русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


МАТЕРИАЛДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ


Дата додавання: 2013-12-23; переглядів: 2808.


КАДРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ

ДЕБИТОРЛАРМЕН ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Шығыс кассалық ордерін толтыру.

Банк и кассы – Расходный кассовый ордер мәзір бұйрығын орындаймыз. Ашылған Расходные кассовые ордера терезесінде Действия – Добавить бұйрығының көмегімен Расходный кассовый ордер: Оплата поставщика. Новый терезесін ашамыз.

Құжатты қалыптастыру барысында келесі оперциялар қарастырылған: Оплата поставщику, Возврат денежных средств покупателю, Выдача денежных средств подотчетнику, Выплата заработной платы по ведомостям, Выплата заработной платы работнику, Взнос наличными в банк, Инкассация денежных средств, Расчеты по кредитам и займам с контрагентами, Выплата по исполнительным листам, Прочий расход денежных средств. Экрандық форманың түрі таңдалған операцияға байланысты болады.

Құжатта жабдықтаушы мен С поставщиком түріне жататын келісім шартты таңдау қажет.

Құжатты жауып, өткізу үшін ОК батырмасын басамыз. Бағдарлама қалыптастырған проводкаларды Расходные кассовые ордера терезесінде берілген құжатты ерекшелеп, Перейти Журнал операций (бухгалтерский учет) бұйрығын орындау арқылы қадағалауға болады

Айталық, Альфа ЖШС жұмыскері Алиева Т.О. Астана қаласына іс-сапарға жіберілді. Іс-сапардан келген соң бухгалтерияға ақша құралдарының мақсаттық шығындары туралы есеп берді. Іс-сапарға кетер алдында жұмыскер кассадан 60 000 теңге алды, беру фактісі Шығыс кассалық ордерімен рәсімделді. Банк и касса Авансовый отчет мәзір бұйрығын орындаймыз. Ашылған Авансовые отчеты терезесінде Действия – Добавить бұйрығын орындаймыз. Нәтижесінде Авансовый отчет: Авансовый отчет. Новый терезесі ашылады.

Құжаттың жоғарғы бөлігінен төменірек төрт закладка орналасқан: Авансы, ТМЗ, Оплата, Прочие.

Авансы закладкасы берілген аванс толтырылған шығыс кассалық ордерін көрсету үшін қолданылады. Ашылған Расходные кассовые ордера терезесінде қажетті құжатты таңдаймыз. Егер аванс жұмыскерге берілмесе, Авансы батырмасын қолдану міндетті емес.

Прочие закладкасы іс-сапарлық шығындар мен басқа да шығындар бойынша ақпарат есебі үшін қолданылады. Прочие закладкасын қосып, өріс реквизиттерін толтырамыз.

Бір айта кетерлігі, жұмыс барысында экранда құжаттың бір бөлігі ғана көрінеді, сондықтан оны толықтай толтыру үшін айналым жолақтарын қолданған жөн.

Печать батырмасын басу арқылы құжаттың баспалық формасын экранға және қағазға басып шығаруға болады. Қалыптасқан проводкаларды көру үшін Авансовый отчет: Авансовый отчет. Проведен терезесінде Перейти – Журнал проводок (бухгалтерский учет) бұйрығын орындаймыз.

Ақша құралдарының қозғалысы туралы есептемені (форма №3) түзу (сызықтық) әдіспен алу үшін Отчеты – Регламентированные отчеты Финансовая отчетность Отчет о движении денежных средств (прямой метод) мәзір бұйрығын орындау қажет.

[kgl]
[gl] 8. ДЕБИТОРЛАРМЕН ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ [:]

Дебиторлық берешек – бұл сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштық міндеттемелері. Оларға мыналар жатады:

- алынуға тиісті шоттар;

- алынған вексельдер;

- күмәнді борыш;

- еншілес серіктестердің дебиторлық берешегі;

- өзге де дебиторлық берешек.

Кредиторлық берешек – бұл, ақшалай төлеу, өзге активтерді беру, міндеттемелерді өзгелеремен алмастыру жолымен кәсіпорынның экономикалық ресурстары өтеуге қатыстырылуы мүмкін өткен оқиғалар мен келісімдердің нәтижесі.
Оған мыналар жатады: төлеуге арналған шоттар - келесідей құрылымға ие, тауарлық-материалдық қорларды, құрал-жабдықтарды және қызметтерді несиеге сату, алу бойынша туындайтын міндеттемелер: а) жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы берешек; б) еншілес серіктестерге берешек; в) алынған аванстар – алдағы тауарлар жеткізу мен жұмыстар үшін қол ақшаның түсуінен пайда болатын міндеттемелер; г) бюджетке түсетін салықтар бойынша берешек – бюджетке кірістің белгілі бір бөлігін аудару бойынша кәсіпорынның өзі есептеген міндеттемелер; д) төлеуге арналған дивиденттер – шаруашылық қыземттен алған кірісті бөлу бойынша құрылтайшы алдындағы міндеттеме; е) алдағы кезеңдер кірістері; и) өзге де кредиторлық берешек.

Дебиторлар және кредиторлар тізімі “1С: бухгалтерия” бағдарламысында Негізгі қызмет > Контарагенттер бұйрығын орындағанада көрінеді.

Дебиторлық және кредиторлық борыштар бойынша есеп айырысу операциялары келесі корреспонденцияларда көрінеді:

а) ағымдағы банк шотына сатып алушылардың дебиторлық берешектері кәсіпорынға төленді:

Дт 1030

Кт 1210

б) Кәсіпорынның бюджет алдындағы КТС бойынша берешегі өтелді ағымдағы банк шотынан:

Дт 3110

Кт 1030

Жоғарыда көрсетілген операцияларды компьютерге енгізейік:

- Проводки – Журнал операций – Действия – Добавить командаларын орындайық. Сонда Платежное поручение входящее: Оплата от покупателя. Новый ашылады.

 

[kgl]
[gl] 9. КАДРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ [:]

Кадрлық есеп анықтамалығы ЗарплатаКадрлық есеп бұйрығымен шақырылады. Кадрлық есеп мынадай бөлімшелерден тұрады:
- кадрлық құжаттардың жорналы;
- жұмысқа қабылдау;
- кадрлық орын ауыстыру;
- жұмыстан шығу;
- ұйымның іс сапарлары;
- жеке карточкасы Т2;
- ұйымдағы жұмыскерлердің тізімі;
- қызметтері(должности);
- жұмыстан шығу себептері (ҚР –ң Еңбек туралы заңы );
- жеке тұлғаны куәландырылатын құжаттар.

Басшылық бұйрығымен жұмысқа қабылдауды рәсімдеуКәсіпорын жұмысшыларын сәйкес бұйрықпен рәсімдеу үшін Зарплата – Кадровый учет – Прием на работу мәзір бұйрығын орындаймыз.

Ашылған Приемы на работу в организации терезесінде Действия – Добавить бұйрығын таңдаймыз. Бағдарлама Прием на работу в организацию: Новый диалогтік терезесін ашады. Онда жұмықа қабылданатын жеке тұлға (немесе жеке тұлғалардың тізімі), тебельдік нөмірі, ұйым бөлімшесі, қызметі, еңбекақы көлемі көрсетіледі

Дайындалған жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды (Приказы (распоряжения) о приеме работников на работу) баспаға шығару мүмкіндігі бар

ЖТС, МЗС және ұсталымдар негізінен регламенттелген еңбекақыны есептегеннен кейін автоматты түрде әрбір жұмыскер бойынша қалыптастырылады. ЖТС, МЗС және ұсталымдарды қолмен енгізу үшін Зарплата – Расчет ИПН, ОПВ и удержаний – Добавить бұйрығын орындаймыз.

Расчет ИПН, ОПВ и удержаний құжаты келесі операцияларды орындауға арналған:

• жеке табыс салығының сомаларын есептеп, тіркеу;

• міндетті зейнетақы салымдарының сомаларын есептеп, тіркеу;

• жұмыскерлерден ұсталымдардың сомасын есептеу.

• Құжаттың кестелік бөлігін автоматты түрде (Заполнить батырмасы) немесе қолмен толтырылады. Автоматты түрде кесте ұйыМның барлық жұмыскерлері немесе көрсетілген бөлімше бойынша толтырылады.

Обязательные пенсионые взносы кестелік бөлігін автоматты түрде толтырғанда келесі сипаттағы жұмыскерлер есептелмейді:

• Жұмыскердің азаматтығы туралы мағлұматта Не имеет право на пенсионное обеспечение көрсетілсе (Физические лица анықтамалығы);

• Жұмыскердің зейнетақымен қамтылуы туралы мағлұматта Пенсионер көрсетілсе (Физические лица анықтамалығы);

• Мүгедектігі мерзімсіз бірінші және екінші топтағы мүгедектерге.

• Құжатты толтырып болған соң салықтар мен салымдарды Рассчитать батырмасының көмегімен есептеу керек.

Индивидуальный подоходный налог кестелік бөлігін толтырғанда келесілер ескеріледі:

• Жұмыскердің азаматтығы туралы мағлұматта Не является налоговым рездентом РК көрсетілсе, жұмыскерден ЖТС есептеу барысында салықтық шегерімдер ұсталмайды;

• Жұмыскердің мүгедектігі туралы мағлұмат (Сведения об инвалидности физлиц). І және ІІ топтағы мүгедектер үшін, жастайынан мүгедектің ата-анасы болып табылатын жұмыскерлер үшін шексіз жеңілдік беріледі. ІІІ топтағы жұмыскерлер үшін жылына 240 мәрте айлық есеп көрсеткіші көлемінде жеңілдік беріледі.

• Берілген операцияны орындау үшін Регистрация разовых удержаний работников организаций құжаты толтырылады. Зарплата – Разовые удержания – Добавить бұйрығын таңдаймыз Құжатта келесі мәлімет көрсетіледі:

• жұмыскерлер тізімі;

• ұсталым түрі.

• Кестелік бөліктегі Размер бағанасында таңдалған есептеу түріне байланысты ақша сомасы немесе пайыздық көрсеткіш көрсетілуі мүмкін. Құжат формасындағы Расчитать батырмасы ұсталымдар сомасын автоматты есептеуге арналған. Автоматты есептеу нәтижелері Результат бағанасында көрсетіледі.

 

 

[kgl]
[gl] 10. МАТЕРИАЛДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ [:]

ТМҚ кәсіпорынның ең маңызды активтерінің бірі және түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады. Олар мына жағдайларда кіріске алынуы мүмкін:

- заңды тұлғадан сатып алынғанда;

- құрылтайшылардан салым ретінде берілгенде;

- басқа тұлғадан қайтарымсыз алынғанда;

- шетелдік жеткізушілерден алынғанда;

- өндірістен дайын өнім;

- түгендеу барысында артық шыққанда;

- қызметкерден аванстық есеп беру арқылы.

ТМҚ кіріске алудағы құжаттар:

- шот-фактуралар;

- төлем-талап тапсырмасы;

- тауар-көлік жүк құжаттары.

«1с:Бухгалтерия» бағдарламасында материалдардың келіп түсуін былай көрсетеді.

Основная деятельность – Покупка мәзір бұйрығымен Покупка позициясының ішкі мәзірін ашамыз

Ішкі мәзірде Поступление ТМЗ и услуг, Поступление дополнительных расходов, ГТД по импорту, Доверенность, Возврат ТМЗ поставщику құжаттарын қалыптастыру ға болады

Поступление ТМЗ и услуг (ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі) құжаты Номенклатура анықтамалығына тиісті кез келген материалдық құндылықтың (ТМҚ, негізгі құралдар, қызметтер) келіп түсуі бойынша операцияны рәсімдеу үшін қолданылады.

Поступление дополнительных расходов (Қосымша шығындардың келіп түсуі) құжаты ТМҚ сатып алу және жеткізумен байланысты шығындарды жеке құжатпен рәсімдеу мүмкіндігін береді.

ГТД по импорту құжаты импорттық жүктерді кедендік рәсімдеу құнын көрсету үшін арналған.

Доверенность(Келісім-шарт) құжаты есеп беруші тұлғаға басқа ұйымдардан ТМҚ алуға келісім-шарт рәсімдеу үшін қолданылады.

Возврат ТМЗ поставщику (ТМҚ жабдықтаушыға қайтару) құжаты тауарды жабдықтаушыға қайтаруды көрсету үшін қолданылады.

Поступление ТМЗ и услуг құжатын қарастырамыз. Ашылған сұхбат терезесінде Действия – Добавить бұйрығын орындаймыз. Нәтижесінде жаңадан Поступление ТМЗ и услуг: покупка. Новый терезесі ашылады

 

 

 

 


Бұл – Операция батырмасының көмегімен операция түрін орнатуға болатын көп операциялы құжат. Берілген операция түріне байланысты экрандық форманың құрамы өзгеріп тұрады. Покупка операциясы негізгі құралдардың, ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуін рәсімдеу үшін қолданылады. Тапсырыс берушіден шикізатты алу жағдайы үшін В переработку операциясын қолданған жөн. Импорттық ТМҚ келіп түсуі барысында Импорт операциясын қолданады.

Құжаттың жоғарғы бөлігін толтырайық. Цены и валюты батырмасымен баға типін – Приходная, валюта – KZI орнатамыз. Контрагент өрісінде Контрагенты анықтамалығынан таңдалатын жабдықтаушы көрсетіледі. Склады (места хранения) анықтамалығынан қойма, Договоры контрагентов анықтамалығынан келісім-шарт таңдалады.

Құжаттың кестелік бөлігін толтыру үшін ТМЗ закладкасын қосамыз.

Кестелік бөліктің аспаптар тақтасынан Добавить пиктограммасын басамыз. Бағдарлама кестелік бөлікті толтыру режимін қосады да, ТМҚ әрбір объектісі бойынша оның атауын, санын, бағасын, ҚҚС % және басқа да параметрлерін орнатуды талап етеді.

 
 

 

 


ТМҚ қоймаға келіп түсуін құжат арқылы рәсімдеу. Инвентаризация ТМЗ на складе құжаты негізінде Оприходование ТМЗ құжатын рәсімдеу барысында кестелік бөлік Инвентаризация ТМЗ на складе құжатында көрсетілген мәліметтерге сәйкес толтырылады.

Оприходование ТМЗ құжаты қоймаға тауарлы-материалдық қорлардың келіп түсуін рәсімдеуге арналған. Құжат өткізілген инвентаризация негізінде, сонымен қатар артық тауарлардың келуін рәсімдеу жағдайында еркін құжат ретінде де толтырылуы мүмкін. Құжаттың кестелік бөлігі стандартты түрде – жолдық енгізумен немесе каталог бойынша таңдаумен (Номенклатура анықтамалығы) толтырылады.

Құжатты толтыру үшін Основная деятельнсть – Складские операции – Оприходование ТМЗ бұйрығын орындаймыз. Құжатты толтыру мысалы 1-суретте көрсетілген.

Қойма/ұйым бойынша ТМҚ инвентаризациясын жүргізу.Инвентаризация ТМЗ на складах терезесін Основная деятельнсть – Складские операции – Инвентаризация ТМЗ на складе бұйрығымен шақырамыз. Ашылған терезеде Добавить батырмасын басамыз (2-сурет).

Операция батырмасын басу арқылы инвентаризацияның келесі түрін таңдауға болады:

- ұйым бойынша;

- қойма бойынша.

Инвентаризация ТМЗ на складе құжаты ұйым қоймаларында инвентаризация жүргізу барысында салыстырмалы ведомость пен инвентаризациялық опись қалыптастырып, баспаға шығару үшін қажет.

Берілген құжат негізінде Списание ТМЗ құжатының көмегімен жетіспеушіліктерді есептен шығару актін қалыптастырып, артықшылықтарды Оприходование ТМЗ көмегімен есепке алуға болады.

Құжаттың кестелік бөлігін толтыру үшін Заполнить батырмасын басамыз. Учетное количество бағанын толтырғанда бухгалтериядағы есептік мәліметтер бойынша саны көрсетіледі. Количество бағанында мәндерді нақты қалдықтар есебімен түзету қажет. Құжат проводка қалыптастырмайды. Баспаға шығару үшін Печать батырмасын басамыз

1. ТМҚ орын ауыстыруын рәсімдеу.Перемещение ТМЗ құжаты Основная деятельность - Складские операции - Перемещение ТМЗ мәзір бұйрығымен шақырылады. Құжаттың жоғарғы бөлігінде жіберуші қойма мен қабылдаушы қойма көрсетіледі. Құжаттың кестелік бөлігінде номенклатуралық позициялар мен саны көрсетіледі.

2. ТМҚ есептен шығару.Списание ТМЗ құжаты Основная деятельность - Складские операции - Списание ТМЗ мәзір бұйрығымен шақырылады. Құжат тауарларды есептен шығаруға арналған. Құжатты толтыру стандартты түрде жүргізіледі.

3. Қойма бойынша есептеме құру.Основная деятельность Складские операции – Материальная ведомостьмәзір бұйрығымен есептің түрлі шоттары бойынша материалдық ведомость алуға болады. Настройка батырмасының көмегімен баспалық форманың параметрлерін орнатамыз.

ТМҚ сату бойынша құжаттарды талдау.Основная деятельность – Продажа мәзір бұйрығымен Продажа ішкі мәзірін ашамыз. Ішкі мәзірде келесі құжаттарды толтыру мүмкіндігі бар: Счет на оплату покупателю, Реализация ТМЗ и услуг, Акт об оказании производственных услуг, , Отчет о реализации товаров и услуг (1-сурет).

ТМҚ мен қызметтерді сату.Реализация ТМЗ и услуг құжатын қарастырайық. Действия – Добавить бұйрығын орындаймыз. Нәтижесінде Реализация ТМЗ и услуг. Новый сұхбат терезесі ашылады. Құжаттың жоғарғы бөлігін толтырып, кестелік бөлігінде ТМЗ закладкасын қосамыз. Кестелік бөліктің аспаптар тақтасынан Добавить пиктограммасын шертеміз. Подбор немесе Заполнить батырмаларын қолдана отырып, құжаттың кестелік бөлігін де толтырамыз. Заполнить батырмасын шертіп, құжат-негіз ретінде алдында қалыптастқан төлем шотын таңдаймыз. Нәтижесінде экрандық форма 2-суреттегідей толтырылады.

Записать батырмасын басқаннан кейін Печать батырмасының көмегімен Расходная накладная құжатыншығарамыз. Реализация ТМЗ и Услуг. Продажа терезесінде Ввести счет-фактуру гиперсілтемесін шертсек, Счет-фактура выданный құжатын енгізуге болады (3-сурет).

ОК батырмасымен құжатты сақтап, өткізіп, жабамыз. Проводкалар журналында қалыптасқан проводкаларды тексереміз.

Основная деятельность Продажа – Отчет о реализации мәзір бұйрығымен берілген уақыт аралығына (мысалы, 01.01.2009-31.01.2009) есесптік құжатты шығарамыз (4-сурет).

[kgl]
[gl] 11. ӨНДІРІСКЕ КЕТКЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАЙЫН ӨНІМДІ ШЫҒАРУ. [:]

11. ӨНДІРІСКЕ КЕТКЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАЙЫН ӨНІМДІ ШЫҒАРУ.

Требование-накладная құжатын толтыру. Требование-накладная құжаты ТМҚ қоймадан өндіріске жіберу операциясын рәсімдеуге арналған. Бір құжатта шығындардың келесі түрін көрсетуге болады:

 

 

 


Құжатты толтыру үшін Основная деятельность –Производство – Требование накладная – Добавить бұйрығын таңдаймыз

Дайын өнімді шығаруды рәсімдеу.

Отчет производства за смену құжаты бухгалтерлік есепте келесі операцияларды көрсетуге арналған:

- цехте өндірілген өнімді шығару;

- өндірістік бөлімшенің ішкі қызметі;

- қоймаға өндірістен қайтарылған қалдықтарды есепке алу.

Құжатты толтыру үшін Основная деятельность –Производство – Отчет производства за смену – Добавить батырмасын басамыз

Кәсіпорын шығарған және сатуға арналған дайын өнім мен тауарлар аяқталған, бірақ сатылмаған тауар бірліктеріне жататын шығындар есептік кезеңнің аяғында қорлар бабындағы- 1320-«Дайын өнім» шотында есепке алынады.

Қорлар компания балансында актив ретінде танылады. Кәсіпорынға болашақта экономикалық пайда түсіруін көздейді. Кәсіпорын айналымында болуы үш сатыдан өтеді:

- кіріске алынуы;

- өңдеуден өтуі және өткізуге дайындалуы;

- өткізілуге дайын өнім қалыптасуы және сатылуы.

Дайын өнім халықтан да сатылып алынуы мүмкін. Бұл кезде материалды жауапты тұлға сатып алынған дайын өнімге акті жасайды, онда: сатушының аты - жөні, СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі), дайын өнім түрі, алынған бағасы, жалпы құны көрсетіледі. Осы актіде патенттің (куәлігінің) нөмірі және әрекет ететін мерзімі, қызмет түрі немесе басқа да құжаттары (квитанциясы, бір жолғы талоны) көрсетіледі. Егер де аталған құжаттар болмаса кәсіпорын бюджетке төленетін жеке табыс салығын өзі төлейді.

Дайын өнімді қабылдауға мына құжаттар негіз болып саналады:

- шот - фактура, онда: реттік нөмірі мен күні, жабдықтаушы мен дайын өнімді сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген дайын өнім атаулары мен саны, құны т.б.көрсетіледі;

- тауарлы - транспорттық накладной;

- тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

[kgl]

 

 


[gl] 12. МАТЕРИАЛДЫ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ ЖӘНЕ НИОКР КЕТКЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ [:]


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Ткізілген операцияны тексеру. | С ЕСЕПКЕ АЛУ


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн