русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Примитивтер


Дата додавання: 2013-12-24; переглядів: 2162.


Координаттар нүктесін енгізу тәсілдері

Бұйрықтарды енгізу тәсілдері

Тақырыбы: Негізгі ұғымдар және аспаптар. Примитивтер. Қарапайым примитив: Кесінді.

Дәріс №2.

Режимдер

ҚАДАМ (SNAP) батырмасы байланысу режимін тордың нүктесіне белгілі бір қадаммен немесе бұрыштық байланысуға қосады немесе сөндіреді (орнын ауыстыру берілген қадам бойынша тік сызықты сегменттер арқылы жүзеге асады).ҚАДАМ (SNAP) батырмасының жұмысын <F9> функционалдық пернесі де атқарады.

ТОР (GRID) батырмасы қадаммен күйге келтірілген нүктелерден құрылған торды лимиттер аймағында қосады немесе сөндіреді. Ұқсас батырма болып <F7> функционалдық пернесі табылады.

ОРТО (ORTHO) батырмасы ортогональдық режимді қосады немесе сөндіреді. Егер аталған режим қосулы болса, онда AutoCAD жаңадан тұрғызылатын тік сызықты кесінді сегменттері мен поли сызығын тігінен немесе көлденеңінен жөндеуді бастайды.

ПОЛЯР (POLAR) батырмасы ОРТО (ORTHO) режимінің бұрышқа кейбір күйге келтірілген қадаммен бағытталуы. Батырма полярлық қадағалау режимін қосады немесе сөндіреді. Батырмаға сәйкес <F10> функционалдық пернесі болып табылады.

ВЫРВ (OSNAP) батырмасы нысандар байланысуының (байланысу тізімдері күйге келтіріледі) берілген функцияларының тұрақты әрекеттер режимін қосады немесе сөндіреді. Нысандағы нүктелерді көрсеткен кезде, AutoCAD жүйесі осы нысанға сәйкес нысандарды байланыстыру функциясын есептейді (яғни, соңғы немесе ортаңғы нүктесін, және т.с.с.). Батырмаға сәйкес <F3> функционалдық пернесі болып табылады.

СЛЕД(OTRACK) батырмасы көмегімен қадағалау режимін қосқанда объектті байланыстыру кезінде AutoCAD объектті байланыстыруды қолдана отырып көрсетілген аралық нүктеден полярлық қадағалауды қолдануға мүмкіндік береді. Ұқсас батырма болып <F11> функционалдық пернесі табылады.

ВЕС (LWT) батырмасы сызу элементтерінің салмағын көрсететін режимді қосады немесе сөндіреді. Сызық салмағы – бұл сыртқы құрылғыға шығатын сызық ені.

МОДЕЛЬ (MODEL) батырмасы үлгі және парақ кеңістіктері арасында ауыстырып қосуға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

1. AutoCAD жүйесін қалай іске қосады?

2. AutoCAD жүйесі қандай жолдардан тұрады?

3. Режимдер жолағының атқаратын қызметі қандай?

4. Жұмыс үстеліне жұмыс жасауға қажетті қосымша құралдар тақтасын және жеке батырмаларды қалай шығарады?

 

Мақсаты:AutoCAD жүйесінде координаттарды енгізу тәсілдерімен, қарапайым және күрделі примитивтермен танысу.

Кілттік сөздер: бұйрық, координата, примитив.

Дәрістің қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар: Бұйрықтың енгізу тәсілдері. Координаттар нүктесін енгізу тәсілдері. Примитивтердің түрлері. Қарапайым примитивтер.

AutoCAD жүйесі қолданушының интерактивті жұмысы үшін құрылған. Жүйемен сұқбаттасу бұйрық тілінде жүреді. Бұйрықты енгізудің ең қарапайым тәсілі - бұйрық қатарындағы Бұйрық: (Command:) шақыруына пернетақтадан жауапты енгізу болып табылады.

Бұйрықты енгізіп болғаннан кейін <Enter> пернесін басуды ұмытпаңыз, себебі AutoCAD жүйесі үшін ол бұйрықтарды өңдеуді бастаудың көрсеткіші болып табылды. Бұйрықтар қатарында терілгенді мәтінді <-->>, <<-->, <Del>(курсордың оң жағындағы символдарды кетіреді), <Backspace>(курсордың сол жағындағы символдарды кетіреді) пернелерін пайдалану арқылы түзетуді <Enter> пернесін баспастан бұрын жасау керек.

Бұйрықты енгізудің басқа тәсілі ол экран менюі немесе құралдар тақтасы. Егер Бұйрық: (Command:) сұранысының жауабына <Enter> пернесін басса, онда AutoCAD алдыңғы бұйрықты қайтадан шақырады. Кез келген басталған бұйрықтың жұмысын <Esc> пернесін басу арқылы тоқтатуға болады.

Бірінші тәсіл –тышқанның көмегімен жүреді.

Координаттар нүктесін пернетақтадан енгізу екінші тәсілі кеңінен тараған, Мысалы: 65,113.24

Берілген мысалда екі координатасы бар: Х=65 мм, Y=113.24 мм. Координатты пернетақтадан енгізуде үтір абсциссия мен ордината арасындағы бөлгіш болып, ал нүкте санның бүтін және бөлшек бөлігін айыру болып табылады. Енгізілген координаттар бүтін немесе нақты болуы мүмкін.

Нүктелерді енгізудің үшінші тәсілі болып, пернетақтадан декарттық координата түрінде салыстырмалы енгізу. Мысалы: @50,25.

Бұл жазбаның мағынасы, жаңа нүкте алдыңғы нүктеге қатысты ("@" символы анықтайды) Х өсі бойынша +50 мм жылжып (50 мм оңға бағытқа) және Y өсі бойынша +25 мм жылжып (25 мм жоғары бағытқа) беріледі. Бұл жердегі үтір координаттардың бөлгіші. Енгізілген сандар бүтін және нақты, оң, нөлдік және теріс болуы мүмкін.

Нүктелерді енгізудің төртінші тәсілі - пернетақтадан полярлық координата түрінде салыстырмалы енгізу. Мысалы: @33.5<45.

Бұл жазба түрінде үтір жоқ, бірақ бұрыштық белгі ретінде интерпретацияланатын "<" символы бар. Бұл мысалда жаңа нүкте алдыңғы нүктеге қатысты беріледі және олардың бір-бірінен жазықтықтағы ара қашықтығы 33,5 мм тең (бұрыш символынан сол жақтағы сан), ал алдыңғы нүктенің векторы абсцисса өсіне оң бағытпен 45 градустық бұрыш тұрғызады (бұрыш өзіміз берген бұрыштық бірлік бойынша өлшенеді). Ара қашықтық міндетті түрде оң болуы қажет, ал бұрыш кез келген сан болуға болады.

Нүктелерді енгізудің бесінші тәсілі –нысанның байланысу функциясы көмегімен жүреді.

AutoCAD жүйесінде примитивтер деп аталатын кез келген сурет қарапайым бөлімдерге бөлінеді. Примитив қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Қарапайым примитивтерге кесінді, шеңбер, доға, эллипс, мәтін және т.б. объектілер, күрделілерге – полилиниялар, штрихтеу, өлшем жатады. Олар Сурет салу (Draw) құралдар тақтасында орналасқан.

 

Сурет 3. Сурет салу (Draw) құралдар тақтасы

Қарапайым примитив: Кесінді

Кесінді тұрғызудың 3 тәсілмен жүзеге асады:

· Сурет салу (Draw) құралдар тақтасындағы батырмасын басу;

· Бұйрық қатарына LINE бұйрығын енгізу;

· Сурет салу мәзірінен Кесінді бұйрығынан таңдау.

Опциясы:

Close (Жабу) –сынған кесіндіні жабу.

Undo (Болдырмау) –соңғы сызылған кесіндіні болдырмау.

From point-қа <ENTER>жауабы: бұл әрекет кесіндінің басын алдыңғы кесінді немесе доғаның соңымен біріктіреді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Координат нүктесін енгізудің қандай тәсілдерін білесіз?

2. AutoCAD –та қандай координат жүйелерінің түрлері қолданылады?

3. Сурет салу бұйрықтары қай мәзірде орналасқан?

4. AutoCAD жүйесінде қарапайым болып не табылады?

 


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Олданушы интерфейсі | Нысандарды байланыстыру.


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн