясының өзі графикалық драйвер типін анықтап, ең дұрыс режимді таңдап алады.
Тақырыптық файлы: <graphics.h>
Драйвер дұрыс оқылған соң, initgraph() функциясы 4 К көлемінде (келісім бойынша) ішкі графикалық буфер ұйымдастырады да, экран түсі, сызықтар түсі анықталып, дисплей адаптері графикалық режимге кіреді. Экран тазаланып, курсор сол жақ жоғарғы бұрышқа орнатылады.
Егер BGI-файлдар ағымдағы бумада болса, initgraph() функциясының үшінші параметрі ретінде бос орын мәнін беруге болады
initgraph(&Driver,&Mode," ");
Графикалық режимнен шығу және оған бөлініп берілген жады бөлігін босату үшін, яғни бейнеадаптер буферін тазартып, бұған дейінгі мәтіндік режимді қалпына келтіру мақсатында мына функция қолданылады
Графикалық режимде сызық түстерін, тұйық сызықтар ішін түрлі түске бояуға болады. Ол үшін мәтіндік режимдегідей түстер кодтары және олардың ағылшынша атаулары қолданылады.
Графикалық режимнен уақытша мәтіндік режимге ауысу мақсатында мынадай функция қарастырылған
Ол initgraph() функциясын пайдаланғанға дейінгі болған мәтіндік режимді қайта орнатады; буферде (экран көрінісі де) сақталған мәтін қалпына келмейді, өйткені ол initgraph()функциясы арқылы өшірілген болатын.
Графикалық режимге қайтып оралу мына функция арқылы атқарылады
функция аргументі ретінде қолданылған драйверге қатысты режимнің бүтін сан түріндегі нөмірі қарастырылады.
Курсор орнын анықтау функциялары
Функциялары курсор тұрған орын координаталарын х (у) береді.
getmaxx() функциясы экранның оң жақтағы ең шеткі нүктесінің x координатасын анықтайды, ал getmaxy() функциясы — экранның ең төменгі у нүктесі координатасын анықтайды.
Сызықтар түсін тағайындау функциясы
мұндағы сol – түс атауы немесе түс коды. Сызық және мәтіндер түсі осы функциямен беріледі. Ал сызық типі setlinestyle() функциясы арқылы тағайындалады.
Түстер бүтін сан түріндегі кодпен немесе константа түрінде бас әріппен жазылатын ағылшынша түс атауларымен беріледі.
Түстердің стандартты белгіленулері төмендегідей:
|
|
|
|
Көмескі түстер
| Кодтары
| Ашық түстер
| Кодтары
|
Қара (BLACK)
|
| Қара қошқыл (DARKGRAY)
|
|
Көк (BLUE)
|
| Көкшіл (LIGHTBLUE)
|
|
Жасыл (GREEN)
|
| Ақ жасыл (LIGHTGREEN )
|
|
Көгілдір (CYAN)
|
| Ақшыл көк (LIGHTCYAN)
|
|
Қызыл (RED)
|
| Қызғылт (LIGHTRED)
|
|
Күлгін (MAGENTA)
|
| Қызғыш (LIGHTMAGENTA)
|
|
Қоңыр (BROWN)
|
| Сары (YELLOW)
|
|
Сұр (LIGHTGRAY)
|
| Ақ (WHITE)
|
|
Мысалы: setcolor(YELLOW); setcolor(3); setcolor(5);
Экранның фоны түсін өзгерту функциясы
setbkcolor (түсі);
Мысалы: setbkcolor(BLUE); setbkcolor(14);
Мәтін шығару функциялары
Графикалық режимде экранға мәтін шығарарда символдар көлемін, бағытын (тік, көлденең), бекітілген бірнеше қаріп түрінің бірін таңдау мүмкіндіктері бар. Осындай символдар параметрлері мынадай функцияарқылы беріледі:
settextstyle(Қаріп,Бағыты,Көлемі);
outtextxy және outtext функциялары арқылы шығарылатын мәтіндердің қаріп түрін, көлемін және бағытын тағайындайды. Қаріп (шрифт) параметрі ретінде төмендегі константалардың бірін пайдалануға болады.
Константа Мәні Қаріп типі
DEFAULT_FONT 0Стандартты. Әрбір символ 8 х 8 пиксел көлемдегі квадрат ішіне шығарылады.
TRIPLEX_FONT 1 Triplex шрифті (TRIP.CHR файлы)
SMALL_FONT 2 Майда шрифт (LITT.CHR файлы)
SANSSERIF_FONT 3 SansSerif тік шрифті (SANS.CHR файлы)
GOTHIC_FONT 4 Готикалық шрифт (GOTH.CHR файлы)
Орысшрифтері тек стандартты түрде ғана (default_font) шығарылады. Бағытыпараметріберілгенмәтінді тік немесе көлденең беруді тағайындайды, оның мәндері:
HORIZ_DIR 0 Солдан оңға қарай
VERT_DIR 1 Төменнен жоғары қарай
Көлемі 1-ден 10-ға дейін өзгере алады. Бұл шама DEFAULT_FONT стандартты қарпі (8х8 пиксел) үшін әр символды неше есе үлкейту керек екендігін көрсетеді (стандартты матрица 8*8 болғандықтан, егер көлемі 4 болса, онда символдар 32*32 пикселдік матрицаға дейін үлкейеді). Ал қалған қаріптер үшін бұл параметр сызықтық емес, экспоненциалдық масштабтау шкаласын көрсетеді. Символдың негізгі нұсқасы көлемі 4-ке тең болып саналады, сондықтан ол 7 болса, онда символдар 2 есе өседі; егер 8 болса - 3 есе; ал 9 болса - онда 4 есе ұлғаяды. Символдар әрқашанда үздіксіз жіңішке сызықтармен жазылады.
Экранға мәтін шығару функциясы
outtext (“Мәтін”);
қостырнақшаға алынған мәтінді курсор тұрған орыннан бастап экранға шығарады. Мәтін ішінде басқару символдары болмауы тиіс, мысалы, \n.
Шығарылатын символдар түсі setcolor, шрифт типі — settextstyle функцияларымен беріледі. Мысалы:
outtext(“Омаров Марат”);
Экрандағы көрсетілген орынға мәтін шығару функциясы
outtextxy(x,y,“мәтін”);
Курсорды алдымен х, у нүктесіне орналастырып алып барып, мәтінді экранға шығарады. Мәтін шығарылған соң, курсор бұрынғы орнында (х,у)қалады.
Шығарылатын символдар түсін – setcolor(), қаріп типін — settextstyle() функциясымен беруге болады. Мысалы:
outtextxy(250,2,"Омарова Айман");
putpixel(x,y,Түсі);
координатасы (х, у) пиксел-нүктені Түсі санынабайланысты бояп шығады.Түсіағылшынша сөзбеннемесекодпен беріледі. Бұл функцияны цикл ішіне орнатып, сызықтар сызуға болады. Мысалы:
setcolor(BLUE);
for (x=20; x<=200; x++)