русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


Статьи затрат


Дата додавання: 2013-12-23; переглядів: 2001.


С:БУХГАЛТЕРИЯ» ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ РЕЖИМДЕРІ

ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ

С:БУХГАЛТЕРИЯ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ

БУХГАЛТЕРДІҢ АЖО

Устойчивость численного интегрирования

Правило Рунге для оценки погрешности

Метод Рунге – Кутты 4 – го порядка

Это явный метод интегрирования. Расчет ведется по формулам:

.

k1 = F(Xk, tk) – значение правой части (производной) на предыдущем шаге;

k2= F(Xk+0,5hk1, tk+0,5h) – 1-я приближенная оценка производной в середине шага;

k3= F(Xk+0,5hk2, tk+0,5h) – 2-е приближение для производной в середине шага;

k4= F(Xk+hk3, tk+h) –приближенная оценка производной в конце шага.

 

Это метод четвертого порядка. Накопленная погрешность .

 

 

Остаточный член , (1)

- точное решение.

Проводим расчет с меньшим шагом:Получим .

. (2)

Вычтем из (2) (1).

.

Отсюда погрешность: .

Главный член погрешности: .

Часто r = 1/2 , тогда R ≈ ||.

 

 

 

Величина hкр является пределом увеличения шага интегрирования. Она связана с минимальной постоянной времени τмин в исследуемой системе:

hкр = kτмин.

Для метода Эйлера k = 2.

Для метода Рунге – Кутты k = 2.78.

τмин – минимальная постоянная времени в исследуемой системе.

τk = 1/pk.

 

1С жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, ол әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйенің жұмысы мынадай негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: “Оперативтік”, “Бухгалтерлік есеп” және “Есептеу” компоненті.

“Бухгалтерлік есеп” компоненті кәсіпорынның компоненті қызметін қамтиды. Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді. Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және көп деңгейлі есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін. Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі. Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді. Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде енгізе алады.

“Жедел есеп” компоненті – белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық операцияларды басқаруға арналған. Бұл компоненттің негізі қалдықтар немесе айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер болып есептеледі. Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы Кіріс және Шығыс сияқты екі тәсілмен туындауы мүмкін, сонымен қатар бұл ереже тіркелімнің барлық ресурстары үшін орындалуы тиіс. Сонымен қалдықтар тіркелімі кірістелетін және шығысталатын ресурстар бойынша балансты бейнелеп қана қоймай, оның “Жедел есеп” компонентінің негізгі тетігі болып табылады. Барлық құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі іс-әрекеттер тізбегін қайталайтынбірыңғай хронологиялық тізбекті құрайды. Құжаттың басқа құжаттарға қатысты жайғасымы күнімен, уақытымен, сонымен қатар құжаттар тізбегінің бір күндегі бір уақытымен белгілеу қосымша шамасымен анықталады. Құжаттарды “кейінгі күнмен” өткізу және түзету ерекше факт болып есептеледі және белгілі бір ережелер бойынша орындалады. “Жедел есеп” компонентінен оның кез келген күрделі есепті және кәсіпорынның экономикалық қызметінің әр бөлігі бойынша құрылымын ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көруге болады. “Есептеу” компоненті арнайы алгоритмдер бойынша кезеңдік есептемені орындайды. Бұл компоненттің негізі болып, кезеңдік есеп беру деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталатын қорытынды есеп журналы болып табылады. Қорытынды есеп журналына міндетті түрде есеп беру объектісі немесе басқа да анықтамалықтар жатады. Бұл анықтамалық бойынша есеп жүргізілетін объектілер түрі анықталады. Журналдағы жол бір күннен бір жылға дейінгі кез келген кезең үшін анықтамалықтағы бір объекті бойынша қорытынды есеп беруді бейнелейді. Ақпаратты енгізудің қолайлылығы ескеріледі. Құжаттарды толтырғанда алдын ала қойылған параметр арқылы немесе сәйкес анықтамалықтан таңдау арқылы мәндерді енгізу жүзеге асырылады. Бір анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше түріне қатысуы мүмкін, онда ол үшін бірнеше журнал құрылады. Конфигурациялау сатысында икемделген есептеме журналдарының саны шектеусіз және шешілуге қажетті есептер санымен анықталады. Әр журналға күрделі өз алгоритмі сәйкес келеді. Нақты алгоритмді сипаттау үшін “есептеу түрі” ұғымы енгізілген. Компоненттегі есептеу түрінің саны да шектелмеген. Есептеу алгоритмі арнайы тіл көмегімен сипатталады. Есептеу түрлеріне мысалы ретінде, “айлықты есептеу”, “табыс салығын” немесе “өтелімді(амортизацияны)” айтуға болады. Есептеудің бірнеше түрлерін қандай да бір белгі арқылы біріктіру үшін “есептеу тобы” деген ұғым енгізілген. Есептеу тобына мысалы, - “салық салынатын есептеулер”, “орташа жалақыны есептеуге енетіндер” және басқалар жатады.

Жүйенің негізгі мүмкіндіктері:

1С: Бухгалтерия жүйесі бухгалтерлік есептің барлық бөлімінде қолданылады:

- банк және касса есебі;

- негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі;

- тауарлар есебі, өнім өндіру және қызмет көрсету;

- валюталық операциялар есебі;

- ұйымдармен, алашақтармен, берешектермен, есеп беруші тұлғалармен өзара есеп айырысу есебі;

- еңбекақы бойынша есеп айырысу;

- бюджетпен есеп айырысу;

- есептің басқа бөлігі;

Басқа да есеп жүргізу үшін өте икемді:

- көп деңгейлі шоттар жоспарымен жинақтамалы есеп жүргізу;

- бірнеше шоттар жоспарымен жұмыс істеу;

- валюталық есеп;

- көп деңгейлі талдамалы есеп;

- өлшеміне байланысты көп деңгейлі талдамалы есеп;

- сандық есеп;

- бір деректер базасымен бірнеше кәсіпорындарда есеп жүргізу (желілік).

Программаға ақпараттарды енгізу бірнеше режимде:

- қолмен енгізу режимі;

- типтік операциялар режимі;

- құжаттау режимі арқылы жүргізіледі.

Программа жеке немесе желі бойынша жұмыс істейді. Әр түрлі объектілерімен бір уақытта жұмыс істеу үшін қолайлы көп терезелі интерфейспен қамтамасыз етілген. Тізімдегі операция алфавит бойынша реттелген. Есептің қалған бөліктерінде, мысалы, валюталық есеп, қосалқы шоттар бойынша есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі. Жүйеде әр түрлі валюталармен жұмыс жасау қарастырылған. Валюта түрлері мен валюта курстары бойынша анықтамалық жасалған. [kgl]


[gl] 2. «1С:БУХГАЛТЕРИЯ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ [:]

«1С:Бухгалтерия бағдарламасы бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге және де сауда, қызмет көрсету және өндіріс саласымен айналысатын кәсіпорындардың есептіліктерін дайындауға арналған

Бағдарлама кәсіпорындарда мынадай есептерді жүргізуге мүмкіндік береді:

- Бағдарлама кәсіпорындарда мынадай есептерді жүргізуге мүмкіндік береді: Бірнеше кәсіпорынның есептілігін жүргізу

- Тауарлы-материалдық қорлардың есебі Складской учет

- Сауда операцияларының есебі

- Банктік және кассалық операциялар есебі

- Контрагентермен есеп айырысу есебі

- Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі

- Негізгі және көмекші өндіріс есебі

- Жартылай фабрикаттар есебі

- Жанама шығындар есебі

- Еңбекақы және кадрлық есеп

- ҚҚС есебі

- Салық есебі

- Ай соңындағы операциялар

- Типтік операциялар

- Стандарттық бухгалтерлік есеп берулер

- Регламенттелген есеп беру

Таурлы-материалдық қорлар есебі.

Тауарлы-материалдық қорларды есепке алатын кәсіпорындарда тауарлы-материалдық қорларды бағалаудың келесі әдістері қолданылады:

- Өзіндік құнды орташа бағалау әдісі

- Бірінші келіп түскен тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнымен ФИФО әдісі

- Ерекше сәйкестендіру әдісі

Қойма есебі.

- Қоймада сандық және сандық сомалық есеп жүргізілуі мүмкін.

- 1С:Бухгалтерияда түгендеу бойынша мәліметтер тіркелген олар автоматты түрде есеп мәліметтерімен салыстырылып отырады.Түгендеу кезінде қанша жетпей қалды және қанша артық қалды.

Сауда опреацияларының есебі.

- Тауарлар мен қызметтердің келіп түсу есебі автоматтандырылғын. Тауарды сатқанда төленуге тиіс шоттар жазылады, накладнойлар мен счет-фактуралар толтырылады. Көтерме сауда бойынша операциялар сатып алушылар мен жабдықтаушылармен келісім шарт негізінде жүзеге асады. 1С:Бухгалтерияда бірнеше баға түрлерін қолдануға болады мысалы көтерме, ұсақ көтерме, бөлшек және сатып алу бағасы. Бұл келіп түскен тауарларды есепке алуды жеңілтетеді.

Банктік және кассалық операциялар есебі.

- Қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз ақша құралдары және валюта бойынша есептер жүргізіледі.

- Төлем талап тапсырмалар, кіріс және шығыс кассалық ордерлерді толтыруды жүзеге асырады. Осы кассалық құжаттар бойынша кассалық кітап жүргізіледі.

- Жабдықтаушылар мен сатып алушылармен есеп айырысу автомматандырылған.

Контрагенттермен есеп айырысу есебі.

-Жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есеп айырысу тенге және шетел валютасы бойынша жүргізіледі. Курстық және сома бойынша айырмашылықтар автоматты түрде есептеледі.

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі. Есеп беру бойынша негізгі операциялар автоматтандырылған: келіп түсуі, есепке алу, амортизация есептеу, есептен шығару және түгендеу.

Негізгі және көмекші өндіріс есебі. Негізгі және көмекші өндірісте шығаратын тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын есептеу автоматтандырылған.

Еңбекақы және кадрлық есеп. Кәсіпорын жұмысшыларына еңбеақы есептеу автоматтандырылған

ҚҚС есебі. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысқанда сатып алған тауарлар мен қызметтердің құнына кіретін қосылған құн салығы түрін төлеу автоматтандырылған.

Салық есебі табысқа салық. Корпоративтік табыс салығын есптеу үшін арнайы «Корпоративтік табыс салығы » деген шот жоспары бар. Осы салық есебі бойынша автоматты түрде салық регистрлері және корпоративтік табыс салығы бойынша декларация дайындалады.

Отчеттер. Стандартты, регламенттелген, арнайы отчеттер. Қалдық-айналым ведомосі, проводкалар, бухгалтерлік шахматка, журнал-ордер, карточка счета,субконто бойынша шот, субконто арасындағы айналымдар, проводкалар бойынша есеп берулер, диаграмма.

Анықтамалар. Анықтама түрлері : негізігі,көмекші, классификаторлар.

«1С: Бухгалтерия 8.0 для Казахстана» бағдарламасының типтік конфигурациясы жаңа буынның ХҚЕС –ке негізделіп қызмет ететін барлық кәсіпорындарда бухгалтерлік және салық есебін автоматтандырудың әмбебап жүйесі болып табылады. Бұл бағдарламаны «1С» фирмасы және «Слава ВЦ» (Алматы қ.), «Рейтинг» орталығымен (Өскемен қ.) 1996-2006 жж аралығында зерттеп дайындалған.

Шаруашылық операциялар журналының маңызы – яғни мұнда кәсіпорында орындалған барлық операциялар түрлері үнемі көрсетіліп тұрады. Шаруашылық операциялар журналына өту үшін келесі әрекеттерді орындаймыз: Басты мәзірде “Проводки” командасында тиісті жолды таңдаймыз

 

 

Көріп отырғанымыздай “Журнал операций” терезесі пайда болды. Бұл терезеде есептің екі түрі көрсетілген, яғни бухгалтерлік және салық есебі.

Бухгалтерлік есепке қатысты әрекеттерді қарастырайық. Келесі қадамда әдетте біз операцияларды енгіземіз. Ол үшін мәзір жолындағы “Действия” командасына өтеміз

Бұл жерде өзімізге қажетті команданы таңдап, жұмысымызды жалғастыруымызға болады.

Әдетте операция қосатын болсақ, “Добавить” командасын таңдаймыз.

Терезе пайда болады. Бұл терезеде алдын-ала Операциялар түрі енгізілген тізім көрсетілген. Соның ішінен сәйкес операция түрін таңдап, “ОК” батырмасын шертеміз.

Операция түрін таңдағаннан кейін сол операция бойынша дәлдеу, өзгерту секілді әрекеттерді орындап, тиісті ұяшықтарды толтырамыз.

Салық есебінде де осы типтес әрекеттер орындалады.

[kgl]


[gl] 3. ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ [:]

«Ұйымдар» бөлімшесі бір кәсіпорынның кұрамына кіретін ұйымдар тізімін жүргізу және осы ұйымдар туралы ақпараттың сақталуы үшін қолданылады.

Мұнда кәсіпорынмен бірігіп істейтін ұйымдар тізімі тұрады.

Егер жаңадан кәсіпорын қосатын болсақ, онда Предприятие- Организации- Добавить батырмасын басамыз.

Мәзір жолындағы Предприятие командасында- Подразделение организации деген бөлімі бар. Мұнда ұйым ішіндегі бөлімшелер тізімі тұрады.

Жаңадан ұйым бөлімшесін қосатын болсақ Подразделение организации- Добавить батырмасын басамыз.

Предприятие - Ответственные лица организации командасы ұйымға және де ұйым бөлімшелеріне жауапты тұлғаларын енгізуге болады.

Контрагенты Анықтамалығын толтыру

Анықтамалықты ашу үшін Негізгі қызмет (Основная деятельность) менюінің Контрагенты пунктін таңдаймыз.

немесе

Ашылған терезеде батырмасын басып, мысалы, Универсам элементін енгіземіз

Терезенің төменгі бөлігі үш бөлімнен тұрады: “Общие”, “Контакты”, “Счета и договоры”. Осылардың әрбіреуінің терезе құрылымы төмендегідей

“Общие” бөлімін толтыру

“Контакты” реквизиттерін енгізу

“Счета и договоры” бөлімінің реквизиттерін енгізу

“Жеке тұлға” мәліметтерін енгізудің өзіндік ерекшеліктері бар

Сәйкес жолда контрагент “Заңды тұлға” екендігі көрсетілсе, онда “Общие” бөліміндегі көрсеткіштер құрамы өзгереді

“Жеке тұлға” контрагентін толтыру үлгісі

 

[kgl]
[gl] 4. «1С:БУХГАЛТЕРИЯ» ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ РЕЖИМДЕРІ [:]

Анықтамалықтың екідеңгейлі құрылымы

 

Операции ® справочник

Ақпараттық базаны алғаш жүктегенде жүйе автоматты түрде константаларды, кейбір анықтамалықтар мен классификаторларды автоматты түрде толтырады. Қажет болған жағдайда анықтамалықтарға қажетті жазбалар енгізуге болады.

Мысалы, Валюты анықтамалығында алғашында тек қазақстандық теңге мен евро ғана болады.

Подбор батырмасын қолданып, анықтамалыққа валюталар классификаторынан жаңа валюта енгізуге болады (мысалы, Неміс маркасы). Диалог режимінде (Действия –Редактировать в диалоге) қосылған валюта атауын, бүтін және бөлшек бөліктеріне жазу параметрлерін, валютаның курсын орнатуға болады.

Дұрыс есеп үшін анықтамалықтарды дұрыс әрі уақытымен толтырған жөн. Есеп алдында бақылап шығуды қажет ететін кейбір анықтамалықтарды қарастырайық.

Статьи затрат анықтамалығы Операции Справочники Статьи затрат немесе Основная деятельность Статьи затрат мәзір бұйрығымен шақырылады. Бұл анықтамалық бухгалтер тұрғысынан өте қажет, өйткені оның қатысуымен өзіндік құн көрсеткіштері анықталады. Анықтамалыққа енгізілген шығындар статьялары олардың шығындардың түрлі бөлімдері бойынша есебі үшін арналған. Сондықтан ол ұйымның жауапты тұлғасымен тексеріліп, негізсіз өзгертулерден сақталуы керек.


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Призначення оболонки NC . | Ткізілген операцияны тексеру.


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн