русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Полилиния


Дата додавання: 2013-12-24; переглядів: 1183.


Тақырыбы: Күрделі примитивтер: Полилиния. Арнайы түрдегі полилиниялар.

Дәріс №5.

Масштабтау

Бұйрық:

- ZOOM (Көрсету)

- view→zoom (Түр→ Көрсету)

ZOOM (Көрсету) бұйрығында төмендегі опциялар қолданылады:

All (Барлығы) –сызудың барлық аймағын немесе шекара ішіндегі аймақты көрсету, егер ол берілген болса.

Previous (Алдыңғы) – суреттің алдыңғы түрін қолдану. Экран түрін онға дейінгі түріне тізбектей қалпына келтіруі мүмкін.

Window (Жиек)– терезені қолданып, бейне аймағын беру. Ол үшін төртбұрышты жиектің екі қарама қарсы бұрышын беру керек.

Real time (Нақты уақыт)–нақты уақытта бейнені үлкейту/кішірейту курсорды тігінен жоғары немесе төмен ауыстыру арқылы жүреді.

Pan Real time (Нақты уақытта панорамалау)– сызудың қажетті бөлігін бейнелеу үшін құралмен бейненің қажетті жеріне шертіп, оны ауыстыру керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Нысандық байланыстыру деген не?

2. AutoCAD-та қолданылатын нысандық байластыруларды атаңыз?

3. ZOOM (Көрсету) бұйрығының опциялары қандай?

Мақсаты:Күрделі примитив полилиниямен және арнайы түрдегі полилиниялардың түрлерімен танысу.

Кілттік сөздер: полилиния, сегмент, тіктөртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, сақина.

Дәрістің қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар: Pline бұйрығы және опциялары. Доға режиміндегі опциялар. Арнайы түрдегі полилиния: тікбұрыш, көпбұрыш, сақина, эллипс.

Полилиния – бұл бір немесе бірнеше өзара байланысқан тура сызықтармен және доға сегменттерінен тұратын күрделі қарапайым. Полилиния бүтін бір сызық ретінде өңделеді (мысалы, редакциялау немесе жою кезінде). Нөлдік енге ие көптеген нысандардың бірі. Алдыңғы полилинияға берілген ен келесі полилиния үшін де келісім бойынша қабылданады.

 

Бұйрықты таңдау келесі тәсілдер бойынша орындалады:

· Сурет салу (Рисования) құралдар тақтасынан батырмасын басу;

· Бұйрық жолына PLINE бұйрығын енгізу;

· Мәзір қатарындағы Сурет салу → Полилиния бұйрығын орындау.

Опциисы:

Close (Жабу) – полилинияны жабатын тағы бір тіке сызықты аймақты қосу (және ПЛИНИЯ (PLINE) бұйрығынан шығу);

Width (Ені) – полилинияның келесі аймағы үшін енін беру (полилинияның әрбір сегментінің өзінің ені болады, және де аймақтың басындағы ені аймақтың соңғы еніне сәйкес келмеуі мүмкін); ені полилиния шыңы (нүктесі) жатқан полилиния өсінің екі жағына бірдей бөлінеді;

Halfwidth (Жарты ен) – енді беру, бірақ жарты ен терминінде (яғни, егер сызықтың қажетті толық ені 10-ға тең болса, онда жарты енді бере отырып 5-ке тең етіп алуға болады);

Length (Ұзындық) – ұзындығы берілген алдыңғы аймақтың жалғасы болып табылатын сегментті тұрғызу, және де ұзындықты санмен немесе нүктемен беруге болады.

Undo (Болдырмау) - ПЛИНИЯ (PLINE) бұйрығындағы соңғы әрекетті болдырмау;

Arc (Доға) – полилинияның доғалық сегменттерін салу режиміне өту.

Доға режиміндегі опциясы:

Angle (Бұрыш) – доғалық сегмент үшін орталық бұрышының шамасын беру;

Center (Центр) – доғалық сегмент үшін центрін беру;

Close (Жабу) – доғалық сегменттің көмегімен полилинияны жабу;

Direction (Бағыт) – доғалық сегментті құру үшін бағытын беру;

Halfwidth (Жарты ен) – келесі сегмент үшін жарты енін беру;

Line (Сызықтық)– тіке сызықты сегменттерді сызу режиміне көшу;

Radius (Радиус) – доғалық сегмент үшін радиусын беру;

Second pt (Екінші) –үш нүкте арқылы доғалық сегментті құру үшін екінші нүктені беру;

Undo (Болдырмау)– соңғы әрекетті болдырмау;

Width (Ені) – келесі сегмент үшін енін беру.


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Нысандарды байланыстыру. | Штрихтауды редакциялау


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн